Инклюзивті білім беруде ЖИ қолданылады

Енді ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үшін жасанды интеллект пайдаланылады. Елордада 150-ден астам педагог бас қосып, түрлі шеберлік сабақтар аясында өзара тәжірибе алмастырды, деп хабарлайды 24KZ.

Екі күнге созылған іс-шарада цифрлық технологиялар мен ақылды зерденің ерекше балаларға қалай оң әсер ететіні сөз болды. Сондай-ақ инклюзивті білім беру барысында қолданылатын заманауи оқыту әдістері таныстырылды. Бүгінде Астанада мұндай балаларға арналған 120 мектеп болса, оның 85-інде инклюзияны қолдау кабинеті бар. Ол оқушылардың ортаға тез бейімделуіне сеп. Ерекше балаларға арналған мектептерде қазір 4 жарым мыңға жуық жасөспірім білім алып жатыр.

Мәншүк Маратқызы, Астана қаласы әкімдігі «Әдістемелік орталығы» жанындағы арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы:

– Астана қаласында ұйымдастырылып жатқан өте керемет жұмыстар бар. Соның ішінде 92 мектептің педагогтері, арнайы білім беру ұйымдары, ПМПК, КМПК, оңалту орталықтарының педагогтері өзінің тәжірибиесімен бөлісіп жатыр. Сонымен қатар тек балаларға емес, бұл жерде ата-аналарға да көмек көрсету керек. Сондықтан ата-аналарға да әдістемелік жағынан көмек көрсету, ұсыныстар беру мақсатында жиналып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: