369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана ақшамы» үнсіз отыратын депутаттарға шүйлікті

  • 413
  • UPD: 12:02, 04.09.2018

«Астана ақшамы» Шерхан Мұртазаның ізбасарларын «іздеуге салды».

Анау-мынау жерде емес, Парламент қабырғасынан іздеп жатыр. Басылымда «Шерағаның ізбасарлары қайда? немесе депутаттар үнсіз отырмаса екен...» деген мақала жарыққа шықты. Мәні мынада. Бір кездері халық пен Үкімет арасында «алтын көпір» болған Парламент қазір өзінің сол қасиетін әлсіретіп қойғанын алға тартып отыр. Мақаланы оқысаң, жазған журналист қыңқ етіп үн қатпаған депутаттарға ашулы секілді. Тақырыпты жалғастырмас бұрын әуелі сол бір материалдан үзінді.

«Соңғы кезде Елбасы өз бастамасымен көп өкілеттікті осы Парламентке жүктеді ғой. Ел мен Елбасы сенімі неге олардың жігерін жани түспейді? Ел неге қазіргі депутаттардың атын білмейді? Неге олар халықты жігерлендіретін, қоғамды өркендететін, елдің санасына сәуле түсіретін, атқарушы билікті қалғып бара жатса, түртіп оятып, тиімді жұмыс істеуге шақыратын отты сөз айта алмайды».

«Астана ақшамы» 2000 жылдардың басы Парламенттің дүркіреп тұрған кезі, «күшіне мінген» шағы деп жазады. Сол кездегі депутаттар Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Әбіл Кекілбаевтар Мәжілістің беделін биіктетіп отырушы еді деп жазып, айтқанды құптап, бас изей салатын қазіргі кейбір депутаттарға ренжіп отыр мақала авторы.

«Сенат пен Мәжілістегі жапы 157 депутат арасынан Шер-ағамыздай немесе Айталыдай айбарлы азамат көрінбей жүргені неліктен? Әйтпесе олардың құрамын осал дей алмайсың, бұрынғы министр де, әкім де, прокурор, сот та осында отыр. Әлде үндемеймін деп уәде бергендерді ғана партиялар Парламентке өткізе ме»?

«Десе де басылым әріптестерінен қара үзіп шығып, Үкіметке халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген депутаттар жоқ емес», – бар дейді. Сөйтіп сондайлардың бірқатарына тізіп жазыпты. Араларында Сенаттан Мұрат Бақтиярұлы, Сәуле Айтпаева, Мәжілістен Азат Перуашев, Владислав Косарев, Меруерт Қазбекова бар.

«Қазақ үні» газеті ұлт зиялыларының Премьер-Министрге жолдаған хатын жариялапты. Жазушы Дулат Исабеков, қоғам қайраткері Амангелді Айталы бастаған бір топ зиялылардың жолдауында «қазақтың «І» әрпін қайтарып, екі диграфты өзгерту керек» деп жазылған. Айтпақшы, мақаланың тақырыбы да осы. Әуелі «І» әрпі туралы. Қазақша И, Й және І әріптерінің бас әрпі латын графикасындағы бір ғана «І» таңбасымен таңбаланады. «Сонда «ІЙІЛ» деген сөзді латынша жазғанда, IIIL болып, 4 әріптің үшеуінде бір әріп қайталанғанда, кім не түсінеді?» деп жазылған басылымда. Ізет деген адам атын «Изет» деп оқимыз ба, Ізіт деп оқимыз ба. Ал қазақтың Ізгі деген «Ізгі» сөзі ертең ИЗГИ болып жоғалып кетпей ме?

Енді Ш мен Ч-ны белгілейтін диграфтар туралы. Ш-ны былай таңбалауды, ал Ч әрпін мүлдем алып тастауды ұсынып отыр.

Авторы: Жасын Біркенов

Осы категория бойынша: « Қытайлық қандастарымыз үшін Шыңжаңнан тіркеуден шығу қиындап кетті Еліміздің оңтүстік аймақтарынан солтүстікке 408 отбасы көшкен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы