364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің оңтүстік аймақтарынан солтүстікке 408 отбасы көшкен

  • 340
  • UPD: 11:39, 05.09.2018

Елімізде 101 мыңнан астам студентке жатақхана бұйырмай отыр. Бұл туралы «Айқын» газетінде жазылған.

Бір ғана Алматының өзінде 24 мыңнан астам студентке жатақхана керек. Ал Астанада 17 мың студент пәтер жағалап жүрсе, Түркістан облысы бойынша 11 мың орын жетіспейді. 

- Елбасы алдағы 4 жылда 75 мың орынды жатақхана салуды тапсырған болатын. Енді бұл міндет қалай жүзеге асырылмақ? «Айқын» бұл жөнінде не жазды?

- Жатақханалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік принципі бойынша салынады. Яғни мемлекет студенттер үйін салуға бизнесті тартып, екіжақты әріптестік негізінде жұмыс істейді. Сіз айтып отырған 75 мың орынды жатақханалар тұрғызу үшін ел қазынасынан 150 млрд теңге бөлінбек. «Жатақхана салынып біткен соң, мемлекет әрбір жатын орынға кеткен инвестициялық шығынды кезең-кезеңімен төлеп отырады», делінген басылымда. Алайда сарапшылар оқу орындарының бәріне инвестор таба алмай қиналамыз ба деп алаңдайды. Бұл мақала үшін сұхбат берген Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшановтың сөйлеген сөзінен үзіндіні назарларыңызға ұсынамыз.

«Қаражаты аздау, инвесторы жоқ аймақтардағы оқу орындарының жағдайы қиындау. Кейбір инвесторлар салынған нысан біздің меншігімізге өтсін деп талап қойып отыр. Алайда МЖӘ ережесі бойынша жатақхана мемлекеттің меншігінде қалуы тиіс».

Жатақхана жайы жастарды алаңдатпай қоймайды. Барар жері, басар тауы жоқ студенттер білімнен бұрын бүгін баспана іздеп сандалып жүргені рас.

Қозғал, халқым, солтүстікке. «Астана ақшамы» газеті халқы тығыз қоныстанған, саны көп түстіктен теріскейге қоныс аудару мәселесін көтерді. Басылымда жазылған мәліметтерге сенсек, былтыр солтүстік облыстарға 408 отбасы көшіп барған. Соның 65 пайызы ауылды аймақты таңдапты. «Алайда көшке ілескендердің  бәрінің айы оңынан туып, ойлаған мұратына жетпеді» деп жазады баспасөз құралы. Дәлел ретінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы Краснознаменное ауылына көшіп барған Айдынбек Қыдырбаевтың сөзін келтіреді.

«Келе сала ауылда бос тұрған үйге кірдік. Жарығы, газы жоқ. Амалсыздан далаға от жағып, тамақ пісіреміз. Көшерпұлға берілген 330 мың теңгені жол шығынына жұмсадық. Жергілікті билік маған 25-30 мың теңге алатын жұмыс ұсынды. Отбасымды асырауға 30 мың теңге жете ме?»

Осы облысқа биылғы жылдың басынан 203 адам қоныс аударған. Бір өкініштісі, еңбекке жарамды 89 адамның 26-сы ғана жұмыс тауыпты. Бұл өңірге жыл соңына дейін тағы 767 отбасын көшіру жоспарланғанын ескерсек, мәселенің оңай әрі тез шешілетініне күмән көп, деп жазады «Астана ақшамы».

Алматыға заңсыз келетін келімсектер көбейіп барады. «Алматы ақшамы» оңтүстік астанаға ағылған гастербайтерлер саны өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Газеттің бесінші бетін ашсаңыз, шілде «Көші-қон» жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз еңбек етіп жүрген 1065 шетел азаматы ұсталғанын оқуға болады. Бұған дейін «Оңтүстік Қазақстан» газеті де еліміздегі гастербайтерлердің жайы туралы жазған болатын. Баспасөз мынадай статистика келтірді. Шетелден келіп, Қазақстанда ресми еңбек етіп жүрген азаматтардың саны 40 мың. Енді олардың ең төменгі жалақысы 60 мың теңге деп санасақ, келімсектер айына 2 млрд 400 млн теңге жинап әкетеді екен. Демек, елімізде жүрген 700 мың мигрант салық төлемейді. Бұл ел экономикасынан қаншама қаражат сыртқа кетіп жатыр деген сөз.

Шымкентте араздасқан ағайынды сотқа сандалтпай, дауды келісім арқылы шешу жолын тапты. Мегаполисте татуластыру орталығы ашылды. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың мәліметтеріне қарағанда өткен алты айда бірінші сатыдағы соттар 1,8 млн іс пен материалдарды қараған. Демек, осынша адам сот әуресімен жүр деген сөз.

Осы категория бойынша: « «Астана ақшамы» үнсіз отыратын депутаттарға шүйлікті Жыл басынан бері елімізде 3 терактінің жолы кесілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы