365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға қымбатшылық толқыны қайдан келді?

  • 601
  • UPD: 10:56, 11.09.2018

«Жеңіс Қасымбек туған жеріне жеңіл көлікпен барса ғой…». «Жас Алашта» дәл осы тақырыпта мақала шықты.

«Әттең-әттең, министр Жеңіс Қасымбек туған жері – Жамбыл облысының Шу ауданына жеңіл көлікпен барса ғой. Ең болмағанда пойызбен барса… Сонда білер еді, Астанадан Таразға дейін баратын көлік жолы мен теміржолдың жағдайының қандай бейшара күйде екенін». Газетте дәл осылай жазылған екен.

«Шудың тұсында вагондар неге аударыла беретінін, Бурылбайталдан Шуға, Шудан Меркіге жеткенше ескі жолдың тек жұрнағы ғана қалғанын өз көзімен көріп, жүрегін ұстап қайтар еді».

«Бірақ өкінішке қарай, министрлер алысқа тек аспанмен ғана барады ғой. Олар ұшақтың оймақтай терезесінен жерге де, жолға да көз салып қарамаса керек. Қараған күнде де соншама биіктен не көреді дейсіз…» деген екен автор. 

«Елімізде жанармай, дәрі мен киім-кешек қымбаттап кетті. Алдағы екі жылда инфляция деңгейі қатты көтеріледі деген болжамдар да айтылуда». Осындай мазмұнда «Қымбатшылық қыспағы» тақырыбымен «Қазақ үнінде» мақала шықты.

- Жанармай, киім-кешек өзге де тұтыну заттары нақты қанша пайызға қымбаттаған? Нақты сандар бар ма?

Тілші бұл сұрақты да қамтыған екен мақаласында. Газеттен үзінді. 

«Мәселен, әуе билеттері 18,6 дизель отыны 17 пайызға қымбаттады. Киім-кешек те арзан дүние болмай барады. Бір аяқ киімнің өзі шамамен 6 пайызға қымбаттаған. Дәрі-дәрмек пен тұрмыстық заттардың құны да өсіп барады».

Нарықтың осынша құбылуына кім кінәлі? Автордың айтуынша, бұл орайда Ресейге салынған санкция бәріне сылтау бола береді-міс. Бірақ, мәселенің екінші жағы да бар.

«Әрине, Ресейге келетін инвестицияның қысқаруы, рубльдің құлдырауы біздің импорттық өнімдерімізбен теңгеміздің тағдырына әсер етпей қоймайтыны белгілі. Дегенмен, ұлттық компаниялар осыны сылтау қылып, өтірік бағаны көтермесе, инфляция дәлізін 4-6 пайыз деңгейінде сақтап қалуға болар еді», – дейді экономика сарапшысы Жангелді Шымшықов».

Осылайша газет экономистің сөзін келтірген екен. «Ал Монополияға қарсы комитет немесе тұтынушылар құқығын қорғау комитеті дегендер жағдайды ретке келтіруге шамасы жетпей отыр. Сондықтан, олардың құзыретін кеңейтіп, тікелей президентке бағынатындай қылу керек» дегенді автор қоса жазған екен мақаласында.

Осы категория бойынша: « Жастардың ауылға деген ынтызарын арттыру қажет Қызу талқыға түскен Қырғызстандағы көкпар. Бекболат Тілеуханның жауабы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы