374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқулық дауы. Қыркүйек vs қыргүйек

  • 790
  • UPD: 14:30, 12.09.2018

Қыркүйек пе, қыргүйек пе? Бастауыш мектеп оқулығына осыған қатысты дау шықты.

Бұл туралы «Қазақ үні» жазған екен. Оқу жылы басталғалы 2-сыныптың ата-аналары қыркүйек айының жазылуына бастары қатып жатыр. Себебі жаңа оқулықтағы ай атында «к-нің» орнын «г» басқан. Бұл кітапта «көГөніс», «шеГара» деген қателер де бар. Осындай ережелерді бекіткен оқулық «Гризонт» баспасынан жарық көргенін айтады автор. Өз кезегінде лингвистер: «Сөздер қалай айтылса, солай жазылуы тиіс» деген ойда екен. Ал депутат Бақтияр Мәкен мұндай өзгерістің мүлдем ақылға қонбайтынын айтады.

«Қыркүйек» – бұрыннан «қыркүйек». Солай боп қала береді. Балалардың басын ауыртпайық. Онсыз да ҰБТ-мен миларын ашытамыз».

 

«7-20-25» неге аяңдап қалды?

Әлгінде ғана осы тақырыпта «Айқында» сараптамалық мақала жарыққа шықты. Автордың айтуынша, «ипотекалық несие пайызы 7 пайызға түссе, баспана алуға өтініш берушілер күрт көбейеді» деген үміт ақталмады. Әсіресе, бұл бағдарлама өңірлерде өрге баспай тұр. Себебі «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие тек жаңа үйлерге беріледі. Ал аймақта жаңадан салынған үй жоқтың қасы.

«Аймақтарда «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырған фактордың бірі – тұрғын үй нарығындағы жаңа үйлердің жетіспеуі. Өйткені дәл осы бағдарлама бойынша жаңадан салынған үйлерге ғана несие беріледі. Ал аймақта жаңа үйлер жетіспейді. Мұның бір себебі – құрылысшылар. Олар көп жағдайда тұрғын үйлерді құрылыстың бастапқы кезеңінде, яғни пайдалануға берілмей тұрғанда-ақ сатып жібереді. Екінші себебі, жеке құрылыс компаниялары Астана мен Алматыда коммерциялық тұрғын үйлер салғанды жөн көреді, олар мұнда олжалы отырғанда, аймақтарға баруға мүдделі емес»

Оның үстіне үйдің құны да қымбаттап кеткен. Білесіз, Шымкент жуырда ғана республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды. Осыдан соң бұл қаладағы баспананың шекті құны 15 млн теңгеден 25 млн теңгеге ұлғайтылыпты. Айтпақшы «7-20-25» бағдарламасы бойынша тек бірінші тұрғын үй нарығындағы, яғни жаңа баспананы сатып алуға болады. «Баспана» компаниясы осыны ескере отырып, «7-20-25» бағдарламасынан бөлек, екінші тұрғын үй нарығындағы баспананы несиелеуге бағытталған арнайы жоба әзірлепті. «Бұл бағдарлама «Баспана хит» деп аталады. Мұның бастапқы жарнасы 20 пайызды құрайды, жылдық мөлшерлемесі – Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі – 1,75%. Несие мерзімі 15 жылға дейін. Яғни осы арқылы бұрынғы үйлерді де алуға мүмкіндік бар.

Авторы: Қорған Төреқожа

 

Осы категория бойынша: « Қызу талқыға түскен Қырғызстандағы көкпар. Бекболат Тілеуханның жауабы Әкімдіктен қайыр жоқ: Ақтөбе облысындағы халық неге наразы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы