364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әкімдіктен қайыр жоқ: Ақтөбе облысындағы халық неге наразы

  • 179
  • UPD: 18:56, 18.09.2018

Бұл туралы «Айқын» жазады. Басылымның мәліметінше, ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді.

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес еліміздің энергия кәсіпорындарының жылыту маусымына дайындық жұмыстары ұйымдастырылған түрде жүргізіліп жатыр әрі аяқталуға жақын.

Қанат Байытов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:

- Көмірдің өңірлерге жеткізілуі апта сайын бақыланып отыр. Бүгінде барлық аймақ көмірмен қамтылды. Мысалы, Астана қаласында көмір сатылатын 8 орын бар. Әр аймақта көмірдің бағасын реттейтін арнайы штаб та құрылды.

Басылым жазғандай, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байытовтың айтуынша, «Халық арасында Шұбаркөл, Қаражыра, Майкөбе көміріне сұраныс жоғары. Қазір біз көмірдің кен орнынан сатушыға дейін бірқалыпты кестемен жетуін қадағалап отырмыз. Сатушылармен көмірді жеткізу тарифінің қымбаттамауы жөнінде меморандумға қол қойылады. баға қатал қадағаланады».

 

Шекара шебіндегі түйткілдер шешімін табады

Әлгінде «Егемен Қазақстанда» осы тақырыпта мақала шықты. Басылымның мәлеметінше, шекара маңындағы елдімекен тұрғындарының жағдай алаңдатарлық Себебі кейінгі 5 жылда шығыстағы бір ғана Күршім ауданында 5 мектеп амалдың жоқтығынан жабылғаны айтылыпты. Мұндай шағын комплектілі мектептер еліміздің шекаралық аймақтарының бәрінде жабылып жатқаны жасырын емес. Мақаладан үзінді.

«Шығыс Қазақстан аумағындағы мемлекеттік шекара 1 мың 189 шақырымды құрайды. Шығыс бағытында 101 әскери құрылымдар бар болса, осының 51-і Шығыс облыста орын тепкен. Қазіргі уақытта өңірде үш шекара қызметі жұмыс істейді. «Елдің шебін қорғау қаншалықты маңызға ие екендігі айтпаса да түсінікті. Алайда соңғы 5 жыл көлемінде шекарадағы нысандарды қаржыландыруға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей отыр. Елбасы Жарлығымен бекітілген кешенді жоспар өз деңгейінде орындалмай келеді. Жоғарыда аталған Шығыс Қазақстандағы 51 шекара заставаларының көпшілігі 1920-1970-жылдары салынған».

«Ғимараттар күрделі жөндеуді қажет етеді. Шекара заставаларын сумен қамту, электр қуатымен жабдықтау тұрғысында да мәселелер бар. Шекарадағы әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін жобалық-сметалық құжаттарымызды әзірлеп, 2019-2020 жылдарға бюджеттік өтінім бергенбіз. Бірақ әзірге қолдау таппай отыр. Осыған Үкімет тарапынан көмек көрсетілуін сұраймыз», – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дархан Ділманов. Ал өз кезегінде Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бұл мәселені Сенатта талқылайтынын жеткізіп, реттеу керектігін айтты.

 

Әкімдіктен қайыр жоқ: Ақтөбе облысындағы халық неге наразы

«Қазақ үнінде» осы тақырыпта сыни мақала шыққан екен. Басылымның мәліметінше, Ақтөбе облысы Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында бес қабатты үйдің кәріз құбыры істен шығып, лас су далаға ағып жатыр. Тұрғындар жергілікті билік тарапынан қайыр болмай отырғанын айтады.

«60 пәтерлі үйдің жертөлелері нәжіс суына толып, лай су тіпті сыртқа ағып жатыр. Әкімдікке жолықтық. Алайда үй жекеменшіктерінде «өздерің жөндеп алыңдар» дегенге саятын жауап қатты. Есептеп қарасақ, жөндеу жұмыстарына 1 млн 300 мың теңге керек екен. Әр отбасы шамамен 22 мыңнан жинауы тиіс. Алайда, тұрғындардың барлығы бірдей мұндай соманы тауып бере алмай отыр. Ал лас су болса, бізді тұншықтырып барады».

«Басылымның мәліметінше, әкімдік өкілдері халықтың мұына тіпті құлақ аспаған. Тұрғындардың уайымы болған мәселе тіпті шешімін таппайтын да сияқты»,- дейді мақала авторы.

 

Осы категория бойынша: « Оқулық дауы. Қыркүйек vs қыргүйек «Ана тілі» Ninety One-ға не деп шүйлікті? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы