Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ана тілі» Ninety One-ға не деп шүйлікті?

  • 590
  • UPD: 12:15, 14.09.2018

«Астанада 40-қа жуық отбасы үйсіз қалуы мүмкін». Мұндай мақала «Қазақ үнінде» жарық көрген екен. Басылымның мәліметінше, жақында салынған жатақханадан бөлме сатып алып тұрып жатқан 37 отбасы алдағы уақытта баспанасыз қалуы мүмкін.

«Жатақхана Ильинка ауылында орналасқан, бұл ауданда негізінен екі қабатты коттедждер салынған. Жер учаскесінің иесі әкімдікке сондай коттедж саламын деп, кейін орнына жатақхана салып, бөлмелерін сатып жіберіпті. Бір бөлменің құнын екі жарым миллион теңге деп есептеген». Енді сот заңсыз салынған жатақхананы бұзбақшы. 37 отбасыға ескерту жасалған, 17 қыркүйекте олар баспанасыз қалады».

Жатақхананы салған адам бөлме иелеріне қала шетінен баспана алып беремін депті. Бірақ ол уәдесінде тұрған күннің өзінде, үй алғанға дейін адамдардың қай жерді паналайтыны беймәлім.

«Тыржалаңаш» тіркестер». «Ана тілі» газетінде осы тақырыпта сыни мақала шыққан екен. Басылымның тілшісі атышулы «Ninety One» тобын жерден алып-жерге салған. Мақаласын оқып, өзім жаға ұстадым. Шынымен мәнсіз, әдепсіз мәтіндеріне тосқауыл қояр ешкім жоқ па дерсіз. Жастардың жүрегін жаулап, естерін алған бұл топтың әндеріне сөзді кім жазады десеңіз. Өзге емес, өздері екен. «Ninety One» орындап жүрген әндерден бірнеше тіркесті тілші мақаласына қосып тұрып жазған екен. Сөздерін естіп, шошып кетерсіз. Ұсынып көрейік.

«Әндерінің атауының өзі естіген құлаққа түрпідей: «Емделгім келмейді», «Су асты», «Мұз», «Баяу», «Аяма», «У», «Сау», «Айниды», тағысын тағы. Ал мәтіндегі анайы, тұрпайы сөздерді ұят та болса, келтіре кетейік: «Мен істеймін шынайы, стиль – жұбайым», «Шайқамаймын, тек дірілдетемін», «Абайла, жатса тіліп тілім», «Yo! Кет-кет, дем ал, дігідік, Тігіліп қал! Мә, ортан терек!», «Қашан айналады екенмін деп, сенің байыңа», «Менен олай айныма, бәрібір қаша алмайсың болды, Өйткені саған түсіндіретін менің бір қу әнім бар!», «Біресе былай, біресе былай, менің жүрегім Алдар Көсе!», «Түйсігім дана көсем, тек ми ісіткен бала өсер», «Құлшынысым болды, сен құрттың ғо тағы!», «Қанағаттанбағандықтан тоймай, ойнай, қоймай, Шаршаттың мені!», «Сезімге бөленейік, Елемей өзгенің бәрін», «Көздеріңді жұм-жұм, Yeah, көздеріңді жұм-жұм», «Түкірсем мұрныңа тиед аа», «Біздің елде \бәріне құй\», «Енді менімен бірге бүйтш бүйтш» (орфографиясы сақталды)».

Жуырда, дәлірек айтқанда, тамыз айының басында осы топтың «Ол айниды» (All I need) деген бейнебаяны шықты. Қазір қазақ интернетінің музыкалық сайттарында көш бастап тұрған бейнебаянды бір аптада ғана миллионнан астам адам қарап тыңдаған. Ашық-шашық жатқан интернет-сайттарымызда қанша рет тыңдалса да оған тыйым сала алмайтынымыз белгілі. Мәселе бұл әннің мәтіні тұтастай сөлекет сөздерден құралғандығында.«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді». Музыкалық кеңістігімізді қараусыз қалдырып, есіктен кіріп төр менікі дейтін бейкәсіби, парықсыз, талғамсыз продюсерлер мен музыкантсымақтардың еншісіне берудің ақыры осындай топтардың көбеюіне алып келді.

- Сонда анайы әндер айтатын топқа «әй дейтін әже, қой дейтін қожаның» болмай тұрғаны ма? 

Тілші мақаласында бұл тұсты да қамтыған екен. «Айталық, агрессиялық, ұятты әндері мен бейнебаяндары үшін «Ninety One» тобының мүшелері мен продюсерлеріне құзіретті мекемелер тарапынан тоқтау қойылуы қажет. Ең болмағанда олардың әндері арнайы сайттардан, 21 жастан асқандар үшін ғана қолжетімді болғаны дұрыс» деп тілші мақаласын осындай ұсыныспен түйіндеген екен.  

Жыл соңына дейін еліміздегі 6 мыңға жуық әскери қызметші «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспаналы болады. Бұл туралы «Айқынның» тілшісі жазған екен. Енді әскерилер тұрғын үй төлемі үшін берілетін қаржыны пәтер жалдауға емес, пәтер сатып алуға жұмсайды. 

«Осы жылы біз әскери қызметшілерге арналған аса маңызды жобаны бастадық. Ол Отан қорғаушыларға баспана алуға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта банк 98 млрд теңге бөліп отыр. Оның 74 млрд теңгесі әскери қызметшілерге несие беруге жұмсалады. Ал 24 млрд теңге кейбір займдарды қайта қаржыландыруға бағытталады», - дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова».

Жеңілдікке Шекара қызметі, Ұлттық Ұлан, Әскери прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік қорғау қызметтерінің қызметкерлері ие болады.  Ал әскерилердің ішінде бұл займ бірінші кезекте көпбалалы әскерилерге беріледі. Әскери қызметші алатын несие сомасы мемлекеттен берілетін тұрғын үй төлемі негізінде беріледі. Әскери қызметшілердің зейнетақы шоттарына қарамаймыз. Келесі жылы бұл бағдарламаны жалғастырып, алдағы 5-6 жылда әскери қызметшілерді үймен қамтамасыз етуді аяқтауды жоспарлап отырмыз деген екен, «Тұрғынүйқұрылыс» жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова».

Осы категория бойынша: « Әкімдіктен қайыр жоқ: Ақтөбе облысындағы халық неге наразы Жас ұрпақтың Instagram-дағы «тұлғаларға» еліктеуі белең алып барады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы