Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жас ұрпақтың Instagram-дағы «тұлғаларға» еліктеуі белең алып барады

  • 413
  • UPD: 11:26, 17.09.2018

Ұрпақты тәрбиелеу үшін тұлға ке­­рек. Ғаламтор пайда болып, қарқынды дамы­ғанының салдарынан барлық жерде «жұлдыздардан» идеал жасау белең алып келеді.

Олардың отырып тұрғаны, қайда барып, не ішкеніне дейін ел на­зарында. Соған сәйкес, бү­гінде тұлға деген сөздің өзінің мәні кетіп қалғандай сезіледі. Осы жайлы кейінгі кезде көп ойланып жүрмін. Мысалы, менің үш немерем бар. Олардан кімді үлгі тұтатынын, тұлға­лардан кімді танитынын сұрай­мын. Білетіні жердегі жұлдыздар. Өйткені инс­таграмға кіреді, теледидарды қосады, онда жарқ етіп шы­ғатын тұлғалар солар».

Астана іргесінде 40 шақты отбасы далада қалуы мүмкін. Олар былтыр қалаға қарайтын Ильинка ауылындағы жатақханадан 2 млн теңгеден бөлме сатып алған. Сөйтсе, ол заңсыз салынған болып шықты. Енді сүрілуі тиіс. Соттың шешімі де шыққан. Бұл туралы «Жас қазақ» газетінің тілшісі жазып отыр. Тұрғындар баспананы бүгін босатуы тиіс.

- Тұрғындардың қолында құжат жоқ па?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Дәл солай. Тұрғындар бөлмелерді бір адамнан сатып алған. Ол келісім-арттан басқа бір де бір құжат бермепті. Бір сөзбен айтқанда адамдар алданып қалған. Оны өздері де мойындап отыр. Енді не істейтіндерін білмей дал.

«Дәл осы жатақхана сияқты заңсыз салынған тағы бір үй бар мұнда. Бұл үйдің де үшінші қабаты мен шатырындағы барлық пәтер сүрілуі тиіс. Мұнда да алданған жұрт, суға аққан ақша. Тұрғындардың айтуынша, әкімдік алдын ала жер иесіне үй салуға болмайтынын ескертіпті. Бірақ жер иесі рұқсатқа қарамай, екі қабатты жатақхана салып, баспанаға мұқтаж жандарға сатқан. Ал құжат бойынша мұнда жеке үй салынуы тиіс».

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бір партаға үш оқушыдан. Атырау облысында мектеп жетіспейді. Бұл мәселе «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді. Автордың жазуынша, жаңа оқу жылы мұнайлы мекенде үш ауысымды мектептер ұлғайған. Бүгінгі таңда өңірде осындай 11 оқу ордасы бар екен. Мәселен соның біреуінде 600 баланың орнына 2 мың бала оқып жатыр. Апатты жағдайдағы мектептер де аз емес.

«Апатты жағдайдағы Мағжан Жұмабаев пен Ғани Мұратбаев мектептерінің шəкірттері көршілес мектептерге барып оқып жүр. Алда қаһарлы қыс келе жатқанын ескерсек, бұл жағдай балалар мен ата-аналар үшін қолайсыздық тудырары анық. Мұнайлы өңірде жыл сайын жаңа мектеп, балабақшалар салынады, ескілері жаңартылады, қосымша ғимараттар тұрғызылады, соның өзінде орын жетіпеу мəселе сі күн тəртібінен түсер емес».

- Мектептерде мұғалім тапшы дейді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Иә, ол да рас. Мақалада жазылғандай, аймақта 380 мұғалім жетіспеді. Әсіресе, бастауыш сынып пен математика пәнінің мұғалімдері тапшы. Қош. Сол оқушылар қазір кімге қарап бой түзейді? «Айқын» газетінде «Тұлғаның қазір қажеті бар ма?» деген мақала шықты. Онда автор бүгінгі күннің идеалы кім? Қазақстандық жастардың бет – бейнесі қандай? Олар кімге қарап еліктейді деген сұрақтарға жауап іздеп, қоғам белсінділерінің пікір – пайымын білген екен. Соның біріне назар аударайық. 

Арман Сқабылұлы, журналист:

- Ұрпақты тәрбиелеу үшін тұлға ке­­рек-ақ. Ғаламтор пайда болып, қарқынды дамы­ғанының салдарынан барлық жерде «жұлдыздардан» идеал жасау белең алып келеді. Олардың отырып тұрғаны, қайда барып, не ішкеніне дейін ел на­зарында. Соған сәйкес, бү­гінде тұлға деген сөздің өзінің мәні кетіп қалғандай сезіледі. Осы жайлы кейінгі кезде көп ойланып жүрмін. Мысалы, менің үш немерем бар. Олардан кімді үлгі тұтатынын, тұлға­лардан кімді танитынын сұрай­мын. Білетіні жердегі жұлдыздар. Өйткені инс­таграмға кіреді, теледидарды қосады, онда жарқ етіп шы­ғатын тұлғалар солар».

Осы категория бойынша: « «Ана тілі» Ninety One-ға не деп шүйлікті? Елімізде ең ұзақ өмір сүретін адамдар қай қалада тұрады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы