365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді

  • 553
  • UPD: 13:37, 19.09.2018

Алматылық ісмер әйелдердің қолынан шыққан құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Бұл туралы «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі жазып отыр. Құрақ көрпенің көлемі 25,5 мың шаршы метр. Оны тігуге 45 қыз-келіншек қатысқан екен.

«Мен өз қаламды сүйемiн» атты флешмобқа белсене қатысқан қала тұрғындары осыдан соң саябақты бетке алып, тағы да кереметтерге куә болды. Бүкiл саябақ төрiне төселген құрақ көрпенi өз көздерiмен көрiп, iсмерлердiң шеберлiктерiне таңдай қақты. Гиннестiң рекордтар кiтабына енген құрақ көрпенің төлқұжаты – арнайы сертификатты Джоани Брент табыс еттi. Қала халқы мен келген қонақтар құрақ көрпеге отырып, естелiк суреттерге түстi. Тiптi ырым етiп, тiлек айтып жатқандар да болды.

 

Қазақстан жөнделген жолдың сапасы бойынша 115 орынға төмендеп кеткен

2017 жылы Қазақстан жөнделген жолдың сапасы бойынша 115 орынға төмендеп кеткен. Оның себебі неде? Ел қазынасынан бөлінген қомақты қаржы неге дұрыс игерілмейді? Бұл туралы «Қазақ үні» газетінде көлемді мақала шығыпты. Онда халық қалаулылары мердігер ұйымдарды сынға алып, олардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыруды ұсынып отыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

-Мақаладағы мысалдардың біреуін ғана келтірейін: Солтүстік Қазақстан облысында бір мердігер ұйым ел қазынасына 100 млн теңге шығын келтірген. Олар жолды сапасыз салып, құжатта «бәрі талапқа сай» деп жазып жіберген. Артынан тапсырыс берушіге 500 мың теңге пара беріп жатқан жерінде ұсталды. Міне, жол жөндеудің жайы осындай.

«Негізі біздегі қолданыстағы заңдарға сәйкес мердігерлер жолдың болсын немесе басқа да құрылыстың сапасына 3 жылға кепілдік береді. Яғни жіберілген кем-кетіктерді тегін жөндеуге міндеттелген. Одан не пайда? Бұл заң да құрылыс атаулының сапасын арттыруға ықпал ете алмағанын ашық айтуға тиістіміз. Бір ай өтпей жатып құрылысшылар жаңа жолды қайта жөндеп жатады. «Сонда осы құрылысты құзырлы органдар қалай ғана қабылдап алған» деген сұрақ тұрақты түрде қойылып келеді».

 

Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?

Бұл тақырып «Айқын» газетінің тілшісіне арқау болыпты. Мақала: «Адам кітап оқуды доғарса, ойлауды да доғарады» деп аталады. Онда кітап оқу мәдениетін көтеру мәселесі кеңінен қаузалды. Иә, қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы. Бірақ кітап оқу әркімнің жан қалауы делінген мақалада. Бұл жөнінде қаламгерлер не дейді?

Сауытбек Абдрахманов, Мәжіліс депутаты, филология ғылымдарының докторы, жазушы:

- Жақында Португалияға бардым, Порту қаласында өзіміз ұмытып кеткен бір көрініске куә болып қатты таңдандым әрі қуандым. Ол көрініс – кітап дүкенінің алдындағы кезек. Бұл біз үшін үлкен оқиға. Ұмытыла бастаған оқиға. Демек, әлемде кітапқа қайта бетұру тенденциясы басталуы әбден мүмкін. Қазір Батыс әлемінде кітаптың беделі артып келеді. Кітап оқу – ұлттың интеллектуалды деңгейін көтеретін, бәсекеге қабілетті ететін мәдениет.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

- Сондықтан, кітап оқып, мәдениетімізді көтерейік. Газет-журналдарды да назардан тыс қалдырмаңыз.

Осы категория бойынша: « Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз? Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы неліктен қымбаттады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы