364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы неліктен қымбаттады?

  • 492
  • UPD: 12:21, 20.09.2018

Қазақстанда тағы да дәрі-дәрмек қымбаттады. «Айқын» газетінің бірінші бетінде осы туралы сыни мақала жарық көрді.

Онда «тамыз айында баға былтырғы жылмен салыстырғанда 7%-ға аспандап кеткен», - деп жазылған.

Биылдың өзінде дәрі-дәрмек мәселесі Мәжілісте де, Сенатта да қаралды. Соңғы үш жылда тегін берілетін дәрілер бағасы 5 есе қымбаттап кеткен жайы бар. Оның негізгі себебі, «СК фармация» дәрілерді өзге елдерден шетел валютасына сатып алады. Сондықтан да доллардың бағасы өскен сайын шеттен алынатын дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттай береді. Бұл – бір себебі. Екінші себебі, бізде осы дәрі-дәрмекті сататын дәріханалар өз бағаларын өздері қояды және оған құқылы. Бір дәріханада 500 теңге тұратын дәрі екінші дәріханада 800 теңгеге сатылып жатады.

 

Астаналықтар көмір бағасына шағымданды

Көмірдің тоннасы 20 мың теңге. «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясына астаналықтар осындай шағыммен хабарласыпты. Редакциясы тілшісі сату орындарын өзі аралап, қатты отынның бағасын бағамдап, көрген -білгенін мақала етіп басып шығарды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

-Мақалада «бағаға байланысты байбалам салудың жөні жоқ» деп жазылған. Автордың жазуынша, халық көп тұтынатын Шұбаркөл көмірінің тоннасы – 14 мың теңге, Қаражыра да солай. Ал Майкүбі азрандау – 12 мың теңгеден сатылып жатыр. Бірақ оны алу үшін ерте ояну керек. Үзіндіге үңілейік.

«Жалпы Астанада көмір сататын нүктелер көп емес. Біз білетін, бұған дейін əкімдік хабарлаған 6 орын бар еді. Соның бірі Жұбанов көшесі бойындағы 25 үй мекенжайында автокөлік жолы да, темір жол да тұйықталатын жер. Шыны керек, Жұбанов көшесіндегі тұйыққа келгенімізде топырлап кезек күткен халықты көрмедік. Көмір тиейтін жерге кіретін тұстағы қақпаны күзетіп тұрған жігіттің айтуынша, таңертеңнен түске дейін топырлап кезек күткен жұрт түс ауа тарап кетіпті. Себеп – көмір таусылған».

 

Қостанайда «Қарекет» қоры көпбалалы анаға пәтер сыйлады

Қостанай облысында көпшіліктің көмегімен «Күміс алқа» иегері Алтыншаш Байбосынова баспаналы болды. Қуанышты хабармен «Қостанай таңы» газеті бөлісіп отыр. Мақалада жазылғандай, 6 баланың анасы бұған дейін Затабол кентінде бір бөлмелі лашықты жалдап келген екен. Енді олар Қостанай қаласында тұрады. Бұл «Қарекет» қоғамдық қорының іги бастамасы. Олар елден 1000 теңгеден жинап, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлайды.

«Жалғызбасты ана жалғыз бөлмелі лашыққа ай сайын балаларының жәрдемақысынан жырып, 16 мың теңгеден төлеп отырыпты. Қабырғасы жұқа, едені тақтайсыз 20 шаршы метр тар бөлменің, әсіресе, қыстың қатты суығына төтеп бере алмай, жеті адамды біраз қиналтқаны рас. Қанша жерден от жақсаң да, бетіне линолеум төселген сыз жер жыли қоятын ба еді. Оның үстіне, екі студент пен мектеп жасындағы төртеудің киім-кешегі, ас-суынан бөлек, көмір-отын алу Алтыншаш Төлегенқызын әбден титықтатып келді».

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

-Міне, 1 мың теңге бүтін бір отбасына бақыт сыйлады.

 

Осы категория бойынша: « Құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді Желге шашылған қаржы. 120 миллион теңгелік гүл қоқысқа тасталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы