367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Желге шашылған қаржы. 120 миллион теңгелік гүл қоқысқа тасталды

  • 532
  • UPD: 14:49, 20.09.2018

Қарағанды облысында қымбат тұратын шырайгүлдерге қатысты дау шықты.

«Қазақ үні» газетінің жазуынша, шенеуніктер Елбасының келуіне Теміртау саябағына гүл егіп, сапардан соң түп тамырымен жұлып лақтырып жіберген. Бұл қала тұрғындарының ашу-ызасын келтірді.

Шетелден алынған бір түп гүлдің құны 450 теңге. Қоғамдық кеңес жылдың басында осы гүлдердің құнына қатысты наразылық білдірген еді. Соған қарамастан, жергілікті билік шырайгүлдерді сатып алуға бюджеттен 120 миллион теңгені еш ойланбастан бөле салған. Бұған не деуге болады? Біріншіден, халық қаржысын желге шашу.

 

Қостанайда түнгі сот жұмыс істей бастайды

Бұл – пилоттық жоба. «Қазір қалалық әкімшілік сотында дайындық жұмыстары жүріп, кезекшілік кестесі ұйымдастырылып жатыр», - деп хабарлайды «Қостанай таңы» газеті.

Мақалада жазылғандай, сот кешкі 18.30-дан түнгі 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Оның тиімділігі туралы ататын болсақ, бұл әкімшілік құқықбұзушылық істерін қарау мерзімін 100-ден 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді екен. Бірақ онда барлық іс қаралмайды. Үзіндіге назар аударайық.

«Дей тұрғанмен, «бейуақыт» сот барлық істі қарамайды, тек екі бап бойынша – көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзуы және мас күйінде рөлге отырып, мас күйінде рөлге отырып, жол-көлік оқиғасына тап болушылардың істері өз кінәларын мойындап, залалды өтеуге келіскен жағдайда қаралады. Жыл сайын Қостанай әкімшілік соты 8 мың істі тергесе, соның 3 мыңдайымен нақ осы екі бап аясында айналысады. Егер аталған пилоттық жоба оң нәтиже беріп жатса, таяу келешекте отбасы-тұрмыстық қатынастар шеңберіндегі құқықбұзушылықтар туралы істерді қарауға да араласуы мүмкін.

 

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы неліктен қымбаттады?

Қазақстанда тағы да дәрі-дәрмек қымбаттады. «Айқын» газетінің бірінші бетінде осы туралы сыни мақала жарық көрді. Онда «тамыз айында баға былтырғы жылмен салыстырғанда 7%-ға аспандап кеткен», - деп жазылған. Тілші оның бірнеше себебін де белгілеп берді.

Биылдың өзінде дәрі-дәрмек мәселесі Мәжілісте де, Сенатта да қаралды. Соңғы үш жылда тегін берілетін дәрілер бағасы 5 есе қымбаттап кеткен жайы бар. Оның негізгі себебі, «СК фармация» дәрілерді өзге елдерден шетел валютасына сатып алады. Сондықтан да доллардың бағасы өскен сайын шеттен алынатын дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттай береді. Бұл – бір себебі. Екінші себебі, бізде осы дәрі-дәрмекті сататын дәріханалар өз баға­ларын өздері қояды және оған құқылы. Бір дәріханада 500 теңге тұратын дәрі екінші дәріханада 800 теңгеге сатылып жатады. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн секілді.

Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы

Осы категория бойынша: « Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы неліктен қымбаттады? Қазақ балалары сапалы оқулықты қашан пайдаланады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы