366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баспасөзге шолу. Үңірейген құдықтар үрейді алды

  • 688
  • UPD: 15:45, 21.09.2018

Майшелпекке айналған құдық қақпалары.

Оңай олжа, біреудің ажалына айналуы мүмкін. «Түркістан» газетінде «Үңірейген құдықтар үрейді алды» деген көлемді мақала жарық көріпті. Онда қоғамда тиылмай тұрған кәріз құдықтарының ұрлығы жайлы жазылған. Өткен аптада Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері темір қабылдау орындарын аралап, заңсыз жұмыс істеп келген 30 нүктені жауыпты. Бірақ бұл ұрлыққа «қақпақ» бола ала ма? Үзіндіге үңілейік.

«Қазіргі күні бір қақпақтың құны 7 мың теңгеден басталады екен. Қақпақтар сынған немесе жоғалған жағдайда тұрғындардың өміріне қауіп төнбес үшін қайтадан сатып алуға тура келеді. Мақаттағы металл қабылдайтын орындарда металл құны бұрын 30 теңге болса, қазіргі таңда 10 теңге өсім бар. Демек, салмағы ауыр қақпақтарға көз тігушілер саны артпаса, азаймайтын сияқты».

 

Күңгейлік шаруалар мақта бағасына алаңдап отыр

Жетісай ауданында жиын-терім қызметі қымбаттап кеткен. Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан» газеті жазып отыр. Мақалада көрсетілгендей, биыл комбайншылар бір гектар жерді жинауға 50 мың теңге сұрайды. Сонымен қатар диқандар мақта өңдеу зауыттарының таразыларына күмәнмен қарайды. Үзіндіге назар салайық.

«Осының алдында мақта шаруашылығы және бақша шаруашылығы тәжірибе стансасының директоры И.Үмбетаевтың қатысуымен өткен жиында шаруалар мен мақта өңдеушілер «ақ алтынның» бағасын тоннасына 200 мың теңгеден болады деп пәтуаласқан еді. Дегенмен, жуырда «Ақ керуен» салтанатты шарасы ұйымдастырылмақ. Сонда баға нақтыланады. Бәсекелестік артса, мақта бағасы 250 мың теңгеге шығуы мүмкін. Өйткені биыл мақтаның көлемі аз. Оған біріншіден, шаруалардың бақша дақылдарына көшуі себеп болса, екіншіден, биыл мақта егістіктерінің біразын зиянкестер бүлдіріп кеткен».

Хабар 24 телеарнасы