367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сіз жедел жәрдемге жол бересіз бе?

  • 662
  • UPD: 10:21, 24.09.2018

Қазір қоғамда осындай жағымсыз оқиғалардың жиілеп кеткенін байқаймыз. Бұған не себеп?

«Айқын». «Жедел жәрдем және жол беру»

Өткен аптада Алматыдағы жедел жәрдемнің қарт жүргізушісін түрік азаматы соққыға жыққаны есіңізде болар. Әлеуметтік желіні кезіп кеткен бейнеролик қоғамда қызу талқыланды. Әсіресе интернет қолданушыларының ашу-ызасын тудырып, алуан түрлі пікірге себеп болды. Міне, осы оқиға белгілі қаламгер, республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіптің мақаласына өзек болды. Жолдағы мәдениетке арналған мақала – «Жедел жәрдем және жол беру» деп аталады. Автор аталған қызметтің қазіргі жай-күйіне тоқталып, «Ұлттық үйлестіру орталығын» құрудың жолға қойылатынан айтады. Бұл орталық онлайн режимде шұғыл жағдайлардағы барлық медициналық көмекті қадағалап отырады.

«Мұндай бірыңғай орталықтың құрылғаны көп жағынан пайдалы. Алайда жедел жәрдем қызметін халықаралық стандарттарға сай реформалау тұрғысынан алғанда, бірінші кезекте жедел жәрдем көліктерінің сырқатқа жылдам келуі, қажетті көмекті шұғыл көрсетуі және стационарға дер уақытында жеткізуі басты назарда болуы тиіс. Жедел жәрдем стансасы да, диспетчерлік қызмет те техникалық жағынан жарақтандырылуы және жаңғыртылуы керек. Барлық жерде GPS жүйесі енгізілсе, тіптен қатып кетеді».

Жаңа тәртіптің пайдасын айта келе автор өзге мемлекеттердегі жедел жәрдемнің қызметін де атап өтеді. Мәселен, шетелде медициналық бригада жеткенше алғашқы көмекті полиция, патруль сияқты басқа сала мамандарының көрсете беретін айтылған. Айтпақшы, қарт жүргізуге қол жұмсаған түрік азаматының кешірім сұраған видеосы жарияланғанын білеміз. Алайда жәбірленуші істі соңына дейін жеткіземін деп отыр.

Әңгімеге өзек болған жолдағы мәдениетке ғана қатысты тұстарын айтсам. Мақалада мысал ретінде Канада көрсетілген. Онда жедел жәрдем келе жатқанда өзге көліктер жолдың сол жағына ығысып, бөгемеуге тырысатын көрінеді. Ал елімізде Алматы болсын, басқа қалада болсын, мұндай жағдай сирек кездеседі. Осы жайттарды тілге тиек еткен автор мақаланы «Осындай мәдениетке қашан жетеміз?» деп аяқтайды. Сондықтан бұл сұрақтың жауабын әр азамат өз биігінен бағаласа керек.

«Егемен Қазақстан». Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін? Есімі қалың оқырманға жақсы таныс тағы бір қаламгер Сауытбек Абдрахмановтің мақаласы осылай басталады. Көлемді материал ішкі туризмге арналады. Нақты айтсақ, аталған саланы 2023 жылға дейін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама жайлы. Автор алдымен елдегі ішкі туризмде ілгерілеудің барын атап өтеді. Мәселен, былтыр өз азаматтарымыздың елді аралауы 2016 жылмен салыстырғанда шамамен 20 пайызға өсіпті. Ал тұрғындардың туристік нысандарға баруы 5,6 миллионға жеткен. Автор осы көрсеткіштерді негізге ала отырып, бұл саланы дамытудың бірнеше жолын ұсынады.

«Ішкі туризмді дамытудың бір жолы көп қаржыны қажет етпейтін, сенімді жолы – жалпы туризм туралы қалың жұртшылықта қалыптасқан түсінікті түзету. Туризмді тек шетке шығу деп, туристерді тек шеттен келгендер деп қарайтын қарапайым, нақты айтсақ – қарабайыр ұғымды өзгерте алсақ та біз талай нәрсеге қол жеткізер едік. Бізде тіпті «Турист болған немді алған?» деп ойлайтындар табылса да таңданудың жөні жоқ. Ежелден еңсемізді езіп келе жатқан енжарлықты еңсере білсек, ел көруге, жер көруге деген құштарлықты оята алсақ, ішкі туризмді көбейтудің кілті табылып кетуі әбден мүмкін».

«Жас Алаш». Қазақ туризмінің болашағы қандай?

Жалпы туризм мәселесі, оны дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы «Жас алаш» газетінде жарық көрген мақалаға да арқау болды. Тақырып та осы төңіректе. Қазақ туризмінің болашағы қандай деп аталады. Мақалада келтірілген қызықты деректердің бірі – жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесі. Мәселен, бұл көрсеткіш Испанияда 11, қазақстандық саяхатшылар жақсы көретін Түркияда 12,5 пайыз шамасында екен. Ал Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі саяхат саласының үлесі әзірге 1,3%. Еліміздің үкіметі мен жауапты министрлік бұл көрсеткішті алдағы бес жылда алты есеге арттыруды жоспарлап отыр. Мақала авторы осы деректерді негізге ала отырып, отандық туризмді дамытудың 3 жолын көрсетеді. Бұл саяхатшылар сапарын жеңілдету, еіміздің курортты аймақтарын өркендету және инвестор табу.

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев

Осы категория бойынша: « Баспасөзге шолу. Үңірейген құдықтар үрейді алды Қазақ жастары тер төкпестен, баюға неге құмар? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы