365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Томирис» тарихи фильмі экранға қашан шықпақ?

  • 1130
  • UPD: 11:35, 01.10.2018

Шығыста бір ауданның аты бүкіл түркі халқына ортақ атауға ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен Шығыстағы Зырян ауданына Алтай, ал аудан орталығы Зырян қаласына да Алтай атауы берілді. Аймақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған ең нәтижелі жұмыстардың бірі болды. Бұл туралы өр Алтайдың өз «Дидары» бірінші бетінде сүйінші мақаласын жариялады.

«Әуелі Зырян ауданын «Алтай» деп атау мәселесі қаралды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа атауды бірауыздан қолдап, дауыс берді. Ал шаһар атын қайта атау мәселесін жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері талқылады. Бас-аяғы бір сағатқа созылған жиында қоғамдық кеңес өкілдері бір тоқтамға келіп, шаһар атын «Алтай» деп ауыстыру қажет деп шешті. Тұрақты кеңес мүшелері де бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Олжас Керейхан, тілші:

– Алтай бұл тек Шығыс Қазақстан емес, бүкіл түркі жұртына ортақ атау. Оған қоса, Алтай өңіріндегі Қытай, Ресей, Моңғолия елдерінің бәрінде осы Алатай атауымен аталған аудан, қала облыс бәрі бар. Тек Қазақстанда болған жоқ. Бұл географиялық тұрғыда.

«Алтай – қазақ даласына тағдыр айдап әкелген сан түрлі ұлт пен ұлысты құшағына сыйдырған киелі өлке. XVIII ғасырда келген ескі наным өкілдері де, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жер аударылғандар мен өзге ұлттар да Алтайдан пана тапты. Тарихшы ретінде мұнда да түркі өркениетінен қалған мұралар көп екенін айта аламын. Соның бәрі жарыққа шықса, біз өз бастауымызға оралған болар едік», – дейді өлкетанушы Денис Никитин».

Олжас Керейхан, тілші:

– Жыл басынан бері облыстық ономастикалық комиссияның қарауына 400-ден астам ұсыныс түскен. Комиссияның үш отырысында 179 көшенің, 10 елді мекеннің, 10 мектеп, әлеуметтік-мәдени нысанның атауы өзгертіліпті.

Осы ономастика мәселесін «Ана тілі» газеті де қаузапты. Басылым «Ұлттық атаулар – ұлт айнасы» деген мақалада Павлодар өңіріндегі Кеңестік кезден қалған атаулардың да біртіндеп өзгере бастағанын жазыпты. 

«2015 жылдан бүгінгі күнге дейін шамамен 450-ге жуық көшенің атауы өзгертіліп, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев, Қаныш Сәтбаев, Әлихан Бөкейханов, Шоқан Уалиханов тәрізді басқа да тұлғалардың есімдері берілген болатын. Бұдан өзге қыркүйек айында өткелі отырған облыстық ономастика комиссиясына елді мекендерге қарасты 100-ге жуық көшенің атауын ауыстыруға қатысты құжаттар ұсынылып, қазіргі таңда тапсырылған құжаттарға пысықтау жұмыстары жүргізілу үстінде».

Олжас Керейхан, тілші:

– Енді кино жайында. «Айқын» газетінің апталық санында «Томирис» тарихи фильмінің қалай түсіріліп жатқаны туралы кең көлемде мақала шықты. Мақала авторы тарихи туындыны түсіріп жатқан шығармашылық топпен сұхбат құрыпты.

Бір ғана Томиристің образы үшін 20-дан астам костюм тігіліп, дайындалған. Ал жалпы кино барысында суретшілер 1000-нан астам костюм мен 10 000-ға жуық қару түрлерін жасап шығыпты. 

«Негізгі локациялар «Қазақфильм» павильондары, Қапшағай, Бурабай және Шонжы аймағы болды. Барлық түсірілім Қазақстанда өткізілді. Бастапқыда дәл осы сахнаны (ежелгі Вавилон дәуірін) Марокко елінде түсірсек пе, деп ойлағанбыз. Бірақ кейін ойлана келе Алматыда түсіре беруді жөн деп таптық. Себебі біздің кеңесшілер, суретшілер, мамандар ол елге барып, түсіруге ыңғайлы орын таппады. Алматыда түсіру бір жағынан арзан әрі отандық киноиндустрия үшін де пайдалы», – деді режиссер.

Олжас Керейхан, тілші:

– Сонымен 90 күнге созылған тарихи фильмнің түсірілімі аяқталуға жақын. Енді монтаждау жұмысына кіріспек. Ал үлкен экранға 2019 жылы шығарылмақ.

Осы категория бойынша: « Astana Media Week 2018 – БАҚ назарында Алан Әжібаев: Жаңа маусымдағы жаңа трендтер »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы