365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алан Әжібаев: Жаңа маусымдағы жаңа трендтер

  • 673
  • UPD: 15:53, 02.10.2018
Алан Әжібаев: Жаңа маусымдағы жаңа трендтер

«Егемен Қазақстан» газетінде «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрғасы Алан Әжібаевтың сұхбаты жарияланды.

Агенттік төрағасы биылғы жаңа маусымда жүзеге асатын жобалар туралы бас басылым тілшісінің барлық сауалына жауап берген. Бірнеше теларнаның басын қосқан агенттіктің жоспарымен  бөліскен.

«Жалпы «Хабар» Агенттігі жыл сайын 191 бөлімнен тұратын сан алуан жанрдағы телесериалдарды ұсынып келеді. Олардың арасында ұлттық дәстүрімізді ұлықтайтын,тамыры терең тарихымыздан сыр шертетін драмалар, ұлы тұлғаларымыздың ғұмырын суреттейтін көркем фильмдер, детектив жанрындағы шытырман оқиғаларға толы туындылар, жастарымыз үшін романтикалық телехикаялар бар. «Хабар» арнасынан бөлек, біздің агенттікте үш телеарна бар. «Хабар 24» телеарнасы жаңа маусымнан бастап жаңалықтар 20 минут немесе 30 минут шығу керек деген форматынан, түсініктен бас тартып, жаңалықтар марафонын жасап жатыр, яғни тоқтаусыз бір сағат жаңалықтар таратамыз».

Олжас Керейхан, тілші:

– Елімізде мыңдаған кішкентай баланың радикалды ислам дініндегі радикалды бағытпен тәрбиеленіп жатқаны анықталды. Бұл туралы халықаралық «Түркістан» апталығы бірнеше ақпараттық сайтқа сілтеме жасай отырып, шағын ақпарат таратты. Радикалды бағытты насихаттайтын балабақшалар Алматы және Атырау қалаларында ашылған. Қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арынның айтуынша, бұл балалардың ата-аналарының ұстанған ахидалары да түсініксіз.

Берік Арын, ҚР Қоғамдық даму министрінің орынбасары:

– Себебі мұндай мектепке дейінгі оқу орындары өз бағыттарын жасырып, тек аз ғана орта арасында ұстанатын бағыттары жайлы айтатын көрінеді. Өкініштісі, былтырғы жылдың өзінде радикалды ислам бағытын балаларға насихаттайды деген күдігі бар мыңнан астам балабақша анықталыпты. Онда 30 мыңнан астам бөбек тәрбиеленген көрінеді.

Олжас Керейхан, тілші:

– Министрдің сөзіне қарағанда, бұл балабақшалар жеке тұрғын үйлерде астыртын ашылып, әрекеттері әшкере болғанда, бірден жабылады екен. Ал қазір Үкімет радикалды бағытпен күресу үшін заңды күшейтуді көздеп отыр. Жаңа заң жобасы әзірше Парламент палаталарында қаралып жатыр.

«Қостанай таңы» газетінің тілшісі Кенже Қонысбай жергілікті шебер-өлкетанушы Шөптібай Байділдиннен ұлттық батыр Кейкі мерген туралы кең көлемде сұхбат алыпты. Сұхбатта зертеуші Кейкі батыр туралы нақты деректермен бөліскен. Шөптібай ақсақал тіпті, батырдың қайда жерленгенін де айтқан. Енді сол сұхбаттан үзінді.

«Кейкінің сүйегі Жыланшықта жатыр. Бес адам бірге көмілген. Біріншіден, Кейкінің сүйегін дұрыс іздеген адам жоқ. 1964 жылы Әбу Қарағожин деген кісі Кейкі жатқан жерге темір шартақ орнатып, қарияларды жинап, құран оқытқан. «Міне, Кейкінің жерленген жері осы жер», – деп көрсетіп кеткен. 1964 жылы орнатылған белгі әлі тұр, қасында 90 жылдары «Родник» кеңшарының азаматтары тұрғызған белгі тағы бар. Әбден тозды. Соны жергілікті билікте отырған жігіттер ескерткіштің еңсесін тіктеп, жөндеп берсе деймін. Оған «Кейкінің, әйелінің, баласының қаны тамған жер» деп өзім-ақ жазып берер едім. Мәңгілік белгі болып қалар еді. Әзірге ешкім үн қатар емес».

Осы категория бойынша: « «Томирис» тарихи фильмі экранға қашан шықпақ? СҚО-да тапсырыссыз қалған кәсіпорындар тоқтаудың алдында тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы