366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыл шаруашылығына субсидия бөлу автомат жүйеге ауысады

  • 517
  • UPD: 12:02, 04.10.2018

Жаңа жылдан бастап ауылшаруашылық саласында субсидия беру  толығымен  автоматтандырылған жүйеге көшеді.

Бұл өзгеріс субсидия алу уақытын жеделдетіп, жемқорлықты азайтады деген үміт бар. Бастысы, субсидия беру мәселесін талқылайтын комиссиялар жойылады. Бұл туралы «Айқын» газеті   «Комиссия  жойылады одан жемқорлық азая ма?» деген материал жариялады. Мақала авторы Халима Бұқарқызы еліміздегі ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияның мән-жайын қаузаған.

Арман Евниев,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші  орынбасары:

«Субсидия беруді автоматтандырудың пайдалы жағы, фермерлер мен тауар өндірушілер шенеуніктермен,субсидия ұсынатын органдармен кездеспейді. Олар дың қас-қабағына тәуелді болмайды. Бастысы, субсидия беру үшін ар найы комиссия құрылмайды.Себебі, мем лекеттік қызмет көрсету үдерісі ав томаттандырылған соң, субсидия бөлу жөніндегі комиссияларжойы лады. Сон дықтан комиссия құрамын бекіту, комиссия отырыстарын ұйымдастыру, өткізу және комиссия шешіміне қол қою сияқты қаптаған амалдарға жұмсалатын уақыт қысқарады. Субсидия алу нысанының сапалы-сапасыздығы, орын далған орындалмағанына да тексеру жүргізілмейді».  

Олжас Керейхан, тілші:

- Елімізде жалпы өндірілетін көмірдің 60 проценттен астамы Павлодарға тиесілі. Қарағынды облысының үлесі 33,5, ал шығыста 6,3 процент ғана қазылады. Алайда экологтарды бүгінде осы көмір өндірісіндегі экология мәселесі алаңдатып отыр. Осы сала туралы «Егемен Қазақстанның» тілшісі Фарида Бықай  «Көмірлі өңір көк түтіннен тазара ма» деген мақала жазыпты. Әріптесіміз жер қойнауын иеріп көмір қазып, өмірлерін жақсартып жатқан  монополистердің экология мәселесіне ескермейтінін көтерген. Енді сол мақаланың үзіндісіне үңілсек. 

Елбасы «Жер қойнауын пайдалануда делдалдарға жол бермеу» туралы нақты тапсырма бергені белгілі. Президент шетелдік инвесторлардың кеңесінде кəсіпкерлер алыпсатарлықпен емес, кен орындарын дамытумен жəне қаржыландырумен айналысуға тиістігін айтқан-ды. Ал қазір кеніштердегі көмір өндірісінің ішкі-сыртқы алаптарын айнала ор қазылған, ол төңірек түгел қара көмір қоспасына ораныпты. Күл үйіліп жоталарға айналған. Ауаға шығарылатын зиянды қоспаларға шектеу жасалып, экологиялық талап қойылуы қажет-ақ, бірақ ол жағын елеп-ескерілер емес.

- Ертіс өңірінің жалпы экологиясын оңалту  жөнінде қандай да бір шаралар қабалданып жатқаны туралы ақпарат бар ма?

Олжас Керейхан, тілші:

- Өңірдегі  экология салысына тек  өткен жылы  530 миллионға жуық теңге бөлінген. Бұл туралы облыстың бас басылымы «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Гүлжайна Түгелбай «Қоршаған орта қорғаусыз қалмайды» мақалаласын жариялады. 

- Жыл сайын  аймақ кәсіпорындары 9 млрд теңге жұмсайды. Облыстың үш қаласында қоныстану аймағында тұрақты бақылау жүргізетін «Қазгидрометтің» 10 бекеті орналасқан. Осы құрылғылар көрсеткіштеріне сүйенсек, үш шаһарда да атмосфералық ауаның ластану жағдайы төмен саналады. Екібастұзда ластау көрсеткішінің төмендегені байқалса, Павлодар мен Ақсуда былтырғы деңгейде болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы