365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алимент әке бола ма?

  • 646
  • UPD: 11:41, 05.10.2018

Әлеументтанушылардың мәліметі бойынша соңғы бірнеше жылда отау құрғандарына көп  болмаса да, шаңырағы шайқалған отбасылардың саны көбейген. 

Тек бір ғана Ақмола  облысында  2017 жылы отбасын құрғандардың тең жартысы ажырасыпты. Осы өзекті мәселе «Алимент әке бола ма?» деп аталатын мақалаға өзек болды. 

«Ақмола облысында 2017 жылы 5075 жұп шаңырақ көтерсе, соның 2560-ы немесе 50 проценті ажырасып кеткен. Тіл табыса алмаған  жастардың аң даусыз қадамының салдары титімдей жазығы жоқ сəбилерге тиіп жатыр. Облыста 11 338 азамат алимент төлейді. Бұл дегеніңіз кішігірім бір ауданның халқының санымен бірдей. Уақтылы алимент төлемей қашып жүргендердің саны 129» 

Әлеуметтанушылар ажырасудың  себебіне зерттеу жасап көріп пе? Ал алиментті өндіру мәселесі қалай?                

Шаңырағы шайқалғандардың басым көпшілігі тұрмыс тауқыметін желеу қылады екен.  Автор әлеуметтанушылардың дерегіне сүйене отырып, өз мақаласында осы мәселеге де тоқталған.

«Ақмола облыстық соты 2017 жылы осы алимент өндіруге байланысты 645 рет іс қараса, ағымдағы жылдың алғашқы жартысында 836 мəрте осы тақырыптағы іс қаралған.Сот орындаушыларының айтуларына қарағанда, алименттен қашып жүрген азаматтардың ішінде, əсіресе қалаға қоныс аударғандарды табу қиын, өте қиын. Өйткені олар жалдамалы пəтерлерде тұрады. Көбі тіркелмеген. Жұмыс орындары да белгісіз. Өздерінің төлей қояйын деген ниеттері болмағаннан кейін жүздеген адамның қайсысын тауып аларсың?!»

Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданында археологиялық зерттеу жұмыстары қайтадан қолға алынады. 2017 жылы аудан орталығында тарихи-өлкетану музей ашылғанда, сол музейге қоятын  жәдігерлер болмаған. Енді Махамбет  Өтемісұлы атындағы университетің ғалымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қазба  жұмыстарын жүргізбек екен. Бұл туралы облыстық Орал өңірі газеті хабарлайды.

«Шыңғырлау ауданындағы үйінділерді зерттеп, археологиялық маңызын ашып, ғылымға өз үлес  қосу. Ауданда 350-ге жуық оба мен үйінділер бар. Бұлар ортағасырлық тарихты қамтитын обалар болып саналады. Табылған құнды жәдігерлерді заң шеңберінде аудандық музейдің қорына табыстаймыз. Биыл  университеттің тарих мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттері оқытушыларымен бірге Шыңғырлау ауданының Есенаман тау жазығының үстінде орналасқан Сегізсай кешенінде бір обаға қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Сол жерден моншақ, айна, пышақ сияқты заттар табылды»

Өскеменде 3 469 пәтер  орталықтандырылған жылуға қосылған.   Оның 1569-ы көппәтерлі тұрғын үй,  Ал 2 мыңға жуығы жеке баспаналар . Олардың 1094 -іне жалпыүйлік есептеу аспаптары орнатылыпты. Бұл құрылғының көмегімен тұрғындар өз қаражаттарын үнемдей алатын көрінеді. Бұл туралы облыстық Дидар газеті жазады. 

«2018 жылдың қаңтарынан бастап қалада ыстық су мен жылуға жаңа тариф енгізілді. Үйлерінде  жалпыүйлік есептеу аспаптары бар жеке тұлғалар қазір жылуға 2 мың 99 теңге, ЖҮЕА орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқтар пәтердің әр шаршы метріне 61 теңге 39 тиын, аспаптарды орнатуға мүмкіндігі бола тұра орнатпағандар 73 теңге 63 тиын төлеуде. Жылу жүйелері мекемесінің мамандары жалпыүйлік есептеу аспаптары орнатылған үйлерде тұратындар жылу қызметіне 30-40 пайыз  шамасында  аз шығын шығатынын айтады» 

Бұл аспаптың бағасы арзан емес. 700 мың теңге тұрады екен. Көп қабатты үйдің аумағына байланысты қойылады. Негізі бір үйге бір аспап. Ал қаржыны жеке пәтер иелері жинайды.

Осы категория бойынша: « Ауыл шаруашылығына субсидия бөлу автомат жүйеге ауысады Елбасы үлгі еткен «Бөрте-Милка» кешенді фермасы туралы не білеміз? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы