369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі БАҚ Елбасы Жолдауына қолдау білдірді

  • 847
  • UPD: 12:02, 07.10.2018

Ұстаздар күні қарсаңында жарияланған жолдауда оқытушылар мәселесі де көтерілген болатын.

Әсіресе мемлекет басшысы жауапты министрлікке ұстаздар мәртебесін көтеруді көздейтін заң жобасын әзірлеуді  мықтап тапсырды. «Айқын» газеті осы мәселеге көлемді мақала арнапты. «Ұстаздардың мәртебесі енді артады» деп аталады. Заң жобасын талқылау барысында қандай жайттарға назар аудару қажет? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы аталған мақалада көрсетілген.

«Енді сәтін салса Мағжан ақын айтқандай, Алты Алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі болатын күн туады. Ол үшін келер жылы қабылдануы жоспарланған заң жобасының мұғалім құқын толыққанды қорғайтындай болып жасалуына қоғам болып бақылауымыз маңызды. Ол заңда педагогтарымыздың мәртебесін көтеру үшін қандай мәселелер назардан тыс қалмауы керек деген мәселені бүгіннен бастап талқылай беру керек»

Сондай-ақ мақалада өзге мемлекеттердегі ұстаз мәртебесі де көрініс тапқан. Мәселен, әлемнің бірқатар елдерінде бұл мамандық иелері мемлекеттік қызметкер болып есептеледі екен.  

«Жапонияда ағарту саласы қызметкерлері туралы арнайы заң бар. Сол заңда мемлекеттік, префектуралық және муниципалдық білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер мәртебесі мемлекеттік қызметкер деп белгіленген. Білім беру саласына жан-жақты дайындалған, білікті маманды тарту үшін олардың жалақысы басқа саладағы мемлекеттік қызметкерлерден жоғары бо¬луы тиіс. Батыстағы дамыған елдердің көпшілігінде білім беру саласының маманына мемлекеттік қызмет туралы заң ережелері қатысты болады. Финляндияда педагог ма¬мандығы аса қадірлі, елдегі ең жоғары жалақыны да осы мұғалімдер алады. Қытайда да мұғалімдердің жалақысы, ұлттық заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерден кем болмауы тиістігі жазылған»

«Қазақ үні» газетінде жарық көрген «Әлеуеті зор әлеуметтік жолдау» мақаласында да жаңа заң жобасы туралы айтылады. Мұнда да автор ұстаздар мәртебесіне тоқталып, бұл мақсатқа қанша қаражат бөлінетінін атап өтеді.   

«Мұғалімдер мерекесіне сәйкес келген Жолдаудың  ең басты тартуы ұстаздарға бұйырды. Білім саласына Жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы жұмсалмақ. Көптеген елдерде ЖІӨ-нің 3 пайызы ғана білім саласына бұйыратынын ескерсек, Қазақстанның бұл 10 пайыздық көрсеткіші дамыған елдермен деңгейлес екені көңілге қуаныш ұялатады. Бұл арқылы мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көбейеді. Педагог  статусы  туралы заң қабылданады.  Егер бұл заң қабылданса,  әкімшіліктің қолбаласына айналып кеткен мұғалімдер қауымының мұраты орындалмақ.   Оқушылардың білім жүктемесін азайту да айтылды.  «Мектеп тапшылығы, үш ауысымды мектеп әлі де бар. Сондықтан 2019-2021 жылдары осы мақсаттарға тағы 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Әлгі масқаралы үшауысымды мектептер мәселесін шешу қажет», – деп тапсырды Президент.

Шолуымызды ары қарай Егемен Қазақстанда жарық көрген мақаламен жалғастырамыз. Оған «Жолдауды іске асырудың жалпыұлттық жоспары» өзек болған. Мақалада негізінен жолдаудан кейінгі үкіметтің кеңейтілген отырысы жайлы баяндалады. Атап айтқанда, әр жауапты министрлік жолдауда көрсетілген тапсырмаларды орындаудың жолдарын ұсынған болатын. Мәселен, ЕҢбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ең төменгі жалақының қалай көбейетінін баяндады. 

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Мемлекет басшысының ең төмен жалақы мөлшерін 1,5 есеге, 42,5 мың теңгеге дейін арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылғы 1 қаң¬тар¬дан бастап «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының жобасына тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты. Бұдан өзге, ең төменгі жалақының артуына байланысты жұмыспен қамтылған халықтың салық жүктемесі азайып, барлық жалдамалы жұмыскерлердің табысынан салықтық шегерімдер ұлғаяды. 6 млн-нан астам жалдамалы қызметкердің салық жүктемесі төмендетіледі. Жалпы алғанда, ең төменгі жалақының өсуі экономиканың барлық секторларында төмен жалақы алатын 1,3 млн адамның еңбекақысының өсуіне әкеледі»

Осы категория бойынша: « Елбасы үлгі еткен «Бөрте-Милка» кешенді фермасы туралы не білеміз? Жолдау жайлы отандық БАҚ не дейді? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы