365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдан 5 жыл бұрын келген қандасымыз Қазақстан азаматтығын алады

  • 422
  • UPD: 10:20, 12.10.2018

Газет-журналдардың соңғы шығарылымына назар аударайық.    

«Егемен Қазақстан» газетінде «Рухани келісім – адамзатқа ортақ құндылық» деген тақырыппен көлемді мақала жарық көрген. «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбымен ұйым­дастырылған съезге 40-тан астам келген ді­ни көшбасшылар, сая­си қай­раткерлер мен халық­аралық ұйым өкілдерінің қатысқаны мәлім. Мемлекет басшысы қатысушыларды әлемде қалыптасқан жағдайдың адамзат үшін жағымсыз салдары болатынына назар аудартты. Әлем­дік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының съезі ел­ор­даның бойтұмарына ай­нал­ды деуге болады. Се­бебі біз Ас­тананы барлық мәде­ниет­тер үшін ашық әрі болашақтың еуразиялық қаласы ретінде салынғанын да атап өтті.  «Сондай-ақ бітім­­гер­­шілік, серіктестік, толеранттылық, жасампаздық идеяларын жа­һан­дық деңгей­де ілгерілету жолын­да Қазақстан­ның жұмсаған күш-жігері жө­нін­де де айтты» деп жазады автор Елбасының сөзін келтіріп.

«Технологияның қарыштап дамуына, жалпыәлемдік бай­лық­тың артуына қарамастан, әлеу­меттік кеселдің ауқымы арта түсуде. Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның мәліметіне сәйкес, жер ша­ры халқының 14 пайызы аш­тықтың азабын тартып отыр. Жұмыссыздардың жалпы са­ны 190 миллион адамнан асты. Бұл радикализмнің өріс алуы­на негіз болатын әлеуметтік тең­сіздікті күшейте түседі. Сон­дықтан қауіпсіз әрі әділетті әлем қалыптастыру негізгі мәселе болып саналады, – деді Елбасы».

«Ұсынылған бағыт – тұрақты өсу кепілі» деген мақала да осы басылымда шыққан. Мажарстан мемлекеттік жиналысының депутаты, Мажарстан Қыпшақтар одағының төрағасы Шандор Ковачтың айтуынша, Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауда қоғамдағы тыныс-тіршілігі анық байқалады. Мажарстан – Қазақстанның Орта­­­­­­­­лық Еуропадағы стратегиялық әріп­тесі. Қазақстан екіжақты қарым-қаты­нас­тардың барлық бағытында Ма­жар­с­танмен достық қарым-қатынас­ты дамытуға ерекше көңіл бөле­тінін анық аңғарамыз. «Біз тек саяси салада ғана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық және мәде­ни-гуманитарлық салаларда да ынты­мақтастықтың одан әрі нығайып келе жатқанын көріп отырмыз», – дейді.

«Елдеріміздің әлеуметтік салада ішкі саяси стратегияларының ұқсастығын атап өткім келеді. Мажарстанда 2018 жыл Отбасы жылы деп жария­ланды, яғни қазіргі жастардың бо­йында отбасы құндылықтарын қалып­тастыруға бағытталған жыл болмақ. Қазақстанда 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында шамамен 400 қазақстандық студент оқиды, болашақта олар аға буынның игі бас­тамаларын ілгерілетуді өз қолдарына алып, Қазақстанның әл-ауқатын арт­­тыруға өз үлестерін қосады деп санаймын».

«100 жаңа есім: NASA Тимурды таңдады» мақаласын «Түркістан» басылымы басқан. Алматылық Тимур Рысбеков – «Қазақ­­станның 100 жаңа есімі» тізіміне енген тұңғыш оқушы. Дарынды жастың әлеуметтік, медицина және ғарыш саласы бойынша көптеген өнертабысы бар. Жақында оқушы Америкаға аттанғалы отыр және онда NASA ұйымдастырып отырған байқауға қатыспақшы. Агенттік авиация, аэронавтика, космонавтика салаларында зерттеулер жүргізумен және ғылыми тұрғыда ғарыштың құпияларын ашумен айналысады. Қазір Тимурдың 72 өнертабысы бар. Оның 28-і патенттелген. Ол өзінің ерекше өнертабысын ғарыш саласына арнап жасапты. Қалта телефоны арқылы басқарылатын робот ашық ғарышта кез келген тапсырманы орындай алады. Тимур жақында бұл жұмысын АҚШ-қа апарып, бағын сынап көрмек.

«Тамыз айында біз тобымызбен халықаралық платформаға шықтық. Әлемнің сарапшылары жобамызды жоғары бағалап, NASA ұйымдастыратын үлкен байқауға шақырту алдық. Оған әлемнің 30 елінен үздік өнертапқыштар келеді. Мен бұл байқауға көлемді мәліметтер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше бағдарламаны ұсынбақпын. Сонымен қатар, оянуы мүмкін вулкандарды анықтай алатын құрылғыны апарамын», – дейді жас өнертапқыш».

Павлодар облысты «Сарыақа самалы» газетінде «Өз еліме ұлтан болайын» деген мақала жарияланған екен. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Павлодар өңіріне халық тығыз қоныстанған аймақтардан көшіп келген отбасылардың саны жыл санап артып келетіндігі айтылған. Солардың бірі – биыл Түркістан облысынан Успен ауданына көшіп келген Нұрбек Кеңесбайдың отбасы. Бүгінгі таңда Нұрбек аудандық «Аймақ ажары» газетінде тілшілік қызмет атқарады. Қытайдан Қазақстанға көшіп келгеніне 5 жыл уақыт өтсе де, оның отбасына әлі күнге азаматтыққа қол жеткізу бақыты бұйырмапты. Құжаттарды рәсімдеу мәселесі тек Успен ауданына келген соң ғана шешіле бастаған. Бәрі ойдағыдай аяқталса, Нұрбек пен оның шаңырағы алдағы 1 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматы атанады.

«Биылғы жылдың өзінде Павлодар облысының Успен ауданына барлығы 43 отбасы көшіп келген. Ішкі көші-қон бойынша Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда өңірлерінен 19 отбасы теріскейге қоныстанса, Қытай мен Ресей жерінен 25 шаңырақ Успен ауданына қоныс тепкен. Шетелден келген қандастарымыздың басым бөлігі ауданға қарасты Ольгин, Лозовой, Қаратай ауылдарында тұрып жатыр. Олардың барлығы да мемлекет тарапынан бөлінетін көмек пен жұмыспен қамтудан шет қалып жатқан жоқ».

Авторы: Қарлығаш Қайыпбекова 

Хабар 24 телеарнасы