369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Заңсыз мұнай тасымалынан келетін зиян көп

  • 457
  • UPD: 13:03, 16.10.2018

Шолуымызды «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Бақытгүл Бабаштың «Заңсыз мұнай тасымалының зардабы көп» деген мақаласынан бастауды жөн көріп отырмыз.

Мақала авторының айтуынша, былтыр Атырау облысында 42 миллион тоннандан астам мұнай және 21 миллиард текше метрге жуық ілеспе газ өндірілген. Қара алтын мен газ өндірісі өңір экономикасы үшін ғана емес, республикалық экономика үшін де өте маңызды. «Өкініштісі, оңай олжа тапқысы келетіндер осы саланы көп төңіректейді» деп қынжылады мақала авторы.

«Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша келтірілген залал құны биыл 52 млн теңгеге жеткен және бұл тек анықталған қылмыстарға ғана қатысты болып отыр. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, 2017 жылы мұнай және мұнай өнімдерін жымқыруға байланысты, сондай-ақ оларды заңсыз сақтау, тасымалдау және сатуға қатысты 35 қылмыс тіркеліп, оның 18-і сотқа жолданған. Ал биылғы алты айда осы санаттағы қылмыстардың саны 14 болды, бесеуі сотқа жолданды»

Прокуратура жүргізген талдау қылмыстық істерді тергеу барысында мұнайдың немесе мұнай өнімдерінің шыққан жерлері анықталмайтынын көрсеткен.

«Тергеу тек тасымалдаушыларды анықтау деңгейімен шектелуде. Ал шикізаттың бастапқы жөнелтушісі бүркемеленіп, жабулы қазан жабулы күйінде қалып келеді. Осыған орай облыстық прокуратура қылмыстық жолмен табылған қаржыны анықтауды және кірісті заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасауды құқық қорғау органдарының назарына берген»

Автордың айтуынша Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау академиясының өкілдері Атырауға келіп «Мұнай және мұнай өнімдері саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу» ғылыми-тәжірибелік кешенін таныстырған. Қош, өнеркәсіп саласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің нәтижелі боларына біз де үміт артамыз.

Туризмді жарнамалауда ақшаны босқа шашпау керек. Алматы ақшамы газетінде жарық көрген мақаланың бірі осылай аталады. Қалалық Турзим және сыртқы байланыстар басқармасы саяхат жайлы әлемдегі ең ірі «TrіpAdvіsor» туристік сайтымен бірлескен конференция өткізіпті. Іс-шараға қатысып қайтқан мақала авторы Әсел Дағжан заман талабына сай цифрлық технологияларды қолданған анағұрлым тиімді деген пікірде. Сондай-ақ, автор өз мақаласында Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Мақсат Қиқымовтың мынадай уәжін келтіреді.

«Қазір адамдар ақпаратты мобильді телефон, интернет платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы алып үйренді. Бірақ тәжірибе көрсетіп жатқандай, кәсіпкерлер мен туристік саладағы басшылар бұл трендтің маңыздылығын сезіне алмай келеді. Өзіңнің кәсібіңді ғаламтор арқылы тиімді жүргізгің келсе, заманауи маркетинг құралдарынан сауаттылық қажет»

Статистикалық мәліметке жүгінсек биыл қаңтар-тамыз айларында Алматы әуежайы арқылы шаһарға 343 мың турист келген. Туристердің ең көп қоятын сұрақтары қандай? Автор бұл жайында былай дейді.

«Туристердің ең көп қоятын сұрағы қандай десек, «Көк-Төбе, Медеу, Шымбұлаққа қалай барады?» деген сауалды респонденттердің 19 пайызы қоятын көрінеді. Одан кейін таксиге тапсырыс беру, төлемақы жүйесі қандай және көлікті жалға беру жайлы сұрайды екен. Үшінші орында туристерді қызықтыратын сауалдар – «Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы мен Қайыңды көлі және Алтын Емел қорығына қалай барамыз?» деген сұрақтар. Айтпақшы, «Оңай» картасын қай жерден сатып алуға болады және қалай толтырамыз деген сауал да туристердің жиі қоятын сұрағы»

«Айқын» газетінің Мәдениет айдарында Мәскеуді мойындатқан Гүлназ Балпейісовамен сұхбат жарияланыпты. 29 жастағы жас режиссердің Мәскеудегі Евгений Вахтангов театрында «Фрекен Жюли» мен «Қайтадан Парижге» спектакльдері үлкен аншлагпен өтті. Туған елі Қазақстанда да «Горе от уманы» қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Журналист Анар Қоныстың: «Өмірде қандай да бір дәрежеге жету үшін адамға не қажет?»- деген сұрағына былай жауап қайырған екен.

«Ең бірінші – сенім. Адамда өзіне, ғажайыпқа сену. Жалпы, адам кез келген нәрсеге қол жеткізе алады. Тек соны жүрегімен қалауы керек. Сол кезде діттеген мақсатына жетеді»

Осы категория бойынша: « Баспасөзге шолу. Елімізде 127 мектеп оқушыларды үш ауысымда оқытып жатыр Елімізде жыл сайын 36 мыңға жуық адамнан обыр дерті анықталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы