367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да ем іздеген халық алысқа сабылмайтын болды

  • 464
  • UPD: 13:38, 19.10.2018

Шалғайдағы халық алысқа шабылмайтын болды. «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі Азамат Қасымның мақаласы осылай аталады.

Оған себеп облыстың қос қиырындағы Аягөз бен Зырян аудандарында тұңғыш рет екінші деңгейлі инсульт орталықтары ашылып отыр. Ауруды асқындырмай алдын алуға мүмкіндік беретін бағасы қымбат, жоғары сапалы шетелдік заманауи медициналық құрылғылар шалғайдағы аудандарға жеткізіліп, бүгінде ауыл халқы оның игілігін көре бастады. Екі ауданда жалпы саны 320 мың халық тұрады. Екі ауданда ашылған орталықтың 16 маманы Астана, Семей қаларында біліктіліктерін арттырып қайтқан.

«Жақында Аягөз қаласына жолымыз түскенде аудандық аурухана ішінен ашылған инсульт орталығының жұмысымен жа­қы­ны­рақ таныстық. Инсульт орталықтары неге Аягөз бен Зырян­да ашылды? Өйткені Ая­гөз де, Зырян да тоғыз жол­дың торабында орналасқан. Те­мір жол да бар, көлік те же­ңіл қатынайды. Бұл бір. Екін­ш­і­­ден, Үржар, Тарбағатай, Ка­тон­қарағай, Күршім сияқты шал­ғайдағы аудан тұрғындарына Се­мей мен Өскеменге сабыл­ған­нан гөрі Аягөз бен Зырянның жақын екендігі анық»

Осы категория бойынша: « Жеңіл өнеркәсіп саласы салықтан жеңілдікке зәру СҚО-дағы Қарақамыс ауылының халқы жол азабын тартып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы