365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 2494,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

  • 1715
  • UPD: 12:34, 23.10.2018

«Үйі жоқтың, күйі жоқ» деп атам қазақ бекерден-бекерге айтпаған. Бұл ретте елімізде тұрғындарды баспанамен қамту үшін Елбасы тапсырмасымен түрлі бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, «Қолжетімді баспана», «Өңірлерді дамыту», «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламалары. Үстіміздегі жылдан бастап «7-20-25» жобасы да қолға алынды. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде «Баспанасы бар жандар бақуатты» атты мақала жарияланып, автор осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізді. Осы орайда республикамызда Ақмола облысында ілкімді істер жетерлік. 

«Ақмола облысында мемлекет қаржысы жəне инвестиция есебінен 2494,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бағытта жыл сайын тұрғын үйді молынан салып келе жатқан Көкшетау қаласының үлесі қомақты. Негізі облыстың барлық өңірінде мемлекеттік жəне жекеменшік инвестиция есебінен ауқымды тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Облыстағы тұрғын үйдің 65 проценті жекеменшік тұрғын үй салушылар есебінен жүргізілуде. Сегіз жылдың ішінде 1,5 миллион шаршы метр жекеменшік тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл дегеніңіз, 9,9 мың отбасы өз баспана жағдайын жақсартып алды деген сөз. Коммерциялық үй салушылардың жеке инвестициясы есебінен 565,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынды».

Әрине көпқабатты тұрғын үйлердің салғаны құптарлық іс. Дегенмен көкшетаулықтарды алаңдатып отырған бір мәселе бар. Ол – шаһарда жылу қазандығының жоқтығы. Бұл тұрғындардың өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруына кедергі болып тұрған сыңайлы. 

«Біріншіден Көкшетау – республикада жылу электр стансасы жоқ жалғыз қала. Станса болмауы себепті энергия қуаты мен ыстық су өндірілмейді. Қала тұрғындары қысы-жазы су жылытқыш құралдарды пайдаланады. Энергия қуатының қымбаттығы тұрғындардың тұрмысына кері əсер етуде. Оның үстіне қалада соңғы жылдары құрылыстың қарқын алғандығын жан-жақты баяндадық. Орталық қазандықтың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, жаңа ғимараттарды жылумен қамту қиындық туғызуы əбден мүмкін. Өткен қыстың өзінде көпқабатты үйде тұратындар сан мəрте шағымданды. Биылғы салынған нысандар жылу жүйесіне қосылған кезде жағдай одан сайын күрделене түсуі кəдік».

 

Қызылжардағы «түнгі жорық»

Петропавлдық сақшылар мен депутаттар ойын-сауық орындарында түнгі рейд ұйымдастырды. Шара барысында 100-ге тарта түрлі құқық бұзушылық анықталған екен. «Қызылжардағы «түнгі жорық» деген тақырыппен республикалық «Сақшы» газетінде арнайы мақала жарыққа шықты. Тіпті қалада ақша тігетін ойын құмарлардың басын қосатын ойын автоматтары бар бөлме анықталған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды. Бұдан бөлек, полицейлер тағы қандай заңбұзушылықтарды әшкереледі?

Жандос Мұқатов, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының бастығы:

– Көлікті мас күйде басқарған 5 жүргізуші ұсталды. Құқық қорғау қызметкерлері көшелер мен аулаларды патрульдеуден бөлек, дəмхана мен сырахана ғимараттарында да тексерістер жүргізді. Қаламыздың екі дəмханасынан жеті бірдей кальян тəркіленіп алынды. Құқық бұзушыларға қатысты Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы – «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылды.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Жалпы аталған операция түнгі сағат 23-00-ден таңғы 6-ға дейін жалғасқан. Мұндай операцияларды ұйымдастыруды алдағы уақытта да көделіп отыр.

Осы категория бойынша: « СҚО-дағы Қарақамыс ауылының халқы жол азабын тартып отыр БҚО-да малды «электр бақташы» бағады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы