364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да қырыққа жуық ауыл жойылуы мүмкін

  • 415
  • UPD: 11:49, 29.10.2018

Екібастұз қаласындағы «Промуголь» компаниясының 30-дан аса жұмысшылары жарты жылдан бері айлықтарын ала алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға аталған компания 68 млн теңгедей қарыз. Бұл туралы «Жас Алаш» хабарлады.

«Компания отыздан аса адамға 68 миллион теңгедей қарыз. Талай рет ақшамызды сұрап бардық. «Ақша болады, береміз» деп алты айдан бері алдап келеді. Мәселені көтеріп бармаған жеріміз жоқ», – дейді Екібастұз қаласының тұрғыны Қабылмәжит Сейітов».

Кәсіпорын жұмысшыларға зейнетақы төлемдерін аударуды қойған. 2010 жылы құрылған кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға қалай тап болғаны жөнінде жетекшілері жақ ашқысы келмеді. Сондай-ақ жұмысшылар «күнде ертең деген құрғақ уәдеге тойдық», – дейді. Сондықтан шетінен қызметтен босап, басқа жұмысқа орналаса бастаған. Бірақ келісімшарт бойынша атқарған жұмыстары үшін ақы талап етуде. Мұны айтып, облыстық еңбек басқармасы мен прокуратураға шағым жазғандарымен, ештеңе өзгермеген», – дейді тілші.

Солтүстік өңірде қырыққа жуық ауыл жойылуы мүмкін. Себебі бюджеттен қаражат болашағы бар елді мекендерге ғана бөлінеді. Соның салдарынан елімізде ауылдар саны жылдан жылға күрт кеміп барады. Бұл туралы мақала «Қазақ үнінде» жарық көріп отыр. Автордың жазуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова солтүстік өңірге жұмыс сапарымен барып, аталған аймақтағы кейбір ауылдардың болашағы бұлыңғыр екендігін айтқан.

«Солтүстік Қазақстан облысы үлкен. Әрқайсысында 50-ден аса тұрғынымен 100-ден астам елді мекен бар. Бүгінде облыста 10-ға жуық тұрғыны бар 38 ауылды жою жұмыстары жүріп жатыр. Мұны өзге емес министр Мәдина Әбілқасымова айтқан», – дейді мақала авторы.

«Бүгін билік ауыл тұрғындарын қалаға көшіру керектігін жиі айтып жүр. Тіпті Америкада халықтың 95 пайызы қалада тұрады деген деректер келтіретіні бар. Бірақ біз Америка емеспіз ғой. Біріншіден, біз ежелден ауыл шаруашылығымен айналысқан халықпыз. Екіншіден, біздің ауыл шаруашылығы Америкадағыдай жоғары деңгейге жете қойған жоқ. Үшіншіден, ауылдар көшіп, бос қалған жерлерге кім ие болады, оны кім дамытады?»

«Әнші байыса кино түсіреді». Осындай атаумен «Айқында» мақала шыққан екен. Соңғы кезде кинолардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп кеткенін жақсыға баласақ па, бос әуре десек пе – белгісіз. Бірақ біздікілер комедияға үйір. Мәселен, күні кеше Төреғалидің тағдыры туралы туындыны тамашалап қайттық», – дейді мақала авторы. Фильм «Ұлы дала комедиясы» деген атау алды. Соңғы кездері кез келген жерге «Ұлы дала» тіркесін қосу трендке айналды. Көп жеген бал жүрек айнытады. Жөнсіз жерде «ұлы даланың» мәні де жоғалмаса болғаны», – дейді тілші. Ал әншілердің «кино саласын» жағалап кеткендігіне оралсақ, бізде кино түсіру үшін бәрінде құқы бірдей. Шектеу жоқ.

«Әншілердің жаппай кино түсіріп, соның ішінде өмірінен сыр шерткеніне қатысты мамандардың не ойлайтынын да білдік. Режиссер Жандос Құсайын «жұлдыздарға тыйым салуға құқымыз жоқ», – дейді».

Жұлдыздар ұсынған туындылар ақша табу болып қалғандай. Әлде бұл жай ғана «әнші байыса, кино түсіредінің» кебі ме? Мұндай қадамдарына жақсы қараймыз ба? Қалай, ағайын?!»

Осы категория бойынша: « «Ескі автобус, дөрекі кондуктор». Қоғамдық көлік қызметі көңілден қашан шығады? Еліміздің Қытаймен шектесетін елді мекендерінде мектептер жабылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы