368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-ден асқан

  • 364
  • UPD: 13:15, 31.10.2018

Мұғалім мәртебесі қайтсе артады? Бұл Астана Ақшамында жаоықа көрген мақаланың тақырыбы. Автор  қазір қоғамда ұстаздардың беделі төмендеп бара жатқанын жазған.

Оған түрлі келеңсіз жағдайлар әсер етуде. Бұл ретте : «Бір заманда жұрт мұғалімді пір тұтты, ізгі ниетті қариялар «Мұғалім бол!» деп бата беретін. Бұрындары ауыл мұғалімдерінің әлеу­меттік жағдайы ойдағыдай еді. Үй-жайы баршылық, отын-суы, электр қуаты тегін. Бұл күнде сол ұстаздардың күйі, абырой-­беделі, құрметтелуі қандай? Мектеп – керексіз қағаздардың мұражайы» дейтін пікір қылаң берді» деген белгілі ғалым Серік Негимовтың сөзін келтірген екен. Сондай-ақ тілші мектептегі мұғалімдердің басым көпшілігі зейнет жасына таяғанын да қоса қамтыған екен мақаласында.  

«Қазір білім ордасында мұғалімдер қартайып барады. Статистикаға жүгінсек, еліміздегі 5 мұғалімнің біреуі 50 жастан асқан. Әсіресе мектепте ер адамдардың аздығы ойландырады» деп тағы бір мәселенің шетін шығарды»

Мақалада, балабақша тәрбиешілерінің жағдайы да қамтылған. Жалақылары төмен.  20 жылға жуық еңбек өтілі болса да бұл саладағы мамандардың еңбекақысы 60 мыңға да жетпйетін көрінеді. Мақаладан үзінді. 

«Бір жағынан, балалармен жұмыс істеу де оңай емес. Тәрбиешіге қажырлы, сабырлы болуды талап етеді. Олардың жалақысы да тым төмен. Біз әңгімелескен тәрбиешінің осы саладағы еңбек өтілі 18 жылды қамтиды. Бірақ айына алатыны – 55 мың теңге»

Ал шетелде қалай? Мысалы, Германия­ның гимназияларында ұстаздар айы­на бір миллион жалақы алады. Біздің мұғалімдердің мәртебесімен қоса жалақыларын да өсірген жөн. Осының бәрі жаңа заңда қамтылса екен» деп автор мақаласын түйіндеген екен.

Қазақстанда интернетті бұғаттайтын қаулы шықты. Осындай тақырыппен «Жас Алашта» мақала жарық көрген екен. Қазақстан үкіметі арнайы қаулы шығарып, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне интернетті бұғаттау құқығын берді.

Қаулыға сәйкес, аталған мемлекеттік органдар өкілетті органмен өзара әрекет ете отырып, «әлеуметтік, табиғи және техногендік тұрғыдан төтенше жағдай болғанда» үкімет пен президент байланысынан басқа интернет пен байланыс жүйесін тоқтатуға құзыретті болады. Құжат 28 қазанда күшіне енді. 

«Қазақстанда жыл басынан бері Facebook, YouTube, Instagram және Telegram желілеріне кешкі уақытта кіру қиындайды. Маусым айында қазақстандық құқық қорғаушылар «әлеуметтік желіні бұғаттауды тоқтатуға» шақырған. Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның таратқан мәлімдемесінде азаматтар кез келген уақытта қажетті ақпаратты алуға құқығы бар деген» 

Шығыс Қазақстанда көмір бағасы құбылып тұр. Дұрысы, қара отынды тасымалдаушылар жүгенсіз кеткен. Оларды жөне салуға жергілкіт билік өкілдерінің шамасы жетпеуде. Мұны облыстық Дидар газетінің тілшісі жазған екен. 

«Биыл облыс орталығында бір тонна көмірдің бағасы 8800 теңгеден бекітілген, бұл баға жылыту маусымы бойында өзгермейді. Алайда билік өкілдері кен орнынан қалаға вагондап жеткізілетін қатты отынды қойма басынан үйге дейін жеткізіп берушілер қойып отырған бағаны реттеуге қауқарсыз болып шықты. Мысалы, қазір қала ішінде көмірді жеткізу бағасы 15-20 мың теңге болса, қала іргесіндегі ауылдарға апару үшін отыз мың теңгеге дейін сұрайды екен көлік иелері»

Осы категория бойынша: « Байқоңыр халқының экологияға алаңдайтын жөні бар Қырғызстанда ақ қалпақты қорлағандарға айыппұл салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы