368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда ақ қалпақты қорлағандарға айыппұл салынады

  • 372
  • UPD: 11:48, 01.11.2018

«Қырғызстанда ақ қалпақты қорлағандарға айыппұл салынады».

Бұл – «Егемен Қазақстанда» жарық көрген мақаланың тақырыбы. Қырғызстанда ұлттық ақ қалпаққа нұқсан келтіргендерге айыппұл салу қарастырылып жатыр. Жоғарғы Кеңес депутаттары қазір осындай талаптарды қарастыратын заң жобасын халық талқысына ұсынып отыр.

«Ұлттық бас киім ақ қалпаққа мәдениет символы мәртебесін беру туралы» заң жобасы қырғыз халқының ұлттық мұрасының маңызды элементтерінің бірі – ақ қалпақтың имиджін оңалтуға, оны қорғаудың құқықтық базасын бекітуге, дамыту мен қолдауға, насихаттауға бағытталған. Заң жобасы сонымен қатар Қырғыз Республикасы мен Қырғызстан халқын олардың тарихи мұрасы мен ақ қалпақты киіп жүру мәдениеті арқылы барынша танытуға бағытталған».

Қырғыздар ақ қалпақтарына арнап заң шығарамыз деп жүргенде, Моңғолия президенті: «Парламент тарамаса, аштық жариялаймын» деп елді селт еткізді. Бұл жайындағы мәлімет «Жас Алашта» жарық көріп отыр. Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга егер Ұлы халық хуралы яғни Парламент өз-өзін тарату туралы шешім қабылдамаса, аштық жариялайтынын немесе бір орында отырып, ереуіл жасайтынын мәлімдеді.

«Bloomberg Баттулганың бұл әрекетін 2020 жылы өтуі тиіс Парламент сайлауы алдындағы саяси жүріс деп есептейді. Ол басқаратын Демократиялық партия парламенттен көп орын алуды көздейді. Партия қазір Ұлы халық хуралында 25 пайыз мандатқа ие. Қалған мандат Моңғолия халықтық партиясының қолында. Жергілікті сарапшылар басшы өз әкімшілігінің құзыретін де кеңейткісі келетінін айтады».

Басылымның мәліметінше, 29 қазанда Баттулга парламентке мерзімінен бұрын өз-өзін тарату жөнінде хат жолдаған. Хатта Парламент 2016 жылғы сайлау кезіндегі уәдесін орындамай, заң бұзғаны айтылған.

Осы категория бойынша: « Еліміздегі әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-ден асқан Мемлекеттік сыйлықтың қадірі қалды ма? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы