374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жабайы саудамен» күрес

  • 329
  • UPD: 11:02, 06.11.2018

Көпшілік жиналатын орындарда, көше бойында, жаяу жүргіншілер жолында сауда жасап отырған адамдарды жиі көреміз. Киім-кешек, сүт-май, басқа да азық-түлік түрлері мен күнделікті керек-жарақтарды сататын олар сол арқылы нәпақасын тауып отыр.

Жасыратыны жоқ, кейбір тауарларының бағасы дүкендегілерден әлдеқайда арзан. Бірақ атқарушы билікті көше саудасының басым бөлігі заңсыз жүргізілетіні алаңдатады. Мәселен, Павлодар қаласында арнайы көше саудасын реттейтін арнайы жұмыс тобы құрылды.

Аян Бейсекин, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- Сауда орындарынан келер қауіп көп. Біріншіден, мұндағы азық-түліктің сапасы бақыланбайды, сондықтан тұрғындардың улануы әбден мүмкін. Екіншіден, адам қарасы көп жерде ұрлық-қарлық та жиі орын алады. Сондықтан жергілікті билік жабайы саудамен«соғысты» мықтап қолға алды. Кәсіптен табыс тауып отырған әр шағын және орта бизнес нысанының тиісті құжаттары, құзырлы мекемелерден алған рұқсатқағаздары болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда оның бәрі заңсыз сауда деп саналады. Оларды анықтап, тиісті мекемелерге хабарлау үшін қыркүйек айында арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында тұтынушылар құқығын қорғау органдары, жергілікті полиция, әкімдік өкілдері бар. Екі айға жуық уақыт аралығында 4 рет мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде архитектуралық және жер заңнамаларына қайшы келетін, аумақтарды көріктендіру ережелерін белшесінен басқан 50-ден астам стихиялық сауда нүктесі анықталды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Көше саудасы  сапаржай мен ірі сауда үйлерінің маңында сауда қызып тұр. Ауылдан келетін құрт-ірімшік, қаймақ-майдан бастап киім-кешектің түр-түріне дейін ашық аспан астында сатылады. Мұндағы тауарлардың құны сауда орындарындағы өнімдердің бағасымен анда арзандау. Сондықтан болар, сатып алушы-лардың қарасы үзілмейді. Бұл жерде тұтынушылардың пікірі де екіге жарылады. Бірі құптайды, екіншісі оның сапасына күмән келтіреді. Ал, құқық қорғаушылар көше саудасымен күресетін жұмыс тобы құрылған екі ай ішінде саудагерлерге айыппұл да салып үлгерген. 

Арман Қаптаев, Павлодар қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы:

- Жұмыс тобы іске кіріскен уақыт аралығында заңсыз саудаға қатысты 65 құқық бұзушылық анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақтысы, саудагерлерге жалпы сомасы 230 мың теңге айыппұл салынды. Оның тең жартысы мемлекет қазынасының пайдасына төленіп үлгерді. Олардың  екінші рет көше бойында кәсібін дөңгелетіп отырғаны анықталса, айыппұл көлемі еселене түседі. Ал бұдан  сабақ алмай, жағдай қайталана берсе,  саудагерлер біраз уақытқа қамауға алынады. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Мақалада  жергілікті биліктің жабайы саудамен күресіп келе жатқанына бірнеше жыл болғаны жазылады. Соған қарамастан, көше саудагерлерінің қатары сиремеген.Нарық тұтынушы  сұранысына сәйкес құрылатынын ескерсек, стихиялық сауданың сатушыларға ғана емес, кейбір сатып алушыларға да пайдалы екенін аңғару қиын емес.  Бұл жерде автор оқырманға  бұл туралы қалай ойлайсыз деп сауал тастапты.

Нарық заманында әркім шамасы келгенше пайда табуға тырысады. Қарлығаш көше саудасына қатысты өз пікірің қандай? 

Ал Ресей нарығы қазақстандық халал өнімдерге қызығушылық танытып отыр Ресейдің Челябі қаласында өткен «АгроПродЭкспо. Урожай-2018» көрмесіне біздің отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер «HALAL QAZAQSTAN» деген брендпен қатысты. Бұл жөнінде Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады –деп жазады Егемен Қазақстан газеті. Тіпті көрме басталмай жатып-ақ, челябліктер қазақстандық тауарларды сатып алуға кезекке тұрған. Қостанай қаласындағы шығарылатын  сүт зауыты Челябі нарығында көп жылдардан бері белгілі екен.

Вадим Ямалетдинов, зауыт өкілі:

- Фирма өнімін екі күндік көрмеге бірнеше рет тасуға мәжбүр болдық. «Челябі нарығында жергілікті тауар өндірушілердің өнімі қымбат, бірақ біздің өнімнің сапасы олардыкінен еш кем емес. Біз көрмеде сүтті өндіруші бағасымен саттық, бұл сатып алушыларға өте ұнайтыны сөзсіз. Ең бастысы алушылар біздің өнімнің табиғилығына, сүттің ұнтақ емес, нағыз табиғи сүт екеніне көзі жетті. Көптеген адамдар «сіздердің өнімді облыста қалай табуға болады?» деген сұрақтар қойды. Қазір бүкіл Челябі облысының нарығын қамту үшін барынша жұмыс жасап жатырмыз. Содан кейін біз Екатеринбургке шығамыз». 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Жамбылдық балықшылар мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болмақ. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов балық шаруашылығын дамытамын деген азаматтарға 6 пайызбен 12 миллион теңгеге дейін несие беру жайы қарастырылатынын айтқан.  Мұндай бастама балықшылармен қатар жеке кәсіпкерлердің де көңілінен шығып отыр деп жазады Түркістан газеті. 

Нұржан Нұржігітов, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Өңірдегі 115 ірі су айдынына тексеру жүргізілді. 103 су айдынының болашағы бар әрі балық өсіруге қолайлы. Облыста жыл сайын 3880 тонна балық тұтынылатын болса, соның 2465 тоннасы басқа облыстардан импортталады.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау туралы тапсырма берген болатын. Елбасы осы арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етілетінін айтқан. Осы орайда ел экономикасы мен адамдардың тұрмыс сапасын арттырып, бизнестің тұрақты көзі саналатын саланың бірі ‒ балық шаруашылығы делінген мақалада.

Осы категория бойынша: « Әулиеатада иттер төрт түлікке шаба бастады Қорғалжында экологиялық сауаттандыру жобасы іске қосылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы