365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қорғалжында экологиялық сауаттандыру жобасы іске қосылды

  • 413
  • UPD: 13:18, 06.11.2018

Ал мектептерде  қосымша білім беру бағдарлама­сына орни­тологиялық бақылауды да енгізу жоспарланып отыр.

Қорғалжын обсервато­риясының базасындағы құстарды зерттеу орталығында еліміздегі оқушыларға эко­логиялық сауаттандыру жобасы іске қосылды. Бұл жайында Астана ақшамы газеті жазады.

Ақмола облысы аумағындағы орнито­логиялық орталық өткен жылы ашылды. Оның мақсаты – жас ұрпақты туған жерді сүюге баулу, ой-өрісін кеңейту, өңірдегі жануарлар дүниесі туралы мәлі­мет беру. Орталық мамандары жұмысқа пайдаланатын бірқатар практикалық және әдістемелік құжаттарды жасап шығарды. Атап айтсақ, табиғат күнделігі, құстардың өміріне бақылау жасайтын күнделік балалармен жұмыс істеу барысында қолданылады.Бұл жоба АҚШ-тың Қазақ­стандағы елшілігінің шағын грант­тары бағдар­ламасы бойынша жүзеге асырылды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Еліміздегі құстардың 76 пайызы Қорғалжын қорығының аумағында шоғырланған екен. Ең бастысы, бұл қорық әлемдегі ең әдемі құс – қоқиқаздың отаны саналады.  Ал, ресей нарығында  қазақстан өніміне сұраныс жоғары.

Жетісай ауданында  зәйтүн және бадам бағын егу  жоспарланып отыр. Бұл  туралы Отырар газеті жазады.

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев алматылық және испаниялық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Жетісай ауданынан 25 гектар жерге тәжірибе ретінде зәйтүн бағын егу мәселесін талқылаған. Испаниялық агро компаниясының өкілі зәйтүн егуге Жетісайдың топырағы мен климаты өте қолайлы екенін айтқан. Шетелдік компания бұл қорытындыға зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тәуекел етіп отыр.

«Қанат Құдайберген, «Прометей» компаниясының өкілі:

- Біз осыдан бірнеше ай бұрын Жетісай ауданының топырағын сараптамадан өткізу үшін Испанияға жолдаған болатынбыз. Нәтижесінде зәйтүн егуге ыңғайлы деген қорытындыға қол жеткізіп отырмыз. Ендігі мақсатымыз – осы ауданнан зәйтүн бағын егуге қолайлы жер тауып, қосымша сараптама жұмыстарын өткізу. Ол үшін бізге жергілікті билік мемлекет меншігіндегі жер телімін тауып беруге көмек қолын созса, жоспарымызды іске асыруға ниеттіміз.Алғашқыда біз 25 гектар жерге эксперимент ретінде егіп, егер табысты болып жатса, оның көлемін жыл санап ұлғайту жоспарымызда бар»

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Қазақстанда бұрын-соңды өсірілмеген зәйтүн ағашы егілгеннен кейін үш жылдан соң өнім бере бастайды екен. Егер күтіп-баптауы дұрыс болса, 150 жылға дейін өнім беруге қауқарлы. Шамамен 1 гектарынан 10 тоннаға жуық өнім алуға болады. Ал зәйтүннің бір келісі елімізде 35 доллардың шамасында болса, одан алынатын майдың бір литрі 450 теңгеге бағалануда.

- Елімізде зәйтүн  ағашы өспегенімен оның жемісі кеңінен қолданылады. Бұл бір құптарлық іс екен. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Кәсіпкерлер егер топырақты зерттеу нәтижелері оң қорытынды берсе, алдағы ақпан айында көшеттерді испаниядан әкеліп отырғызуға әзір екендіктерін жеткізген. Олар сондай-ақ, тамшылатып суару әдісін қолданбақ.

Осы категория бойынша: « «Жабайы саудамен» күрес Қазақстанда қанша науқас ағза алмастыруға мұқтаж? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы