365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда қанша науқас ағза алмастыруға мұқтаж?

  • 423
  • UPD: 12:42, 07.11.2018

Елімізде ағза алмастыруға мұқтаж науқастардың саны қанша?

Ресми дерекке сүйенсек, елімізде үш мыңдай адам бүйрек трансплантациясына мұқтаж болса, бауыр трансплантациясын қажет ететін пациенттердің саны мыңға жуықтайды. «Егемен Қазақстан» газеті Қазақстанда жылына 1 млн адамға бір ғана донор табылатынын жазады. Оның көбі – туыстық донор. Астанада өткен халықаралық конференцияға қатысқан ақ халаттылар қазақстандықтардың мәйіттік донорға көп келісім бермейтінін айтқан. Яғни Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында жыл басынан бері жасалған 36 бүйрек трансплантациясының жетеуі ғана мәйіттік донорды пайдаланған.

Әділбек Мұқажанов, онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы хирургия департаментінің басшысы:

– Елімізде мәйіттік донорды пайдалану дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, әлдеқайда төмен деңгейде. «Бізде мәйіттік органдар жетіспейді. Өйткені менталитетке, халықтың келіспеуіне байланысты елімізде жылына бір млн адамға бір ғана донор шығып жатады. Еуропаның дамыған елдерінде 1 млн адамға 30-40 ағзалық трансплантация жасалады. Сондықтан біз көбінесе туыстық трансплантация жасауға мәжбүр боламыз. Мысалы, туысының екі бүйрегінің біреуін немесе бауырының жартысын алып саламыз. Кейде до­норлардың денсаулығына байланысты кері көрсеткіштер болады. Өйткені донор 100 пайыз дені сау адам болуы керек. Сондай-ақ бір бүйрегін немесе бауырының жартысын алғанда ағзасына ешқандай зақым келмейтініне көз жеткізуіміз тиіс. Сондықтан трансплантация аз жасалынады.

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– Жиында сөз болған өзекті мәселенің бірі – донор тапшылығы. «Бұған дейін сөз етілген жүрек трансплантациясындағы донор тапшылығы бүйрек пен бауырды ауыстыруда да кездеседі» делінген мақалада. Соған қарамастан Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми ор­талығы 10 жыл ішінде бес ірі ғылыми жобаны жүзеге асырып, 374 инновациялық технологияны енгізген.

Жақсылық Досқалиев, трансплантация бойынша респуб­ли­калық үйлестіру орталығының директоры:

– 100 донордың 30 пайызының ғана ағзасы донор болуға жарамды. Оған бірінші кезекте адамдарда жиі кездесетін инфекциялық аурулар себеп болса, екіншіден жасы ұлғайған кі­сінің ағза кызметі нашарлайды. «Донорлық бойынша көптеген жұмыс атқарылды. Ең алдымен заң қабылданды. Науқас тірі кезінде ағзасын донорлыққа беру-бермеу бойынша көзқарасын білдірмесе, онда ол көз жұмғаннан кейін дәрігерлер ағзасын алып, донорлыққа пайдалана алады. Ағзасын донорлыққа беруге келісетін адамдардың да қатары молайып келеді. Мысалы, былтыр 22 адам келісім берсе, биыл бұл көрсеткіш 32-ге жетті. Бірақ ол аз.

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– «Ал Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығы өңірдің қоғамдық шараларына белсене атсалысып, медиация рәсімін жүргізуде өз үлесін қосып отыр деп жазады» «Ақтөбе» газеті. 2013 жылы құрылған ұйым осы жылдар аралығында түрлі жобаларды жүзеге асырыпты. Бүгінде «Отбасы академиясы» жобасы аясында жұмыс жасап жатыр.

Әлия Куртаева, орталық басшысы:

– 2016 жылдан бастап бақылағанымызда, қалада отбасылық жанжалдар кесірінен әрбір үшінші отбасы ажырасып жатты. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіштің тіпті көбейіп кеткенін байқаған біз бей-жай қарап отыра алмадық. Сол кезден бастап жаңадан отбасын көтерген жас жұбайлармен өз жұмысымызды бастадық. Кейін қала әкімінің қолдауымен қалалық АХАТ бөлімінен біздің мамандарға арнайы орындар алып, сол жерде түрлі кездесулер мен сөйлесулер ұйымдастырдық.

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– Жоба аясында тек ажырасу туралы шешімге келген отбасылармен ғана емес, жаңадан үй болған жас жұбайлармен де түрлі ақпараттық кездесулер ұйымдастырады екен. Тәжірибелі психологтар жұмыс істейді. Нәтижесінде жастар арасындағы ажырасу 12 пайызға азайыпты. Орталық басшысы Әлия Куртаева мұның үлкен жетістік екенін атап өткен. Қазіргі қоғамда зейнетке шыққан қарттардың көбі уақытын үйінде өткізіп, шүйіркелесетін жан таппайды. Павлодарда  жалғыздықтан жабырқап, денсаулықтары сыр берген қарияларға арналған шипажай жұмыс істейді.

Әлия Рахимова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы:

– Шипажайда айына 110 адамға түрлі ем-шара, сауықтыру процедуралары жасалады. Әр қария 12 күн тынығады. Былтыр қыркүйектен жыл соңына дейін 440 азамат оңалту қызметімен қамтылса, биыл 1320 адамды қабылдау көзделген. Шипажайда демалушылардың жайлылығы мен оңалуы үшін әлеуметтік қызметтің түр-түрі көрсетіледі. Мәселен, азаматтарды сауықтыру үшін емдеу-денешынықтыру шаралары, массаж, физиотерапевтік ем-дом, галокамера, марал мүйізінің емдік қасиеттері қолданылатын ванналар, фито-бар сынды әдістер қолданылады.

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істейтін орталық  қаладан 20 шақырым жерде орналасқан. Қариялар табиғатқа серуенге шығып, саңырауқұлақ, жидек теріп, уақыттарын қызықты өткізеді. Демалыстың бұл түрі зейнеткерлердің бәріне бірдей қолжетімді.

Осы категория бойынша: « Қорғалжында экологиялық сауаттандыру жобасы іске қосылды Павлодар облысында үйлер түрлі түске боялуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы