368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында үйлер түрлі түске боялуы мүмкін

  • 418
  • UPD: 12:29, 08.11.2018
Павлодар облысында үйлер түрлі түске боялуы мүмкін


Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа эпидемиологиялық маусымда қазақстандықтарға тұмаудың үш түрі қауіп төндіретінін хабарлаған. Болжам бойынша, тұмау жұқтырудың алғашқы оқиғалары қазан айының соңы мен қараша айында тіркеледі.

«Ақ жайық» газеті. «Қала іргесіндегі мұнай көлі»    

https://azh.kz/kz/news/view/35987

Құлсары қаласынан үш шақырым жерде мұнай қалдықтарының жатқанына бірнеше жыл өткен. Тұрғындар «Ақ жайық» газетінің тілшісін осы мұнай «көліне» шақырыпты. «Полигонға жақындағанда өткір иіс  өңешті жарғандай. Май сіңген топырақтар қарақошқылданып кеткен», деп жазады газет тілшісі. Қала тұрғыны Мұқамбетқали Үркімбаевтың айтуынша, қалдықтардың  жатқанына бірнеше жыл болыпты. Комиссия да келді. Аудандық әкімшілік қыркүйектің аяғына дейін бір шешімі болатыны туралы уәде беріпті. Өзгеріс  жоқ. Жер бүлініп жатыр. Жерасты суымен мұнай қалдығы қосылып жатыр ма ол жағы әзірге белгісіз.

Мұқамбетқали ҮРКІМБАЕВ, Құлсары қаласының тұрғыны:

- 2012 жылы 20 гектар жерді  мұнай қалдықтарын өңдеу полигонын салу үшін «ТрансПаркСервис» ЖШС-ке беру жөнінде Құлсары қаласы әкімдігінің №192 шешімі шыққан болатын. Ал 2014 жылғы 2 шілдеде нысан сату-сатып алу шарты негізінде «SatTrans Cervisе» ЖШС-і меншігіне өтеді. 2015 жылдан бастап алаңға мұнай қалдықтары төгіле бастайды. ЖШС басшысы Бағдат Бегеншиновтің айтуынша, қалдықтарды төгу 2017 жылдың соңына дейін жалғасқан. Өткен жылдың екінші жартысында Атырау облысы бойынша экология департаменті тарапынан ЖШС-ге жоспарлы тексеріс жүргізіледі. Тексеріс кезінде нысанның экологиялық нормаға сәйкес келмеген, яғни мұнай жою қоры жоқ болып шыққан. Сол жылдың желтоқсан айында бұл жайт Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралады. Соттың шешімімен қалдықтарды орналастыру полигонының қызметі оны жою қоры құрылғанға дейін үш ай мерзімге тоқтата тұру туралы экологтардың талабы қанағаттандырылады. Алайда ештеңе жасалмады.

Қалыптасқан жағдайға орай экология департаментіне бірнеше хат жолданыпты. Онда полигонның қалаға өте жақын орналасқанын және аудан табиғаты мен және жергілікті тұрғындарға зиянын тигізіп жатқаны айтылған.

ҚаҺарман Бағынов, Жылой ауданы әкімінің орынбасары:

- «SatTransService» ЖШС жұмысы соттың шешімімен тоқтатылды. ЖШС осы жылдың мамыр айында жерді рекультивизациялау жобасын әзірлеп, тамыз айында полигондағы жинақталған қалдықтардан тазартып, қыркүйек-қазан айларында жер телімін мемлекетке қайтаруы тиіс еді. Алайда мекеме тарапынан бұл міндеттемелерін әлі күнге мүлдем орындамай отыр. Бүгінде экология департаменті тарапынан тексеріс жүріп жатыр. 

«Астана ақшамы». Тұмаудан қауіп бар ма?

http://www.astana-akshamy.kz/tumaudan-qauip-bar-ma/

«Қысқы каникулдан кейінгі кезеңде тұмау шамамен 2019 жылдың қаңтар айында белең алуы мүмкін. Елімізде 5 мыңға жуық науқас емделетін орындар дайындалған» деп жазады «Астана ақшамы». Сондай-ақ тұмау мен өзге де жұқпалы инфекциялардың жаппай таралуы болған жағдайда науқастарды қабылдайтын ұйымдар да анықталыпты. Тұмауға қарсы дәрі-дәрмек пен вакцинаның тапшылығы бар екені де айтылады. Жандарбек Бекшин Астана мен Қос­танай облысында тұмауға қарсы егетін дәрі-дәрмек пен вакцинаның тапшылығы барын жасырмаған. «Вакцина сатып алуға біз байқау өткіздік. Астанада осы мәселені шештік. Өзімізде бұрын 30 мың доза бар еді, тағы 50 мың доза вакцина сатып алдық», – деді ол. Бұған қоса еліміз бойынша науқастарға көмектесетін тұмауға қарсы егілетін 50 мың қорап «Тамифлю» және 10 мың қорап «Реленза» препараттарының қоры жиналған.

Жандарбек Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Тұмауға қарсы егілетін вакцина қауіпсіз. «Көптеген елдерде науқасты көшеде, метрода егеді. Бұрын біз вакцинаны инемен егетін едік, ал қазір жеке ине-дозамен саламыз. Іс жүзінде вакциналаудан ешқандай қауіп жоқ. Вакцинадан 2016 жылы 250 адам бас тартса, 2018 жылдың 8 айында 2220 адам өзінің пікірін өзгертіп, вакцинаны еккізген. Эпидемиология­лық маусымға дайындық алдында еліміздегі барлық емханалар жұмыс күндерін 20:00-ге дейін ұзартады. Ал демалыс күндері кезекші дәрігерлер науқастарды қабылдайды.

Рavlodarnews.kz. «Туристерді тарту үшін Баянауылдың үйлері түрлі түске боялуы мүмкін»

http://pavlodarnews.kz/index.php?id=16687

Ал Қостанай облысында 5 мыңнан астам адам вирустық инфекция жұқтырған. Оның жартысынан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар.  Осынша науқас эпидемиялогиялық кезеңде, яғни 1 қазаннан бастап ауруханаға жүгінген. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіндегілердің мәлімдеуінше, мұндай көрсеткіш күзгі және қысқы кезең үшін қалыпты жағдай. Айтуларына қарағанда, бұл сан жылдағыдан әлдеқайда төмен. Өткен жылы инфекция жұқтырғандар саны сегіз мыңнан асып жығылған. Айта кету керек, облыс көлемінде 97,4% пациент тұмауға қарсы екпе жасатқан. Яғни бұл – 40 мың адам.
Баянауылға келетін туристердің санын арттыру үшін ондағы үйлерді түрлі түске бояу жобасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы хабарлады, деп жазады Рavlodarnews.kz. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында аймаққа туристердің саны 56 303 адамды құраған.

Дастан Рыспеков, өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы:

- Бұл тәсілді шетелде Индонезия үкіметі қолданып, 230 үйді бояуға 22 мың доллар қаржы жұмсаған. Нәтижесінде келесі жылы туристердің саны екі есеге өскен. Біздің жағдайда бұны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік немесе демеуші арқылы жүзеге асыруға болады. Өңірдегі туризмді дамыту үшін өндірістік туризмді де қолға алуға болады. Ол үшін облысымыздағы ірі кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырылады. Сол арқылы кәсіпорындардың өнімдеріне жақсы жарнама жасалады. Бұл амалды Батыс Еуропада ширек ғасыр бұрын қолға алған. Германия елінде BMW зауытын жылына 250 мың турист аралайды. Қазақстанда екі кешенді құрылыс нысаны Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бірі шатыр пішініндегі ірі ғимарат «Хан Шатыр» болса, екіншісі – әлемдегі ең ірі түтін мұржасы бар Екібастұздағы 2-МАЭС. Аталған нысандармен қатар павлодарлық алюминий зауыты, Екібастұздағы майнинг орталығы, «Богатырь» көмір кеніші сияқты орындар туризмнің жаңа түрін айтулы деңгейге көтере алады.

«Замана». Бөдене өсіретін адам

http://www.zamana.kz/kz/akparat/3385-b-dene-siretin-adam 

Облыс  әкімі Болат Бақауов Баянауылға қатысты бастаманы сол ауданның халқы  өздері жүзеге асыра алатынын айтқан. «Егер бояуды берсеңіздер, иелері бояп, қалағандарыңыздай етіп бере алады», – деді өңір басшысы.
Тақырыпты ары қарай сабақтасақ. Қоғамға берік енген нарықтық қатынас кімнің болса да жігерін жаныды, еңбекке деген құлшынысын арттырды. Мысалы, шардаралық Марат Жұматаевтың бөдене бағып, қыр­ғауылды қолға үйреткені бір ғанибет. Бүгінде шағын шаруашылығын дөңгелетіп отырған Жұматаевтар отбасы тауық, бөдене асырауды кәсіп етуде. Шардаралық кәсіпкер отбасы бөдене жұмыртқасын әзірге көрші­леріне, ауыл тұрғындарына сатады. «Замана» газетінде жарық көрген мақаладан үзінді тыңдайық.

Марат Жұматаев, кәсіпкер:

- Денсаулыққа пайдасы орасан бөденені асырап-бағуыма зайыбымның дертке шалдығуы себеп болды. Дәрігерлер емдік қасиеті бар осы құстың шұбар ала жұмыртқасын пайдалануды ұсынған еді. Оның үстіне отбасымда денсаулығы сыр беріп жүрген жақындарым тағы бар болатын. Олардың да сауығуын ойлап, осы кәсіпті бастауға ден қойдым. Бөденелерге бір күнде үш мезгіл бидайдың ұнтағын, жүгері, тары араластырып береміз. Суын ауыстырып, қадағалап тұрамыз. Алғашында өзіміз ғана пайдаланып келген бөдене жұмыртқасының артылғанын көрші-қолаң сатып ала бастады. Дертке дауа болғанын есті­ген адамдар тапсырыс беріп, кезекпен алатын болды. Қолымдағы 200 бөдене күніне кемі 100 жұмыртқа береді. Ал жұмырт­қа бағасы тауықтың жұмыртқасымен бірдей сатылады. Пайдасы молынан болмаса да ас-ауқатымыз бен киім, керек-жараққа жарап тұр. Бәрінен бұрын дертке шипа болатындығы қу­ан­тады.

Авторы: Қарлығаш Қасиетова

Осы категория бойынша: « Қазақстанда қанша науқас ағза алмастыруға мұқтаж? Халқымыздың Салбурын салты қайта жаңғырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы