371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теңге мен фунт стерлингтің қадір-қасиеті қандай?

  • 579
  • UPD: 11:04, 12.11.2018

Бүгінгі шолуымызды республикалық «Айқын» газетінде жарық көрген мақаламен бастаймыз. Тақырыбы: Алып елдің ақшасы. Рас, алып ел дегенде алдымен АҚШ, ал ақша дегенде ойға бірден доллар оралады.

Алайда мақала Ұлыбританияның ұлттық валютасы фунт стерлинг жайында. Автор алдымен қазір халықаралық сауда-саттықта қолданылып жүрген валюталарды түгендеп шығады. Олар - әрине, АҚШ-тың доллары, Жапонияның иенасы, Қытай юані және Швейцарияның франкы. Олардың қатарында біз айтқан британ фунты да бар. Мақала авторы оның шығу тарихына тоқталып, қазір қаншалықты құнды екенін де атап өтеді.

«Британ фунты – дүние жүзіндегі көне әрі қымбат валюталардың бірі. Әдетте оның бағамы АҚШ доллары мен еуроға қарағанда жоға­ры болады. Бір қызығы, фунт стерлинг қымбат болғанына қара­­мастан оның қазіргі банк­нот­тарының номиналы доллар мен еуроның номиналындай ірі емес. Күнделікті қолданыста 5, 10, 20 номиналды фунт көбірек кездеседі. 2011 жылы Лондондағы дүкендердің бірінде керек затымды алу үшін төс қалтамнан 50 фунтты суырып алып, сатушыға бергенде оның таңырқай әрі күмәнмен қарағаны әлі есімде. Сөйтсем, ағылшындардың өзі 50 фунтты күнде көре бермейді екен» 

Сондай-ақ автор өз мақаласында Тұманды Альбион мен қазақтың теңгесі арасындағы байланысты да атап өтеді. Қазақстан валютасының алғашқы банкноттары Ұлыбритания астанасы Лондонда басылғанын жақсы білеміз. Ал 1994 жылы төл теңгеміз ерекше дизайны мен сапалы дайындалғаны үшін Елизавета патшайымның марапатына ие болған. Мақалада бұл туралы да айтылады. Жалпы автор британдықтардың өз ақшасын қаншалықты қадірлейтінін алға тартып, қазақстандықтарды да өз валютасын асқақтатуға үндейді.  

«Ұлыбританияның ұлт­тық валютасы – фунт стер­ли­нг тамыры терең әрі құны жо­ға­­­ры көне валюта. Бірнеше ғасыр­лық тарихы бар ағылшын ақ­шасы – британдықтардың мақтанышына айналған ұлттық нышанның бірі. Экономикалық жағдайдың қиындығына, дол­лар мен еуроның қыспағына қара­мастан ағылшындар фунт стерлингті көздің қарашығындай сақтап келеді. Тіпті оны заман талабына сай дамытып, уақыт өткен сайын жаңа легін шығарып, жаңартып отырады. Сондықтан ағылшындардан ақша басып шы­ғаруды ғана емес, ұлттық валю­та­ны қалай асқақтата білуді де үйренген абзал» 

- Фунт стерлинг жайлы біршама ақпарат білдік. Ал аталған валютаның теңгеге шаққандағы бағамы қандай? Жаңа апта қандай көрсеткішпен басталды? 

Алдымен фунт стерлингтің әлемдегі қымбат валюталардың бірі екенін айта кетейін. Ал, қолымызда бар соңғы ақпаратқа сүйенсек, қазір 1 фунт стерлинг 484 теңгенің шамасында.

Шолуымызды ары қарай «Астана Ақшамы» газетіне  жарияланған мақаламен жалғастырамыз. Тақырыбы: Рухани тығырық. Өзекті дүние жас ұрпақтың тәрбиесіне арналған. «Бұрын тәрбие мен білім егіз дейтінбіз. Қазір сол егіздің сыңарының бірі дәріптеліп, екіншісі ауызға алынбайтын, алынса да мүлде сирек алынатын болып жүр". Мақала осылай басталады. Ары қарай автор «тәрбие неліктен әлсіреп кетті» деген сұраққа жауап іздейді.

"Жалпы біздің дана халқымыз ертеде-ақ осылардың бәрін бір-ақ ауыз сөзге сыйғызып: «Тәрбиесіз білім – тұл» деп әбден біліп айтқан ғой. Егер қазіргі таңда күллі өркениетті әлем оқыту, білім процесін ізгілендіру қажет, әйтпесе, білім мен ғылым адамзатты жержүзілік жаппай бақытқа емес, апатқа алып баруы мүмкін деп дабыл қағып жатса, бұны дәл осы тәрбиенің жасампаз күшін айқын сезінгендіктен туған дабыл деп түсінген ләзім"

Түптеп келгенде автор қазір тұтас тәрбие жүйесін өзгерту керек деген қорытындыға келеді. Ары қарай шолуымызды еліміздің бас басылымымен жалғаймыз. Егемен Қазақстанда жарық көрген кезекті мақала «Жаңа технология - жайқалған егін» деп аталады. Оған  Қарағанды облысындағы егін жайы арқау болған. Биыл аталған аймақта ауа райы диқандар үшін аса қолайлы болған жоқ. Алайда өңірдегі шаруашылықтардың бірі табиғаттың тосын мінезіне қарамастан аста-төк өнім жинапты. 

«Биыл шаруашылық бидай­дың «австриялық» деп аталатын сұрыбының тұқымын 550 гектар алқапқа сіңірді. Жер­ді австриялық маман­­­дар жасап шығарған «Nourivit» инновациялық тыңайт­қы­­­­­шы­­­мен өңдеді. Бұл ты­ңайт­­­қыштың құрамында топы­рақты микроэлементтермен байы­та­тын және оның ауа өт­кіз­гіш­тік қасиетін  арттыратын мик­роорганизмдердің қосындысы бар. Мұның нәти­жесі аста-төк өнім алуға қол жеткізді»

Шаруашылық мұнымен тоқтап қалмайды. Бұл көрсеткішті келесі жылы 10 есеге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Яғни 5 мың гектарға дейін дән егу жоспарда бар.

Осы категория бойынша: « Халқымыздың Салбурын салты қайта жаңғырды 11 мың мұғалімнің жалақысы өспейді. Неге? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы