369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай мен Қазақстан арасына Ертіс өзенімен жүк кемелері қатынауы мүмкін

  • 477
  • UPD: 12:52, 15.11.2018

Қазіргі таңда «Павлодар өзен порты» мен Қытай тарапы су жолдары арқылы жүк тасымалдау келісім-шартын жүргізіп жатыр.

Бұл туралы павлодарлық «Сарыарқа самалы» жазады. Қос жақтың жоба-жоспары бойынша келесі жылдан бастап көрші елдің шекарасына дейін кокс материалдары жеткізілсе, ол жақтан тұз әкелінбек. Мұндағы алып жүк кемелерінің бір барғанда бір мың тонна өнім апаратын мүмкіндіктері бар. 

Астана ешқашан сусыз қалмайды. «Астана ақшамы» газетіне Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев осылай деп сұқбат берді. Оның айтуынша, жалпы Орталық Қазақстанда ауыз су қорының жеткіліксіздігі деген мәселе бар. Алайда Қаныш Сәтбаев атындағы канал арқылы орталық өңірге жеткілікті мөлшерде су жіберіледі. Бұл арнаның қуатын екі есе көбейтуге мүмкіндік бар. Ол – алдағы күннің еншісіндегі іс. Әбішевтің пікірінше, егістікке жіберілетін судың бағасын көтеру керек. Әйтпесе, біз тіршілік нәрінің қадірін білмей жүр екенбіз. Жалпы жақын арадағы 50 жылдың көлемінде Қазақстанда судан проблема болмайды, деп сендірді атқамінер.

- Мысалы Ертіс өзені Қытайдан бастау алатыны белгілі. Көршілер оның батысын 2000 жылдан бастап игеріп, суының көп бөлігін Шың-жаңға қарай бұрып жатыр. Алдағы уақытта осы мәселе ушығып кетпей ме?

Жасын Біркенов, тілші:

- Ертіс ғана емес, Іле суы да азайып келеді. Бірақ қытайлар суды бөгей қоймас. Су ресурстары комитетінің төрағасы бұған кәміл сеніп отыр. Сұқбатынан бір үзінді тыңдап көрелік. 

«Қытайлар суды бекітіп тастап, үлкен проблема туады деп ойламаймын. Мысалы, АҚШ атом бомбасын жарып, ядролық соғыс басталып кетуі мүмкін бе? Әрине жоқ. Бұл да сондай мәселе. Менің пайымдауымша, «Қытайлар бізге су бермей қойып, қырғын-топан болады» деген қорқыныштан гөрі «Ядролық қару террористердің қолына түсіп кетіп, Жер шарын аударып жіберуі мүмкін» деген қауіп басымырақ. Иә, ондай қауіп туындауы мүмкін. Егер ҚХР-дың басшылығына Гитлер сияқты біреу келіп, судың жолын жауып тастаса» 

Қазақстан халқын ауыз сумен қамтамасыз ететін су – Ертістің суы. Бұл өзен суының 75 пайызы өз еліміздің аумағында қалыптасады. Ал Іле суының 15-20 па¬йызы Қазақстан территориясында түзіледі. Ең болмағанда, ауызсу ішуге және басқа мақсаттарға мүмкіншілігіміз бар, дейді шенеунік «Астана ақшамына» берген сұқбатында.

«Бәлкім егін екпей қоярмыз. Ядролық қаруды қолданып, жерді төңкеріп жіберетін қауіппен салыстырғанда бұл – түкке тұрмайтын қауіп. Сол себептен алдағы күні «Ауызсудан тарығамыз!», «Қырылып қаламыз!» деп байбалам салу орынсыз. Екіншіден, қазір біз қытайлармен суды бөлу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр¬мыз. Алдағы 2-3 жылдың ішінде нақты бір келісімге келеміз. Демек, бұл мәселе де оң шешілетініне күмәнданудың қажеті жоқ» 

«Келісім-шарт бойынша жүк тиеген баржалар Ертіс өзені арқылы Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылының станциясына дейін барады. Бас инженердің сөзінше, жүк кемелері шекаралық ауылға дейін шамамен 1200 шақырым жол жүретін болады. Бұл - Павлодар экономикасында бұрын-соңды болмаған аса ауқымды жоба. Екі ел арасындағы келісімшарт бойынша әзірге кокс материалдарын апару көзделуде. Ал қайтарда алып кемелер бос келмес үшін тұз тиеледі»

Ертіс арқылы жүк кемелері жүретіні туралы Шүлбі, Өскемен, Бұқтырма су қоймаларына да хабар берілді. Қажет болған жағдайда олар да қолдау білдіреді. Су жолымен жүк тасымалдау Қытаймен ғана шектелмейді. Болашақта Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен байланыс орнауы мүмкін.

Осы категория бойынша: « 11 мың мұғалімнің жалақысы өспейді. Неге? Кино түсіру ермек пе? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы