369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысындағы ауыл көгілдір отынға қосылды

  • 465
  • UPD: 15:09, 20.11.2018

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жақаев ауылы көгілдір отынға қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды. Жамбыл облысында баламалы энергия көздерінен қуат өндіру ісі өрге басып тұр. Жуырда Шу ауданында тағы бір күн электр стансасы салынбақ.

Алматы қаласы Түрксіб ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына алматылық кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұйытқы болыпты. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке қаржысы есебінен 2 млрд теңге инвестиция құйып, игі шараның жүзеге асуына себепкер болған. Бұл туралы «Алматы ақшамы» газеті жазыпты.

Жаңа орталық церебралды паралич ауруына шалдыққан, ойлау қабілеті төмен, сондай-ақ даун синдромымен ауыратын 3 пен 15 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. «Мейірімнің» аумағында айрықша инклюзивті балалар алаңы орналасқан. Мұнда олар түрлі жаттығулар жасап, өздерін тік және дене тепе-теңдігін ұстауға, жалпы және шағын моториканы, күштерін, ептілігін, көру қабілеттерін, тактильді сезу мүшелерін жетілдіреді. Бұдан өзге балалар топпен ойнауға бейімделеді.

«Соңғы үш жылдың ішінде мегаполисте әлеуметтік саланы қаржыландыру 2,5 есеге өсті. Биылғы жылы тек мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға қала әкімдігі 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Қазіргі кезде қалада 23 оңалту орталығы жұмыс істейді. Олардың тең жартысы жекеменшік» делінген мақалада.

Шуда талайды тамсандырған жобалар қолға алынуда

Жамбыл облысында баламалы энергия көздерінен қуат өндіретін 10 нысан бар. Оның төртеуі су, үшеуі күннен және үшеуі желден тұрақты қуат өндіріп тұр. Айта кету керек, бұл аймақтағы электр энергияның 16 пайызы осы баламалы энергия көздерінен өндіріледі.

Жамбыл облысында тағы бір күн электр стансасы пайда болады. Жоба Шу ауданында қолға алынып отыр. Жобалық қуаты 130 МВт-қа дейін жетеді, деп жазады Жамбыл облыстық «Арай» жастар газеті.

Биыл Абай ауылынан елімізде баламасы жоқ күн электр станциясының құрылысын бастадық. Осыған дейін Жуалы ауданында 50 МВт күн электр станциясы салынса, біздегі электр станцияның қуаттылығы 130 МВт-қа дейін жетеді. Жобаның сметалық құны 44 миллиард теңгені құрайды. Жалпы аумағы 300 гектар жерді алып жатыр. Жобаға  жауапты компания құрылыс жұмыстарын үш кезеңге бөліп отыр. Бірінші кезең бойынша қазір станция орнын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатса, келер жылы монтаждау басталады. Ал үшінші кезең 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Осылайша елімізде бұрын-соңды болмаған алып күн электр станциясы келер жылы іске қосылғалы тұр. «Бұл аудан тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын ашатыны айқын», – дейді аудан әкімі Қайрат Досаев. 

Шиелі ауданының Жақаев ауылы көгілдір отынға қосылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Ыбырай Жақаев ауылына табиғи газ кірді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге газ жүргізу туралы келісімшарт жасалуда, деп хабарлайды облыстық «Сыр бойы» газеті.

«Мемлекет басшысының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбыры Сыр еліне сәтті мүмкіндік берді. Олай дейтінім, облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудан орталықтарын және өткен жылы Байқоңыр қаласын газдандыруға мүмкіндік берді. Міне, енді кент орталығынан бөлек ауылдық елді мекендерді де газдандыру жұмыстары жүргізілуде», – деді аймақ басшысы.

Биыл қалған 3 аудан орталығына Жосалы, Тереңөзек және Жалағаш кенті көгілдір отынға қосылса, ал 2019 жылы кентішілік газ желілерінің құрылысы басталады. «Бүгінде облыс халқының 63%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілді, 2020 жылға қарай 95-ке дейін жеткізу міндеті қойылып отыр» делінген мақалада.  Ал Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды. Облыс әкiмдiгiнiң отырысында биылғы егін орағының қорытындылары шығарылды. Онда келтірілген мәліметтер бойынша 2,8 миллион гектар алқаптан 5,2 миллион тонна астық алынып, гектар шығымдылығы 18,7 центнерден айналған. «587 мың тонна картоп, 110 мың тонна көкөніс жиналған. Келесі жылға 519 мың тонна тұқым әзірленген» деп жазады «Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

Жергілікті аграршылар рапс, зығыр және күнбағыс өсiру жоғары табыс көзі екенін жақсы түсінеді. Оның үстіне майлы дақылдар сыртқы нарықта жоғары бағаланады. Рапстың  бір тоннасы былтыр 127 мың теңге болса, биыл 133 мың теңге. 1 тонна зығыр 105 мың теңгені құрайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15 мың теңгеге қымбат. Күнбағыстың бағасы 110 мыңнан 115 мың теңгеге дейiн жеттi. Тұтастай алғанда, майлы дақылдар бидайдан 2,5 есеге қымбат.

Осы категория бойынша: « Жамбылда жастарды шопандыққа баулитын жаңа жоба жүзеге асырылмақ Ақыртас кешені туристер үшін тартымды нысандардың әлемдік тізіміне енді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы