369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақыртас кешені туристер үшін тартымды нысандардың әлемдік тізіміне енді

  • 403
  • UPD: 12:06, 21.11.2018

Әулиеата жерінің рухани брендіне айналған Айша бибі кесенесі мен құрылысы қайталанбас, құпиясы құнды Ақыртас сарай кешені туристік тартымдылық және туризмді тұрақты дамыту мәселелері жөніндегі Халықаралық комитеттің дүниежүзілік маңызды мәртебесіне ие болды.

Бұл қос тарихи нысан туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне еніп отыр деп хабарлайды Жамбыл облыстық «Арай» жастар газеті. 

– Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен біз 5 ай бойы өңірдегі барлық туристік нысандар жайлы тарихи деректер мен жәдігерлердің сипаттамаларын, таныстырылымы мен бейне материалдарын әзірлеп, жинақтап, зерделеп, комиссия назарына ұсындық. Бұл бағытта қала қонақтарының, алыстан келген туристердің, жергілікті тұрғындардың да пікірімен санастық. Нәтижесінде біздің еңбегіміз зая кетпей, Жамбыл облысында орналасқан республикалық маңызы бар екі тарихи нысан – XII ғасырда салынған сәулет ескерткіші Айша бибі кесенесі және әлем бойынша аналогы жоқ Ақыртас сарай кешені туристік тартымдылық және туризмді тұрақты дамыту мәселелері жөніндегі Халықаралық комитеттің дүниежүзілік маңызды мәртебесіне ие болды. Бұл нысандарды комитеттегі барлық, атап айтқанда 80 мемлекеттің халықаралық сарапшылары бірауыздан қолдады.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Ұлы Дала жауһарлары жаһанға танылып, күллі кеңістіктегі көпшіліктің көз қуанышына айналатынына бізде сенім білдіреміз.

Ал Шығыс Қазақстанда жолдар жаппай жөнделіп жатыр. Өңірде кейінгі бірнеше жыл көлемінде жергілікті маңызы бар 484 шақырым жолдардың көпшілік бөлігі толық жөндеуден өтті деп жазады облыстық «Дидар» газеті. 

Өткен жылдан бері республикалық маңызы бар «Таскескен – Бақты» автомобиль жолының 0-20 шақырымдарында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 3 млрд 800 млн теңге. Өткен жылға жоспарланған 711 млн теңге толық игеріліп, межеленген жұмыстар атқарылды. 2018 жылы аталған автокөлік жолының қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен 1 млрд 369 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Облыстық маңызы бар (Мақаншы – Жалаңашкөл) автомобиль жолының 82-133 шақырымдарында орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1 млрд 253 млн теңге қаржы бөлініп, барлығы 51 шақырым автокөлік жолы жөндеуден өтті. Бүгінгі күндері жұмыстар аяқталды. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Ал Павлодар облысында ауыр жүк көліктерімен күрес күшейе түспек. Мұндай қадам жол құрылысы мен жөндеуіне жұмсалған қаржының желге ұшпауының алдын алу мақсатында жасалып отыр. Өйткені мамандар жаңадан салынған немесе жөндеу көрген тас жолдың аз уақыт ішінде жарамсыз болып қалуының басты себебі дәл осы ауыр жүк көліктерінің жүкті шамадан асыра тиеп, тасымалдайтыны деп топшылайды. Деп жазады Сарыарқа самалы Павлодар облыстық газеті. 

Жалпы биыл облыста артық жүк тасымалдаған 370 көлік ұсталыпты. Оның 90-ы әкімшілік жауапқа тартылған. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермұрат Нұрхановтың айтуынша, тасымалдаушылардың тиісті талаптарды сақтамауынан жөнделген жолдарды жыл сайын қалпына келтіруге тура келуде. Мысалы, биыл 20 мың шаршы метр жолды ретке келтіруге 600 млн. теңге жұмсалған.   

Арнайы институт жүргізген зерттеу нәтижесі бір білікке түсетін салмақты бекітілген нормадан  1 тоннаға көтергеннің өзінде жолдың тозу жылдамдығы 2 есеге жеделдей түсетінін көрсеткен. Яғни шектеулі салмақ ұлғайтылса, тапқанымыз жол жөндеуге ғана жұмсалып отыратын көрінеді. Сондықтан құзырлы мекемелер бақылауды босаңсытпауға бекініп отыр.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысындағы ауыл көгілдір отынға қосылды Баспасөзге шолу: Елбасы мақаласы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы