371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баспасөзге шолу. Тарихи сана жаңғырады

  • 763
  • UPD: 09:59, 23.11.2018
Баспасөзге шолу. Тарихи сана жаңғырады

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Мерзімді басылымдар тағы нендей тақырыптарды мақалаға өзек етті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Елбасы еліміздің рухани-тарихи әлемін жан-жақты қамтып кеткен. Бұл қоғамда сан түрлі пікір тудырды. Газет беттеріндегі бірқатар мақалаларға тоқталып кетейін. 

https://aikyn.kz/2018/11/22/73970.html

Кенжехан МАТЫЖАНОВ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:
- Елбасы­ның «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегі тарихқа жаңа көзқарас, тарихи сана­ны жаңғыртудың мүлде тың көрінісі деп бағалауымыз керек. Енді осы тұжы­рым­дамалық ойда тарата баян­дап, терең­дей зерттеу бүгінгі зиялы қауым­ның азамат­тық парызы болуы керек. Тұтастай алғанда, бұл еңбек жалпы адамзат тарихына, соның ішінде біздің отан­дық тарихымызға тосын, тың сер­пі­ліс әкелетін, болашақ ұрпақты өзі­нің тарихы­мен, ұлы мәдениетімен мақтана ала­тын асқаралы іске бастайтын іргелі баста­ма деп санмын.

Тарихты түгендеп, ұлттық рухты оятатын мақала

https://egemen.kz/article/178200-tarikhty-tugendep-ulttyq-rukhty-oyatatyn-maqa

Ал «Егемен Қазақстан» газетіне жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан пікірін былай деп білдірген.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы дәл кезінде уақытпен үндесіп, ұлттық рухты оятып, тарихымызды әлемді шарлап, түгендегелі отыр. Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап кейінгіге үйрету ұрпақтарының парызы. Ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елбасымыз түркі әлемінің бесігі тәуелсіз Қазақстанның жастарына «Жастар жылын» жариялай отырып, шыққан тектерімен таныстырған мақала жолдап отыр. Біздің әлемдегі ешбір ұлттан кем емес екендігімізді дәлелдейді. Ал осыны оқыған ұрпақ төл тарихын білуге ұмтылып, тарихи санасы жаңғырып, мақалада айтылған керемет идеяларды қолға алып, жобаларға атсалысатына сенеміз».

«Сергек» мүлгімейді

http://www.astana-akshamyk

«Сергек» фото-бейнетіркеу және бейнебақылау жүйесінің арқасында мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 млрд 270 млн теңге көлемінде қаржы түсіпті. Нәтижесінде жол-көлік оқиғалары 16 пайызға, одан жараланатындар саны 22 пайызға, апат салдарынан болатын өлім 54 пайызға төмендеген», деп жазады «Астана ақшамы» газеті.  

«Астанада «фото-бейнетіркеу және бейнебақылау аппараттық-бағдарламалық кешенді құру және пайдалану» жобасы былтыр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асқан болатын. «Сергек» – Назарбаев Университетінің ғалымдарының қатысуымен жасалған отандық жүйе. Оның негізінде машиналық оқыту желілерінің нейронды технологиясы қолданылған. Жоба аясында 13 мың камера қою және интеграциялау көзделсе, оның 6 мыңы қала көшелерінің 400 қиылысы мен 300 желілік учаскесіне, 4 мыңы адамдар көп жиналатын орындарға, сауда, ойын-сауық және бизнес орталықтарында орнатылып, 3 мыңы сыртқы камераны интегциялауға белгіленген».

Кір бағасы көтелмейді 

http://didar-gazeti.z

Шығыс Қазақстан облысында көмір бағасы көтерілмейді. Бұл жөнінде облыстық «Дидар» газеті хабарлайды. «Облыс әкімдігі қоймаларда сатылатын көмір бағасының көтерілмеуін, ауыл тұрғындарына да осы бағамен жеткізілуін қадағалайды. Сондай-ақ көмір жеткізушілердің де бағаны негізсіз көтеруіне тосқауыл қоймақ» делінген мақалада.

«Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы халқының 88 пайызы қара отынмен қамтамасыз етілген. Облысқа жоспарлы 851 мың тонна көмірдің орнына биыл 955 мың тонна жеткізілген. Демек 104 мың тоннаға артық. Көмір соның өзінде жетпей жатыр. Ал кен орнында көмір жоқ емес, бар. Өндірілген көмірдің тек 10 пайызы экспортқа шығарылады. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы жыл сайын өңірде көмір өндіру көлемі артып келе жатқандығын атап өтті. Кен орнында 2016 жылы 6 миллион, өткен жылы 7 миллион тонна көмір өндірілген. Биыл бұл көрсеш 8 миллион тоннаға жеткен». 

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Осы категория бойынша: « «Ұлы даланың жеті қыры». Отандық БАҚ не дейді? Алматыда Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш қойылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы