371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш қойылады

  • 619
  • UPD: 13:34, 26.11.2018

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы еліміздің түкпір-түкпіріндегі игі бастамаларға түрткі болды.

Бұл туралы баспасөз беттерінен оқып танысуға болады. Еліміздегі мерзімді басылымдар тағы қандай тақырыптарды мақалаға өзек етті?

«Егемен Қазақстан» газеті. Ұлы дала тарихының жаңа көкжиегі

Төл тариxының тамырынан нәр алып, опық жеген замандардан тағылымды ой түйіп, нәтиже шығара алған ұлттың ғана болашаққа бағдары айқын. «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген белгілі қаламгер Ақберен Елгезектің елдік бастамаға үн қосқан мақаласы осылай басталады. Әр мемлекеттің тариxи саясаты болуы керек деген автор тариxи саясаттың маңыз­дылығы жағынан сыртқы я ішкі саясаттан еш кем еместігін, тариxи саясаты мығым елдің идеологиясы да қуатты әрі нәтижелі болатынын атап өткен. 

https://egemen.kz/article/178259-uly-dala-tarikhynynh-zhanha-koekzhiegi-aqberen-elgezek

Ақберен Елгезек, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары:

- Тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде Қазақстан ұлттық тариxын жүйелеуге, отарлық саясаттан аршып алуға бі­раз талпыныстар жасады. Әуелі біз «Мәдени мұра» бағдарламасы арқы­лы тариxи ескерткіштерді қалпына келтіріп, құнды жәдігерлерді жинақтап жүйеледік, тариxи теориялық біраз мәселелерімізді шешіп алдық. Бірақ Елбасының жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген арналы бағыттар бізде бұрын-соңды болған емес. 

Ұлы дала тариxының алтын тамыры – мыңжы­л­дықтар тереңінде ашылуға даяр жатқан ғажайып руxани қазына. Елбасы мақаласында айтылған, жұрт жұмыла атқарысуға тиіс шаруалар сол алтын көмбені қазып алуға жол ашқалы отыр деп ой түйеді автор.

«Айқын» газеті. Ұлы дала тарихы атты жаңа пән енгізілді

«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу үдерісіне Ұлы дала тарихы пәні енгізілді» деп жазады республикалық «Айқын» газеті. «Пәннің мақсаты – Қазақстанның ежелгі дәуірден XX ғасырдың басына дейінгі кезең тарихын студенттерге жүйелі түрде оқыту, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Ұлы дала тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми тұжырымдарды зерделеу», – дейді ғалымдар.

https://aikyn.kz/2018/11/23/74211.html

Аталған пән Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық тұжырымдарына негізделген. Курстың хронологиялық шеңбері еліміздің ежелгі дәуірден XX ғасыр басына дейінгі қалыптасқан тарихи кезеңдерімен анықталған. Ұлы дала ұғымын eліміздeгі бaрлық халықтар қacтeрлeйтін жeтeкші идeя рeтіндe түсіндіріп, оның ғылыми нeгіздeмecін жacaп арнайы оқыту, уақыт талабынан туындап отыр.

Пән 15 тақырыптан тұрады. Қазіргі күнде аталған пән бойынша арнайы оқу құралы дайындалып жатыр. Оған белгілі ғалымдар мен сала мамандары жұмылдырылған.

«Жетісу» газеті. Тұрғын үй төлемдері жеті есе арзандайды

Жаңа бағытта көркейіп келе жатқан Талдықорған қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландырудың пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл туралы аймақтық «Жетісу» газетіндегі «Тұрғын үй төлемдері жеті есе арзандайды» мақаладан оқып таныстық. Қаладағы «Көктем» шағын ауданындағы тұрғын үйлер «Е-шаңырақ» интеллектуалдық-ақпараттық жүйесіне қосылып, тұрғындар коммуналдық төлемақыны аз мөлшерде төлеп жатыр. «Сандық жүйенің тиімділігі мол», – дейді билік өкілдері.

http://zhetysu-gazeti.kz/news/cat-2/3668/

Мархабат Жайымбетов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитетінің төрағасы:

- Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын цифрландыруға үлкен мән беріліп келеді. Қазір Алматы, Астана қалаларында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, Ақтөбе қаласында бір тұрғын қазан айында жылуға 3 500 теңге төлеген. Енді ақылды есептеуіш құралдар арқылы небәрі 500 теңге төлеген. Бұл дегеніміз 7 есеге аз. Цифрландыру ашықтық пен жариялықты талап етіп, халықтың сенімін нығайтады.

Талдықорған қаласындағы 9 тұрғын үй «Е-шаңырақ» интеллектуалдық-ақпараттық жүйесіне қосылып, жылу, жарық және судың ортақ есептеуіш құралы орнатылған. Жаңа жүйе арқылы тұрғындар қаражаттың қайда жұмсалып жатқандығын біліп, сауалдарын жолдай алады. Жаңа жүйе портал мен мобильдік қосымша арқылы жұмыс істейді.

«Алматы ақшамы» газеті. Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш қойылады

Алматыда Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш орнатылады. Бұл туралы мың жасаған шаһардың жаршысы «Алматы ақшамы» газетінде жазылған. Қалалық мәдениет және архивтер басқармасы Төлеген мен Қыз Жібек ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс жариялаған. Конкурстың талаптарына назар аударайық.

http://almaty-akshamy.kz/y-z-zhibek-pen-t-legenge-eskertkish-ojy-lady/

Ескерткіш «Қыз Жібек» лиро-эпостық дастанының, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының идеялық мағынасын, көркемдік образдық мазмұнын кеңінен ашуы, айна­ладағы сәулеттік және ландшафтық көрініспен үйлесуі, мәңгілік құндылықтар – ерлік пен махаббатты мадақтауы тиіс. Жобада ұзақ мерзімге төзімді материалдар (мәрмәр, гранит, қола) қарастырылуы керек.

Ескерткіш Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдына орнатылатын болады.

Авторы: Гүлжан Көленқызы

Осы категория бойынша: « Баспасөзге шолу. Тарихи сана жаңғырады Өлі көлдің құпиясы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы