371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өлі көлдің құпиясы

  • 675
  • UPD: 12:04, 27.11.2018

Жер бетіндегі ең қауіпті орындардың бірі Қазақстанда десе, сенер ме едіңіз? Ойланып қаласыз, әрине. Ойлануыңыз орынды. Өйткені ол жерді шетелдіктер тұрмақ, өзіміз де біле бермейді екенбіз. Қай жер дейсіз бе? Айтайық, ол Өлі көл. Құпиясы көп көл туралы Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеті жазады.

Өлі көлді Таяу Шығыстағы Өлі теңізбен шатастырмаңыз. Бұл көл Алматы облысында орналасқан. Көлдің ұзындығы 100 метр болса, ені 60 метрдей. Өзі шағын болғанмен, құпиясы көп. Шілденің шіліңгір ыстығында көлдің суы мұздай болып жатады. Кәдімгі өзен-көлдерде кездесетін тіршілік иелері Өлі көлде атымен жоқ. Балық та, бақа-шаян да, балдыр да жоқ. Тіпті көлдің жағасынан шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаны көру мүмкін емес. Ғалымдар бұл тылсым құбылыстың сырын көл түбінен бөлініп шығатын улы газдың әсері деп түсіндіреді. Ұдайы бөлініп тұратын газдың салдарынан су түбіндегі өсімдіктер мен жануарлар әлемі түгел қырылып қалса керек.

Бүгінгі таңда Алматы облысы Герасимовка ауылы маңындағы Өлі көлді көргісі келетін, оның құпияға толы сырларын білгісі келетін туристер де бар. Дегенмен қанша уақыт өтсе де, ғалымдар алақандай ғана көлдің жұмбағын аша алмай келеді.

Қазақстандық кәсіпкерлер алғаш рет халықаралық «Quality Innovation of the Year» – «Жылдың сапалы инновациялары» байқауына қатысады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жариялады. Байқауда елімізде өндірілетін инновациялық медициналық тауарлар, құрғақ топырақты ылғалдандыруға арналған материалдар, өңделген қалдықтардан шығарылған киім-кешек, вакуумды қаптамадағы ет өнімдері таныстырылады. Аталған байқауға қаты­су­ға 6 үміт­­кер ниет бі­л­діріп отыр. 

Ләззат Рамазанова, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы хатшылығының басшысы:

- Бүгінде бизнес өкілдері бә­се­кеге қабілеттіліктің негізгі құралы сапа екенін түсінеді. Шығарылатын өнімнің сапасын үнемі жақсартып отырмаса, ішкі нарықты бірінші қажет­тіліктегі тауарлармен то­­лық­­тыру және экспортқа шы­­ғару мүмкін емес болып барады.

Үміткерлер әлем­дік дең­­­гей­­дегі бай­­­қау­ға қатысу ар­қылы Қазақ­­станның әлеуметтік-экономика­лық тұрғыда тиімді жобаларды іске асыруға ниетті екенін дәлелдемек.

Кез келген мемлекет үшін демографиялық саясат аса маңызды рөл атқарады. Өйткені мемлекеттің өсіп-өркендеуіне халық саны тікелей әсер етеді. Еліміздегі халықтың өсімі туралы «Түркістан» газеті деректерге толы мақала жариялапты. Автор халық санын арттыру үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды сараптап, демографиялық саясаттың механизмдері жетілдірілгенін атап өтеді. Ал, халық санын арттыру үшін табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды тиімді пайдалану қажет. 

Демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіші – ана мен бала денсаулығы. Мемлекет тарапынан көрсетілер көмек пен қолдаудың арқасында елімізде соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 25 пайызға артқан. Күн сайын елімізде 1000-нан астам сәби өмірге келеді. Мамандардың айтуынша, демографиялық өсімді арттыру бойынша жұмыстар осы қарқынмен жалғасатын болса, елімізде 2050 жылға қарай халық саны 24 миллионнан асады.

Қазақтың көбеюі тек ішкі өсімге ғана байланысты емес, сондай-ақ тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының Дүниежүзілік қазақтар құрылтайына мұрындық болып, әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қазақты қайта елге шақыруы демографиялық жағдайға оңтайлы әсер етті. 1991-2017 жылдар аралығында Қазақстанға 1 миллионнан астам қазақ оралған.

Республикалық «Айқын» газеті оқырмандар үшін пайдалы ақпаратты жариялады. Жыртқыш аңдардың санын реттеу және биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында қасқырды ату маусымы басталған. Қасқырларды ату іс-шаралары барлық аң аулау шаруашылықтарында,  қатаң қорғалатын табиғат аумақтарында және Алматы облысының мемлекеттік орман қорының жерлерінде жүргізіледі.

Қасқырдың санын реттеп отырмаса олар шаруа қожалықтары үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Алматы облыстық орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 2018 жылы саны реттеуді қажет ететін жануарлардың түрін аулауға 3880 рұқсат берді. Саны реттеуді қажет ететін жануарлардың  түрін аулауға рұқсатты e-gov порталынан немесе өз жеке Электронды Сандық Қолтаңба  кілтін пайдалана отырып Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

Осы категория бойынша: « Алматыда Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш қойылады Баспасөзге шолу. 28 қараша »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы