369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баспасөзге шолу. 28 қараша

  • 556
  • UPD: 12:59, 28.11.2018

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар облысынан келген өкілдер Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесті», – деп жазады Оңтүстік Қазақстан газеті.

Халыққа мемлекеттік бағдарлама аясындағы жеңілдіктер таныстырылды.

http://okg.kz/article/?id=14957&slug=kerekuge-barsa-yz

Тұрар Құдайбергенов, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазір біздің облыста 43 мың жұмыссыз бар. Халық саны да артып келеді. Облыс халқының саны 2 миллионға жуықтаған. Биыл қоныс аударуға ниет еткендерге 1700-ден астам квота бөлінген. 263 отбасы көшіп барған. Қоныс аударып барған отбасылардың әрқайсысына 1 млн теңгеден беріледі. 5 тонна көмір мен отынмен тегін қамтамасыз етіліп, жас мамандарға 3 жылға көтерме қаражат беріледі.

Павлодар облысының Железин ауданында 30 мектеп бар. Халық саны азайып бара жатқандықтан, оқушы саны да аз. Әр сыныпта 10-15 оқушыдан аспайды. Керекуліктер ақ қайыңды ауыл табиғатының ерекшелігін, мал ұстауға қолайлы екендігінен хабардар етті.

Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі кезеңді қамтитын мұрағаттар дүниесіне зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» бағдарламасын жасау қажеттігін айтты. «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында шетелдегі архивтерден маңызды құжаттардың көшірмелері елге келгені белгілі. Енді бұл жұмыс бұрынғыдан да қарқын алады. Бір ғана мысал, Рим Папасының жеке архивінде де Қазақ хандығына қатысты құжаттар бар. Ол құжаттарға қол жеткізу үшін келіс­сөздер жүргізілмек. Еліміздегі мұрағат ісінің барысы туралы республикалық «Айқын» газетінде жарияланған көлемді сұхбатта архив саласындағы жаңалықтар айтылады.

https://aikyn.kz/2018/11/27/74398.html

Жангелді Махашов, Ұлттық архив директоры:

– Енді архив қызметі ақылы болады. Президент заң жобасына мамыр айында қол қойды. Тағы бір жаңалық – елдегі архивтердің Орталықтандырылған деректер базасы құрылады. Жалпы Қазақстан архивтерінде 24 миллионнан астам құжат бар. Оларды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл қаржыға келіп тіреледі. Бізде қаржы мәселесі шешілген, сондықтан алдағы уақытта бұл жұмыс та еңсеріледі деп ойлаймын.

Цифрлы технология архив мұрасын сақтауға, сондай-ақ зерттеушілерге, жергілікті өлкетану­шы­ларға, тарихшыларға, журналистерге жұмыс істеуге мүкіндік береді. Желілік технологиялар арқасында құжат қоғамға қолжетімді болады. 

Қарыштап дамыған технологиялар заманы қолмен атқарылатын жұмыстарды азайтып, адам еңбегін алмастырды. Осының салдарынан қозғалыс аз, адам бір жерде отырып жұмыс істейді, артық тамақ жейді, жаяу жүрмейді. Бұл түрлі дерттерге себеп болады. «Егемен Қазақстан» газеті дендеп бара жатқан сусамыр дерті туралы дабыл қақты. Ұлттық қант диабеті ре­гистрінің мәліметінше, жыл басында еліміз бойынша қант диабеті диагнозымен есепте тұрғандар саны 309 мыңға жеткен. Елімізде қант диабе­ті тегін емделеді. Дегенмен дерттің алдын алудың маңызы зор.

https://egemen.kz/article/178368-qant-diabeti-bukil-dunie-zhuzin-qusyryp-barady

Әлемнің кей елдерінде диабеттің алдын алу мақсатында бірқатар тағам түрін сатуға тыйым салынған немесе зиянды тағамдарға көп салық салынады. Мәселен, Венгрия билігі құра­мында байытылмаған майлар, трансмайлар, қант пен тұзы көп тағамдарға салынатын салықты көтерді. Азық-түлікке салық енгізілген төрт жылда қазынаға 200 миллион еуро түскен. Оның 95 мыңы дәрігерлер жалақысына 25 пайыз үстеме ретінде қо­сылды. Тұрғындардың басым бөлігі салық салынатын өнімдерді азайтып, пайдалы тамаққа бет бұрған.

«Биылдан бастап қазақстандық мектептерде газдалған тәтті сусындар мен шоколад сатуға тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, енгізілген жаңа стандарттар балалардың зиянды тағамдарды пайдалануын шектемек», – дейді мақала авторы.

 

Осы категория бойынша: « Өлі көлдің құпиясы Қазақстан Президентінің тұңғыш фотографы кім? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы