369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Егемен Қазақстан» Елбасының сегізінші сынып кезіндегі фотосын жариялады

  • 582
  • UPD: 10:51, 03.12.2018

«Егемен Қазақстан» газеті ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сегізінші сыныпта түскен суретін жариялады.

Экранда көріп тұрған фото 1956 жылы Алматы қаласының іргесіндегі Шамалған ауылында түсірілген. Құнды жәдігерді республикалық басылымға Елбасының жақын досы һәм сыныптасы Сәдуақас Есімбай берген екен. Алдыңғы қатарда отырған үш адамның сол жақтан біріншісі – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ортадағы әйел Ирина Костицына. Бұл қыз Ресейдің Тамбов облысының тумасы екен. Тағдыр жазуымен Шамалған ауылына келіп, сегіз жылдық орта мектепте ұстаз болған. Шетте отырған еңселі қарияның аты Жылқыбай Қарасаев. Бұл кісі бізге бала Нұрсұлтанға математикадан сабақ берген. Одан кейін Нұрсұлтан Əбішұлының артында тұрған сыныптасы Қасым Жұрынбаев. Бұл жігіттің қатарлас тары нан екі жас үлкендігі бар екен. Ертерек дүниеден өтіпті. Ортадағы қыз Зейнеп Жақаева. Бұл да Нұрекеңнен үш жас үлкен, 1937 жылы туыпты. Кейін бухгалтер ма мандығын оқып, ұзақ жыл табан аудармай ауылда қызмет атқарған. Қазір Алматы облысы, Қарасай ауданы Жандосов ауылында тұрып жатыр. Суреттегі шетте тұрған бозбала Сəдуақас ағамыздың өзі. 

«Күмбезді зал – резиденцияның ең үлкен және ең әдемі залы. Залдың күмбезі киіз үйдің шаңырағы іспетті. Биіктігі еденнен 14,5 метр. 1997 жылы 10 желтоқсанда күмбезді залда Елбасымыз «Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Ақмола қаласы» деп жариялап, «бүгіннен бастап еліміздің жүрегі осында соғады»,– деп мәлімдеген. Елбасының тарихи жаңалықты дәл осы залда жариялауының өзіндік сыры бар. Өйткені Алматыдан еншісін алып, шаңырақ құрып, көк күмбездің астында жаңа астананы хабарлау – жақсы ырым әрі игі бастама. Зал тек Президенттің жоғары деңгейдегі кездесулеріне арналған. Бұл зал музей игілігінде болғанымен әлі де қолданыста».  

Қанша екен, ағасы, биыл еттің бағасы? «Жас қазақтың» журналистері Арқадағы қара мал етінің неліктен қымбаттағанын зерттеген. Сөйтіп, «қымбатшылықтың себебі өзге азық-түлік бағасының өсуімен тамырлас екенін аңғаруға болады. Екінші бір себеп – мал азығы қымбат», деген түйінге келген. Қазір бағаның ең қымбат жері – облыс орталығы Көкшетау. Дәл қазір сере қазы шығатын ту биелер 420 мыңнан 450 мың теңгеге дейін барады. Екі елі қазы еркін байланған құнан, байтал 350-360 мың теңге төңірегінде. Қазір табындағы жылқы ішінде байланбаған тайды 170-180 мың теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар. Көкшетау төңірегінде мал семіртуге қажетті арпаның 1 тоннасы 40 мың теңгеден асып кетті. Жалғыз арпа емес, малға жұғымды ш п те керек. Кемі 20 мың теңгеге шөп аласыз. Сонда семіртілмеген 180 мың теңгеге алған тайыңыздың үстіне жем-шөпке жұмсаған 60 мың теңгеңізді қоссаңыз, байланған тай 240-250 мың теңге шамасында болып шығады. 

«Айтпақшы, жылқы етінің бағасын шарықтатуға тағы бір себеп бар. Ол қазақтың қанына біткен жалған намысы. Арқа жұрты сағаты таусылып өмірден өткен адамды жөнелту асында мүше-мүшесімен астау толы ас тартатын. Қырқында, жылдық асында да. Соңғы жылдары кісі көп жиналатын астарда екі жылқыдан сойып жүрді. Қаншама рәсуа. Саудагердің күні туатын кез де дәл осы ара».

Осы категория бойынша: « Арал зауыттары шетелге тонналап балық экспорттады Алматыда Оңтүстік Корея азаматтарына тиесілі барда қылмыстың беті ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы