369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Оңтүстік Корея азаматтарына тиесілі барда қылмыстың беті ашылды

  • 613
  • UPD: 12:03, 03.12.2018

Алматыда оңтүстік кореялық азаматтардың бақылауындағы караоке-барда үлкен қылмыстың беті ашылды.

«Мұнда жезөкшелердің ордасы болған» деп жазады «Жас қазақ». Жедел алдын алу шараларының барысында белгілі болғандай, ойын-сауық орнында жеңіл жүрісті жергілікті қыздар шетелдіктерге тәнін саудалаған. Қылмысқа тосқауыл қою барысында арадағы делдалдардың да жолы жабылды. Дәл осындай оқиға Астанада да қайталанды. Вокзала маңындағы жезөкшелер ордасында жеті қыз ұсталды. Барлығы Өзбекстаннан келген қыздар. 

«Жас қазақ» осыған ұқсас қылмыс туралы тағы бір материалды жарыққа шығарған. Бұл жолы Түркістан облыстық полиция департаменті 9 жыл іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасын қолға түсіріпті. 28 жастағы Жұлдыз есімді келіншек өзбек қыздарының тәнін саудалаумен шұғылданған. Сондықтан оған «адам саудасына қатысты қылмыстар жасады» деген айып тағылды. Өзбекстан құқық қорғау органдары берген мәліметтерге қарағанда ұсталған әйел Алматыдағы массаж салонында үш өзбек қызына ақылы түрде көңіл көтеру қызметін ұсынған. Осыған байланысты «адам саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы категория бойынша: « «Егемен Қазақстан» Елбасының сегізінші сынып кезіндегі фотосын жариялады ШҚО-ға көшіп келетін 150 отбасына тұрғын үй берілетін болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы