369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ға көшіп келетін 150 отбасына тұрғын үй берілетін болды

  • 574
  • UPD: 13:05, 04.12.2018

Абортқа кім рұқсат беру керек? «Айқын» газеті ерте жастан жасанды түсік жасату мәселесін көтерді.

Мұндағы мақалада Денсаулық сақтау министрлігі 16 жасқа толған балаға ата-ана келісімінсіз медициналық қызметті тұтынуына рұқсат беруді ұсынып отыр. Бір қарағанда, онда тұрған не бар дейтіндей. Ал тереңдей түссек, 16 жастағы қыз жүкті болса, ата-анасына айтпай, аборт жасата береді екен!» деп жазылған. Мақала соңында автор «Ал сіз бұл ұсынысқа не дейсіз?» деп, оқырмандарға ойландырар сұрақ қойып отыр.

«Зерттей келе, министрліктің көздеген тағы бір жоспары барын ұғындық. Қазіргі күні кәмелетке толмағандар аборт жасатқанда болатын кері салдар үшін жауапкершілік медициналық қызметкерде. Ал егер 16 жастағы қыз өзі келісім берсе, ертеңгі күні бақилық болып кетсе де, медқызметкер жауапкершіліктен құтылады. Өйткені бүгіндері пациенттің операцияға келісім беретін қағазында «операция салдарына өзім жауаптымын» деген сөйлем бар».

Солтүстік Қазақстан облысы оңтүстіктен қоныс аударатын 300 отбасын қабылдауға дайын екенін жеткізді, деп жазады «Түркістан» газеті. Ол үшін 600 баспана, 1 мыңға жуық жұмыс орны мен 35 мың гектар егістік жер әзірленген. Мақала авторының жазуынша, Шығыс Қазақстан облысының Риддер және Шемонайха аудандарына көшіп келетін 150 отбасына тұрғын үй берілетін болды. Сондай-ақ Қостанай облысы былтыр оңтүстіктен қоныс аударатын 30 отбасын қабылдауға ниетті болса, Павлодар өңірі 100 отбасы үшін 473 бос жұмыс орнын ұсынды.

«Биыл елге 12 мыңға жуық қазақ қоныс аударды. Жалпы тәуелсіздік алғалы бері 1 миллионнан астам қандас оралған. Қазір әлемнің 43 мемлекетінде 5 миллионнан астам қазақ тұрады. Көпшілігі Қазақстанмен шекаралас елдерде. Отанына келгендердің көбі Алматы мен Түркістан Маңғыстау, облыстары мен Астанада қоныс тепкен. Көп ұзамай елде тұратын отандастарға қолдау көрсетудің ерекше бағдарламасы қолға алынбақ. Әзірге жоба әзірлену үстінде. Сондай-ақ атажұртқа оралғысы келетіндер үшін арнайы қоңырау шалу орталығы да ашылмақ».

«Қазақпыз ғой». Санамыздан берік орын алып, ұлттық психологиямыздың бір көрінісіне айналған осы бір сөзге қатысты ойландырар ойтүрткі туралы мақаланы жарыққа шығарды. «Бір жерге кешіксек, «қазақпыз ғой» дейміз ақталып. Әйтеуір, бойымыздағы кемшілік атаулының бәрін осы бір ауыз сөзбен жуып-шайғымыз келіп тұрады. Өкініштісі, кемшілікті өзіміздің іс-әрекетімізден, әдетімізден, тәрбиемізден іздемей, «қазақпыз ғой» дей салуды хош көреміз. Сонда қазақ болсақ, баратын жерімізге міндетті түрде кешігіп баруымыз керек пе? Кешігу, уақытымен келмеу, жалпы ұлтымызға тән қасиет болғаны ма? Ерте барсақ, қазақ болмай қаламыз ба? Неліктен осындай түсінікпен өмір сүріп келеміз, осы жөнінде ойландық па?», деп жазады ұлттық басылым.

«Бүгінде «Қазақпыз ғой» дегеннің өзі ұлттық психологиямыздың бір көрінісіне айналған тәрізді. Өйткені басқа ұлттардан осы тектес сөзді ести қоймасымыз анық. «Орыспыз ғой» немесе «кәріспіз ғой» деген адамды көрдік пе? Сондықтан әр адам өз бойындағы кемшілігін ұлтынан емес, алдымен өзінен іздесе дейсің. Иә, әр ұлттың өзіне тән менталитеті болады. Мұны да есепке алмауға болмас. Бірақ сонда да, алдымен өзіміз түзелсек, өзімізді өзіміз шыңдап жетілдірсек, бойымыздағы міндерімізден бірте-бірте арылсақ, ұлтымыздың ілгері қарай қадам басуына қосқан үлесіміз болмас па?»

Санамызға сіңісті болып кеткен бұл түсінікті өзгерту үшін біз ең алдымен өзгенің де, өзіміздің де уақытымызды қадірлеп үйренуіміз керек, делінген «Ана тілінің» материалында. «Қазақпыз ғой» деген сөзді бойымыздағы мінді ақтап алу үшін емес, тек жақсы мағынасында қолдансақ, қанеки. Мысалы, «Қазақпыз ғой, қазақша сөйлесейік» десек, әбден жарасымды болар еді. Қазақ болсақ, салт-дәстүрімізді білейік, ұлтымыздың рухани байлығын игерейік, бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірейік деген ұсыныс жасап отыр мақала авторы.

Осы категория бойынша: « Алматыда Оңтүстік Корея азаматтарына тиесілі барда қылмыстың беті ашылды «Айқын»: Кең-байтақ жеріміздің мақтасын матаға айналдыра алмай отырмыз »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы