389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздік қай деңгейде?

  • 1431
  • UPD: 11:11, 10.12.2018

Ветеринарлық қауіпсіздік қай деңгейде? «Айқын» газетінде жарық көрген мақаланың бірі осылай аталады.

Биыл алғашқы 9 айда аса қауіпті жануарлар ауруларының 137 ошағы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 3 пайызға төмен.

https://aikyn.kz/2018/12/07/75153.html

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды сатып алу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Биыл профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды сатып алуға және республикалық қорды толықтыруға 4,7 млрд теңге қарастырылған. Уәкілетті органмен бекітілген тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Депутаттардың пікірінше, еліміздің ветеринария жүйесіне біраз өзгерістер қажет. Қазіргі таңда Мәжілісте АӨК мәселелері бойынша заң жобасына өзгерістер енгізу жайы қарастырылуда. Жобада 86 түзету мен 10 өзгеріс қарастырылғанын деп жазады автор.

Бұл өзгерістер аграрлық мемлекет болып саналатын еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына, әсіресе, мал шаруашылығының жұмысы ілгері басуына мұрындық болады деген үміт бар.

«Бұл карта басқа карталардан өзгерек». Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Ержан Әбіш өз мақаласын осылай атаған екен. Шығыс Қазақстанда жерлердің электронды картасы жасалуда, ол карта келер жылдан бастап барлық азаматтар үшін қолжетімді болмақ. Автордың айтуынша, кез келген тұрғын осы картадан жер телімдері, инженерлік коммуникациялар, тұрғын үйлер туралы толық ақпарат ала алады. Сондай-ақ аталмыш карта ұдайы толықтырылып және жетілдіріліп отыратын болады. Әзірге облыста бұл жоба қанатқақты режимде, яғни сынама ретінде екі ірі шаһарда – Семей мен Өскеменде іске асырылып жатыр. Жалпы картада 52 мың гектар жер белгіленетін болады».

http://didar-gazeti.kz/8827-bl-karta-basa-kartalardan-zgerek.html

«Қазіргі кезде картаны жасау ісі аяқталып қалды. Электронды карта облыс әкімінің ресми сайтында орналасады, ол кез келген адамға қолжетімді болмақ. Осы ресурсқа кірген тұрғын өзін қызықтырған барлық ақпаратты ала алады. Мәселен, қай жерде бос жатқан жер телімдері бар екенін, қай телімдерге электр жүйесі, ыстық және суық су, кәріз құбыры сынды инженерлік желілер тартылғаны, тұрғын үйлердің учаскелері туралы толық ақпаратты оп-оңай біле алады. Басқарма мамандарының айтуынша, қаладағы барлық құрылыстық өзгерістер осы картаға енгізіліп, ол ұдайы жаңартылып отырады. Сондай-ақ картаның басқару тетіктері де жетілдіріліп тұрмақшы. Әзірлеушілердің айтуынша, кейін карта инженерлік коммуникацияларға қосылуға өтінімді электронды түрде беру қызметін де атқаруы тиіс».

Ал «Ана тілі» газеті Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры Абдулла Сапаровпен сұхбат жариялаған екен. Академик елімізде топырақтың ақпараттық жүйесін жасау қажет дейді. Оның себебін былай түсіндіреді.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=50715

«Қазіргі таңда әлемде болып жатқан қарқынды деградация мен шөл-шөлейтке айналу процестердің негізінде топырақтың құнарлылығы азайып, тұзданған жер қыртысы мен ластанған және бүлінген жерлердің көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Ол біздің Қазақстанға да тән. Топырақтың құнарлылығы 40%-ға, қатты тұзданған жерлердің көлемі 35-37%-ға көбейсе, әртүрлі деградацияға ұшыраған алқаптардың жалпы көлемі 76%-ды құрайды».

Абдулла Сапарұлының айтуынша, елімізде 214,8 миллион гектар ауыл шаруашылық алқаптары бар. Оның 24,8 гектары егістік жерлер. Ондағы 1,6 миллион гектар жер суармалы егістік алқап екен. Өкінішке қарай, осы ауыл шаруашылығы жерлерінің 70-проценті құнарлығы аз жер болып есептеледі дейді ғалым. Әріптесіміз Нұрболат Абайұлы « Жер-Ананың құнарлылығын арттыру үшін ендігі жерде қандай шаралар атқарылуы керек деген сауалына былай жауап береді.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=50715

«Мәселен, дамыған Еуропа елдерінде топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру туралы арнайы заң бар. Ол бойынша кез келген жер иеленуші құзырлы органдардың мамандарын шақыртып, өзіне тиесілі жер аумағының бірнеше бөлігінен топырақ сынамасын алдырып, оның құнарлылығын тексертеді. Яғни шаруа қожалықтары негізгі талап бойынша жердің құнарлылығын сақтау қажет. Ол үшін тиісті шараларды орындау қажет. Содан кейін арнайы мамандардың сараптамасы шыққан соң қолына сертификатын алады да, өзіне керекті дақыл, көкөніс тұқымын сеуіп, пайдалана береді. Егер шаруа бұл жұмыстың біреуін атқармай, жерді тиімді пайдаланбаса, Үкімет ол жерді қайтарып алып, оны жерді дұрыс пайдаланамын деген келесі адамға береді. Міне, бізде де осы жүйені енгізуіміз керек. Ол үшін арнайы заң қабылдануы қажет».

Сондай-ақ маман топырақтың құнарлылығын арттыру саласында тыңайтқыштарды тиімді пайдаланудың агрохимиялық ақпараттық жүйесін жасау да маңызды дейді.

Хабар 24 телеарнасы