379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Музейге бару мәдениетін қалай қалыптастырамыз?

  • 835
  • UPD: 12:10, 20.12.2018

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Қосестек деген ауылда қора-қопсы мен үйілген шөпті қасақана өртеп жүрген күдіктелір ұсталған еді.

«Aqtobe». Қосестектегі жағдай бақылауда        

Облыстық Полиция департаменті бастығының айтуынша, 4 бірдей күдіктіден жауап алынып жатыр. Бұл оқиға туралы жергілікті «Ақтөбе» газеті жазыпты. Ең бастысы, ауылдықтарға нақты көмек көрсетілетін болды. Облыс басшысы уәде берген екен. Ендеше үзінді.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=71777

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

- Осы оқиғаға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына полиция, прокуратура, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірді. Аудандық әкімдік пен демеушілердің көмегімен барлық жапа шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі. Осы іске қатысы барлар, еліміздің заңына сәйкес, өз жазасын алады. Сондай-ақ жекелей полиция қызметкерлерін жауапқа тарту жайы қаралатын болады.

«Aiqyn». Музейге бару мәдениетін қалай қалыптастырамыз?        

Тұрғындарға қастандық жасағандар өз жазасын алады деп сенеміз. Тарих ғылымы, сәулет өнері, өнертану, этнография саласы музей әлемімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл салалардың барлығы бір арнаға тоғысатын кез жетті. «Еуразия әлем» сайыс клубында бас қосқан сарапшылар солай деген екен. Бұл туралы республикалық «Айқын» газеті жазыпты.

https://aikyn.kz/2018/12/19/75918.html

Дмитрий Березняков, тарихшы (Ресей):

- Кеңес үкіметін көрмеген, тәуелсіз елде ержеткен буын үшін музейлерді жаңа жәдігерлермен толықтыру қажет. Бүгінгі буынның талабы мен талғамы жоғары. Посткеңестік буын өз елінің арғы-бергі тарихын жете білуі үшін музей композициясы шынайы, тартымды негізде құрылуы керек.

Жалпы, музейге барудың өзі үлкен мәдениет. «Алайда адам ол арадан іздегенін таба алмаса, қайтып ол жерге баруы екіталай», – дейді Қазақстандағы ЮНЕСКО орталығының директоры Ләйла Ахметова. Оның сөзін саясаттанушы Әділ Қаукенов те қолдап отыр. Оның айтуынша, музейлерде 5-10 жыл бұрынғы жәдігерлер орнынан қозғалмай әлі тұр.

https://aikyn.kz/2018/12/19/75918.html

Ләйла Ахметова, Қазақстандағы ЮНЕСКО орталығының директоры:

- 1990 жылдардың аяғы, 2000 жылдардың басында Қазақстанда республикалық маңызы бар музейлер – 13, мекемелік музейлер – 5, облыстық музейлер – 2, қалалық музейлер 31 болды. Тарих жаңғырып, өткенге деген көзқарас өзгерген сайын музейлерге деген сұраныс өсуде. Алайда музейлер сол сұранысқа сай бола ала ма, жоқ па? Мәселе сонда.

Қазақ ғалымдары қашан да жазуға мән берген, себебі, жазу деген – үлкен фактор. Таңба хатқа қалай түссе, оны біз солай көзбен көреміз және дәл сол күйінде біздің тілдік санамызда орнығады. Сондықтан ұлттық негіздегі жазуды қалыптастыру және қолдау маңызды.

«Ana tili». Мемлекеттік қызметші және тілдік құзыреттілік

Республикалық «Ана тілі» газетінде «мемлекеттік қызметші және тілдік құзыреттілік» деген  тақырыппен жарық көрген мақалдан үзіндіні қарайық.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=50897

Құралай Айтмұхамбетова, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы:

- Латын әліпбиі бізге, ең біріншіден, кирилл әліпбиіне негізделген бірқатар қателікті жою үшін, төл тілімізге тән табиғи заңдылықтарды барынша сақтау үшін, сол арқылы қазақ халқын өзге халықтардан ерекшелендіретін негізгі белгісі оның тілі десек, сол тіліміздің өзіндік ерекшелігін, өрнегін, бет-бедерін сақтап қалудың бірден-бір жолы жаңа жазу арқылы тіліміздегі сырттан әкеліп таңылған жасанды ережелер мен жасанды тілдік құбылыстардан арылу үшін қажет.

Авторы: Ақсәуле Байменшина

Хабар 24 телеарнасы