379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында бос жатқан жерлерді тиімді пайдалануға арналған жоба әзірленді

  • 1061
  • UPD: 13:46, 21.12.2018

Ақтөбе облысы аумағында өзен де, көл де жеткілікті. Алайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жатқан жерлерді тиімді, әрі ұтымды пайдалану жұмыстары әлі де болса тиісті деңгейде жүзеге асырылып жатқан жоқ. «Агрогектар» әлеуметтік жобасы осы мақсатта әзірленген.

Бұл жоба туралы жергілікт «Ақтөбе» газеті жазған екен.

Бүгінде облыс аумағында Мемлекет басшысының өңіраралық кооперацияны дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сол сияқты азық-түлік белдеуін қалыптастыру турасындағы тапсырмаларын орындау бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынды. Соның бірі «Агрогектар» әлеуметтік жобасы. Бұл облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында әзірленген жоба.

Хабар 24 телеарнасы