379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер консорциумды неге қолдамады

  • 1306
  • UPD: 10:41, 26.12.2018
Мәжілісмендер консорциумды неге қолдамады

«Айқын» газеті «Консорциумды неге қолдамады?» деп, жеңіл өнеркәсіпті нәсіп еткен кәсіпкерлердің жырын жырлады.

https://pdf.aikyn.kz/egazet/2018/12/aikyn-20181225-compressed.pdf

Елімізде 50-ден аса кәсіпорынды біріктірген «Жасампаз» деп аталатын заңды бірлестік бар. Оған мүше мекемелердің 40-тан астамы жабылуы мүмкін екенін өткен аптада біз де әңгімелеген болатынбыз. Өйткені консорциум қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыс байқауына қатыса алмауы мүмкін. Мұндай мүмкіндік беретін норманы Мәжіліс депутаттары Сенаттың қарауына түскен заңнан алып тастаған екен. «Енді 6 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы әбден ықтимал» деп жеңіл өнеркәсіп мамандары байбалам салып жатыр. Өңдеу өнеркәсібі одағының төрағасы Әділбек Бектібаев «Айқынға» берген сұхбатында былай дейді: «Заң жобасы мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен қаралғанда, қорғаныс саласының мемлекеттік тапсырысын орындаушылар тізіміне консорциумды қосу туралы ескерту жасалды. Бірақ бұл пікір ескерілместен, заң жобасы консорциумдар алып тасталған күйде Мәжіліске берілді. Парламенттегі талқылау кезінде біз аталған норманы қайтаруды сұрадық. Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев пен Петр Шарапаев ұсынысты қабылдап, заң жобасына консорциумдар туралы өзгерісті енгізді. Қызу талас болды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қарсылық білдірді. Біз өңдеу өнеркәсібі одағы атынан Премьер-Министрге шағым жаздық. Министрліктің қатысуымен өткен жиында «консорциумдар мемлекеттік тапсырысқа қатысады» деген шешім қабылданды. Қаулы қабылданып, бізге ресми нұсқасы тапсырылды. Заңдағы өзгеріс бекітілді. 12 желтоқсан күні біз кезекті талқылауға келгенімізде, осыған дейін енгізілген өзгертулер алынып тасталғанын білдік. Неге ондай шешім қабылданғанын бізге ешкім түсіндірмеді. Кешкісін теледидардан Казанцевтің сұхбатын берді. Ол «өзім алып тастадым» депті». Депутат Казанцевтың да айтар уәжі бар:

«Заңға өзгертулер енгізуді арнаулы жұмыс тобы ұзақ талқылады. Әр талқылау сайын консорциумның қорғаныс саласының мемлекеттік тапсырысына қатысу мәселесі бір өзгерту енгізумен шешілмейтінін түсіндік. Кодекстерді, тағы бірқатар заңнаманы ескеріп, қосымша заңнамалық база қалыптастыру керек. Сондықтан дәл қазір декларативті норма қабылдау салмақты шешім емес. Ал мұндай норманы қабылдау декларативті сипатқа ие.

Авторы: Жасын Біркенов

Хабар 24 телеарнасы