379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орыс тілді мектептер «Қазақстан тарихын» қазақша қалай оқиды?

  • 1381
  • UPD: 11:01, 27.12.2018

«Егемен Қазақстан» газеті үш тілде білім беруге көшкен балабақшалар мен бастауыш сыныптарда тіл тазалығы қалай сақталып жүргенін зерттеген.

Республикалық басылым былай жазады. Бүгінде балалар үш тілде оқып-жазуды 1-сыныптан бастап үйренеді. Журналист оқырманға «əлі ана тілінің əліпбиін толық меңгермеген балаға өзге тілді үйрету қаншалықты қисынды?» деп сұрап отыр. Осылайша ол журналистік зерттеу жасап, аралас мектептердің біріне барып, орыс тілді мектептің оқушылары қазақшаға шорқақ екенін байқаған.

«Сонда саған қарапайым сұрақты түсінуге бес жылдық білім жетпеді ме?» деп сұрадым. Иығын қиқаң еткізді. Бір пəнді 5-6 жыл оқыса да бұл балалар қазақшаға неге шорқақ? Ең алдымен балалар үшін алаңдаймыз. Оқушылар бастауышты бітіргенде қазақша жол көрсете алатын жағдайға жетпесе, ертең «Қазақстан тарихы» пəнін қалай түсінеді? Жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық мектеп оқыту тіліне қарамастан «Қазақстан тарихы» пəнін қазақ тілінде өтетін болды емес пе?!»

«Айқын» газеті елімізде мал ұрлығы тыйылмай тұрғаны туралы жазады. Отандық басылым сандарды сөйлетіп, жалпы қылмыс көрсеткішіндегі мал ұрлығының үлесі 60 пайыздан асқанын, бұл расымен де, дабыл қағарлық жағдай екенін айтады. Мұндай қылмыстан келтірілген шығын көлемі 3,5 млрд теңгеге жеткен екен. Бұл қылмыс түрі бойынша елімізде былтыр – 6390, ал осы жылы 5000 іс қозғалған. Ал жыл басынан бері мал ұрлығы бойынша 203 адам сотталып, 70 адам бас бостандығынан айырылды», делінген Айқынның мақаласында.

«Шалғай жатқан елді мекендердегі ұрлық-қарлық, өзгенің мүлкін иелену, оны талантаражға салу, алаяқтық, тонау, пайдакүнемдік сипатындағы қылмыстардың орын алуының басты себебі – жұмыссыздық пен тұрақты кіріс көзінің болмауы. Әсіресе, қазіргідей қаржы дағдарысы жағдайында тұрақты жұмысы жоқ ауыл тұрғындары үшін мал ұрлығы олардың әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар тарапынан жайылым орындарын бақылауда ұстауда тиісті жұмыстардың атқарылмауы, сондай-ақ азаматтардың төрт түлігін жайылымда бақылаусыз қалдыруы мал ұрлығының көбеюіне себеп»

Сексен күміс көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан Көкшетау мен сулы, нулы Қорғалжын жұрты сүйсініп ішер таза су таппай, сілесі құрып отыр десе кім сенеді? Осылай деп алашқы бетіндегі мақаласын бастаған «Жас қазақ» Арқадағы, дәлірек айтсақ, Ақмола облысындағы ауылдардың суға зәру болып жүргені туралы жазады. Мәселен, облыс орталығының дәл іргесінде – 15 шақырым жердегі Березняковка ауылы тұрғындарының таңдайы кепкелі аттай отыз жыл! Түңілген тұрғындар ауыз суды тасымалдап ішіп отыр. Ал Жарқайың ауданында ауыз судың сапасы нашар. Ең төменгі көрсеткіш осында. Жақсы ауданы тұрғындарының 28 проценті сапасыз су ішіп отырса, Шортанды, Астрахан аудандарының тең жарымы лай су ішеді. Егіндікөл, Целиноград аудандарындағы жағдай да мәз емес, делінген басылымда.

«Ауыз су құрамында минералды тұздың көп болуынан тұрғындардың денсаулығы жиі сыр береді. Облыс бойынша жылына 3 мың оқиға тіркеледі. Аймақтағы 30 ауыл ауыз суды сапасын ешкім тексеріп көрмеген құдықтар мен ұңғымалардан алып ішуде. Оның 8-і Астрахан, 9-ы Атбасар ауданында. Бұл мәселе жыл сайын облыс әкімдігінің отырысында қаралады. Дегенмен одан жақсарып кеткен жағдайды көре алмадық».

Хабар 24 телеарнасы