379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада алып жылыжай пайдалануға беріледі

  • 902
  • UPD: 12:48, 09.01.2019

Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерімен өзін өзі қамтуға қабілетті. Осы ретте Қызылорда қаласында салынып жатқан алып жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын.

Толық автоматтандырылған екі гектарда жылына 900 тонна қызанақ өсіріледі. Жоба құны – 1 млрд 100 миллион теңге. Оның 650 миллион теңгесін Үкімет қолдауымен алды.

https://egemen.kz/article/179989-qyzylordada-alyp-zhylyzhay-paydalanugha-beriledi

Ғани Алматов, серіктестік директоры:

– Жылыжайдың экологиялық жағдайы халықаралық стандарттарға сай жаңа технология арқылы дүниежүзілік тәжірибе негізінде жұмыс істейді. Жылу, жарық, суару, салқындату сияқты жүйелер автоматты түрде басқарылады. Жұмысшыларға қалғаны – дайын өнімді жинап, қораптарға салу. Жаңа технологияны бір көргеннен басқарып кету мүмкін емес. Сондықтан Испаниядан келген агроном бір жыл осы кешенде жұмыс істеп, жергілікті мамандарды үйретпек. Қызылордадағы бау-бақша өнімдері көрші Түркістан облысына қарағанда қымбаттау болып келген. Енді осындай жылыжайлар облыстың басқа аудандарында да салынатындықтан, сырттан тасымалданатын көкөніс азайып, бағасы арзандайды деп күтілуде. Жаңа жұмыс орындары көбейеді.

2018 жылы медициналық сақтандыру қорына 133 млрд теңге түсті

Өткен жылы Медициналық сақтандыру қорына 133 млрд теңге түсті. Бұл туралы «Айқын» газетінде жазылыпты. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.  

https://aikyn.kz/2019/01/08/77043.html

«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады. Оның 124,3 млрд теңгесі \шамамен 93,5%\ жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі». 

СҚО ауылдарының 62% таза ауыз суға қол жеткізеді

«Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының 62% таза ауызсуға қол жеткізеді. Бұл мақсат үшін республикалық қазынадан 5,3 миллиард теңге жұмсалды. Атқарылған шараларға қарамастан 286 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне зәру. Осы тапшылықты жою үшін биыл 9,4 миллиард теңге бөлініп отыр», – деп жазады ел газеті «Егемен Қазақстанда».

https://egemen.kz/article/180010-soltustik-qazaqstanda-auyldardynh-62percent-y-ortalyqtandyrylghan-su-zhuyesine-qosylady

Маратбек Шәменов, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі:

– Былтыр 10 ауданға сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз ету нысандары тартылса, айыртаулықтар үшін де нәтижелі болды. Атап айтқанда, аудан орталығы Саумалкөлдің тең жартысына орталықтандырылған су жүйесі тартылды. Жыл соңына дейін ауылдағы үйлердің барлығына таза ауызсу кіргізілмек. Егіндіағаш, Қаратал ауылдарының тұрғындары да сапалы ауыз суға қол жеткізетін болады.

Мұғалімдерге еңбекақы төлеу жүйесіне өзгеріс енді

https://syrboyi.kz/zedelnews/27385-malmderge-ebekay-tleu-zhyesne-zgers-end.html

ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 24 желтоқсандағы қаулысымен азаматтық қызметшілерге және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазынашылық кәсіпорындар жұмысшыларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілді.

Үстемеақы белгілеудің тәртібі мен шартын білім беру саласындағы өкілетті орган анықтайды. Үстемеақы мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай лауазым бойынша қызметақыға қосылады. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын және педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор сияқты педагогикалық шеберлік біліктілігіне ие мұғалімдердің де еңбекақысы көбейеді. Мұндай мамандарға біліктілігіне және нақты еңбек жүктемесіне қарай 30-дан 50%-ға дейінгі көлемде үстемеақы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы