389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл жылжымайтын мүлік саласында қандай өзгерістер болады?

  • 1885
  • UPD: 12:23, 10.01.2019

Биылдан бастап капиталды жөндеуге ақша жинау қоры құрылып, қаржы пирамидасын құрудың алдын алу мақсатында пәтер иелері кооперативтері жойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғын үй қатынастарына қатысудың ашықтығын қамтамасыз ететін тұрғын үй қоры мен коммуналдық шаруашылықтың бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады. Заңнамалық өзгеріс нәтижесінде сондай-ақ коммуналдық қызмет төлемдері арзандайды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобы депутаттарының көпшілік дауысымен «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасы бойынша меншік иелері бірлестігі құрылды. Олар жергілікті әкімдіктердің құзіретіне кіреді. Тарифтердің арзандауы қызмет сапасына кері әсерін тигізбеуі керек және ТКШ нысандарына жаңғырту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жалпы монополистер электр мен жылу энергетикасына, сумен қамтудың тарифтерін жалпы көлемі 20,3 млрд теңгеге арзандатады.

Хабар 24 телеарнасы