378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баспасөзге шолу. Білімнің беделі кімнің беделі?

  • 992
  • UPD: 11:19, 23.01.2019

Осындай тақырыпта «Егемен Қазақстанда» мақала шыққан екен. Автор былай дейді: «Елімізде басты білім беретін орын – мектеп. Тек ондағы кей­бір жүйесіз көріністер жұртты алаң күйге енгізуде. Оны қатаң сарап­қа сала алсақ, ұлтқа да, ұр­паққа да, әсіресе бүкіл сана­лы ғұмырын білім саласына ар­на­ған ұстаздарға тиімді болар еді».

Мақаладан үзінді: «Мектепке мемлекет ақша бөледі. Орталықтарды ата-аналар қаржыландырады. Бұл да ойлануды қажет етеді. «Мектептің міндеті – баланы ата-ананың үміті мен мемлекеттің көздеген мақсатындағы үдеден табылатын адам қылып шығару. Бес күндік оқытудың мәселесі аз емес. Бар сағатты бес күнге сығымдап оқытқан мұғалім, алтыншы күні қайда болады дейсіз ғой. Әртүрлі тапсырмалармен мектепте жүруі тиіс. Ел жағдайын, бала дайындығын ескеріп, Елбасы жете мән беріп отырған үш ауысымдық оқуды жойғанша, екі ауысымды сиретіп, толық бір ауысымға көшкенше, артық бағдарламалар мен бастамаларды  ысыра тұру артық болмас еді».

Қазіргі айлықты өсіру нау­қаны дүрбелең туғызып тұр. Тесті­леуден мыңдаған мұғалім өте алмай қалуда. Ал олар өз ма­ман­дығына сай емес деп кім айта алады? Бүкіл өмірін осы жол­ға арнаған тәлімгерді бір сәт­тік тестілеуден өтпеді деп айып­таудың өзі қиянат секілді. Осылай деген автор мақала соңында бірнеше ұсынысын да қоса жазыпты: «Жас мұғалімдер үшін жатақ­хана салу қолға алынса, олардың пәтер­ден пәтерге көшіп жүруіне тыйым болып, тұрақталуына жол ашылар еді. Қаржысы да үнем­­деліп, тұрмысы түзелер еді. Мұ­­ға­­лім деген биік мәртебенің биі­гінде тұрар еді».

Хабар 24 телеарнасы