377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық жастар шетелге кетуге неге құмар?

  • 1106
  • UPD: 10:55, 01.02.2019

Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын 14 пен 28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен.

Бұған не түрткі?

Тұрақты жұмыстың болмауы, жалақының мардымсыздығы, баспананың жоқтығы. Осындай  мәселелер қазақстандық жастардың «жайлы өмір» іздеп шетел асуына түрткі болып отыр. Бұл туралы ел газеті «Егемен Қазақстан» жазады. Қазақ жастарының 32%, яғни әрбір үшінші қазақ баласы шетелге кетуге бейім екен. Олар негізінен дамыған Канада, АҚШ, Германия, Түркия секілді мемлекеттерге қоныс аударуға құштар.

«Egemen Qazaqstan» газеті

2018 жылы еліміздің әр өңірінен 7838 жас әр мемлекетке «жұмақ іздеп» кеткен көрінеді. Олардың көбі, әсіресе негізінен өзге ұлт өкілдері тығыз қоныстанған облыстардан болып отыр. Мәселен, Қарағанды облысынан – 1061, Қостанай облысынан – 1167, Павлодар өңірінен – 838, Солтүстік Қазақстаннан – 828 адам сыртқа кетсе, шығысқазақстандық жастар көш бастап тұр. Бұл өңірден 1288 жас шетел асыпты.

Хабар 24 телеарнасы