389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 200 дәрігер жетіспейді

  • 1250
  • UPD: 12:13, 13.02.2019
БҚО-да 200 дәрігер жетіспейді

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласына қазіргі таңда 200 дәрігер жетіспейді. Жергілікті билік Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларындағы медициналық оқу орындарымен бірігіп, маман тапшылығын жоюдың көп жылдық жоспарын жасаған.

Кейбір сирек мамандарды дайындау үшін облыс бюджетінен 16 млн теңге бөлініп, бүгінде 28 батысқазақстандық еліміздің түрлі медициналық жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Жалпы Батыс Қазақстан еліміз бойынша медицина саласында қағазсыз құжат айналымына көшкен алғашқы өңірлердің бірі деп жазады «Егемен Қазақстан» тілшісі.

«Бүгінде осы саладағы 121 түрлі құжат толығымен электронды форматқа көшірілген. Өңірдегі әр адамның электронды денсаулық төлқұжаты бар. 22 мың тұрғын «k-vrachu.kz» мобильді қосымшасын қолданады. Медицина мекемелерінде «Kazmedinform» ақпараттық жүйесі, электронды кезек және жедел жәрдемге арналған «АДИС» автоматты жүйесі енгізілген. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2016-2018 жылдар аралығында ана өлімі 67%-ға, сәби шетінеуі 20%-ға, қатерлі ісікке шалдығу 6%-ға азайған».

Хабар 24 телеарнасы